Құрметті аудан тұрғындары, алаяқтық фактісі көптеп орын алуына байланысты Сіздерге сақ болуларыңызды ескертеміз. Олар өз құрбандарының сеніміне кіріп, құжаттарды рәсімдеу, оңай жолмен несие алып беру, жердің немесе үйдің құжаттарын жөндеп тағы да басқа қызметтерді бітіріп беретіндігін айтады. Бірақ ақша немесе бағалы заттарыңызды алған алаяқтар сол мезетте-ақ ізін суытады.
Осыған байланысты Сіздерден алаяқтарға алданбай, сақ болуларыңызды сұраймыз. Егер алаяқтық фактісіне ұрынсаңыз дереу Еңбекшіқазақ ауданының Ішкі істер басқармасына шағымданыңыз.
Д.Сыдықбеков,
Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ
тергеу бөлімінің басшысы,
полиция майоры.
Психологтар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі сіздің жеткізу мәнеріңізге қарай оның мағынасын өзінше түсінеді екен...
Ата-бабамыз ежелден бала тәрбиесіне терең мән
берген. Ұлдарын елдің иесі ретінде батылдыққа, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелесе, қыздарын инабаттылыққа, сыпайылыққа, ақылдылыққа, байыптылыққа баулыған.
Қыз – ертеңгі ана, өз Отанын, елін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелейтін тұлға екенін үнемі ескеріп отырған.
«Қыз намысы – ел намысы» дегенді жадында ұстап,
салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, үлкен-кішімен сөйлесу
амалдарын, қонақ күту әдістерін жете меңгерткен.
Жақында Қайназар ауылдық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Аудан
аруы – 2016» сұлулар байқауы өтті.
130-дан астам ұлт өкілдерінің басын бір тудың астына жиған Қазақ елі мызғымас бірлігімен, берекелі тірлігімен қарыштап алға қадам басуда. Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге көңіл бөліп, қазақ тілінің мәртебесі күн санап артуда. Солай болуы заңдылық та...
Аудан әкімінің ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы, аудандық ауыл-шаруашылығы бөлімінің басшысы Әзіл Жұмағалиев және Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінен Ғалижан Мадиев бастаған бір топ ғылыми қызметкерлер шаруалардың өзекті мәселелері, өнімді сертификаттау, био-химиялық сараптама жүргізу, малды ауыртпау, ауырған жағдайда емдеудің жолдары, өнімнің сапасын анықтау және өзге де өзекті тақырыптарда талқылау жүргізді. Ғалижан Мадиев жиынға келген шаруа қожалықтарының иелеріне университет қабырғасында түрлі бағыттарда жұмыс атқаратын мамандар барын жеткізді.
Көктөбе округіне қарасты Балабек Кәрібаев атындағы көше тұрғындары жыл басын сәрсенбінің сәтті күні қарсы алды. Ынтымақты ырыс деп түсінген тұрғындардың еңбектеген баласынан, еңкейген қариясына дейін ақшаңқай қазақ үйлерден орын алып, наурыз көжеден дәм татты.
«...Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді».
Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали айтқандай, сұлулықтың символы арулар мерекесі көгорай көктемнің есігін ашты. қаһарлы қыстың түндігін түріп, мейірімнің шуағын шашты. Осынау күнде аудан әкімі Бинәлі Ысқақ барша нәзік жанды аруларымызды мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілек, ізгі ниетін жеткізді.
...Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу – деп, бар сұлулықты бір өлеңнің көлеміне сыйдырған Махмут Майшекин әдемілікке өз бағасын осылайша берген. Көркем табиғат пен қыздың бейнесін салыстыра суреттеген ақын «Бәрінен де сен сұлу» деп қорытындылаған. Рас, сұлулығына көз тоймас табиғатымызды суреттеуге сөз жетпесі анық, ал қазақ қыздарының болмысын сөзбен ашу одан да қиынға соғары сөзсіз. Халықаралық қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында осындай қызғалдақтардың ақылы мен көркі сарапқа салынған «Бәрінен де сен сұлу» байқауының финалдық кезеңі өтті. Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараға Болат Әбішұлы Назарбаев, байқаудың авторы Гүлнұр Назарбаева, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев жұбайы Дарико Хасанғалиевамен, облыс әкімі Амандық Баталов, орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ пен облысымыздың өзге де аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, құрметті қонақтардың қатарын толтырды.
Жақында А.Мәлкеев атындағы Есік қазақтүрік лицей-интернатында 8 «А» сыныбының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мұнда оқушыларға барлық нәрсенің қадірін білуге, ысырапшылықтан аулақ болуға, сонымен қатар айналасындағы жағдайы төмен балаларға қамқор болу насихатталды.
Жақында Түрген ауылдық округінің әкімдігінде округ әкімі Бота Елеусізова және жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мақсат Кәрібаев тұрғындармен кездесті.
Районный чемпионат по боксу был отборочным перед чемпионатом области в г. Узунагаше, проходившем с 22 по 27 февраля и посвященном памяти мастера спорта, судьи высшей национальной категории Серика Жакыпова.
Жақында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында шығыс жекпе-жегі мейбукан годзюру каратэ-додан Республикалық чемпионатқа аймақтық іріктеу жарысы өтті. Оған ауданымыздың спортшы бүлдіршіндері де қатысып, «ката» дәрежесінде үздіктер қатарынан көрінді.
Ислам діні адамзатқа келмес бұрын, адамдар әйел затын бүгінгідей сыйламақ түгілі, ар-намысын таптап, кемсіткен екен. Ал, Ислам діні келісімен әйелдің қоғамдағы орны белгіленіп, ар-намысы қорғалып, еңсесі көтерілген. Яғни, Алла Тағала әйел затын қорламауды айтып, қорғайтындығын ескерткен. Алладан кім қорықпайды? Бәрі де Раббымыздың алдында бас иеді, әрбір жүрек Жаратушының барын сезіп, сескенетіндігі ақиқат. Өйткені, әрбір іс-әрекет үшін ақыретте сұралатындығымыз белгілі.