Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 15:05

Өнер тарланы – лицейде

А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің тәрбие жос-парына сәйкес, қоғам қайраткерлерімен, өнер, спорт тарландарымен кездесу ұйымдастырып, балалардың бойында жан-жақты жақсы қасиеттерді дамыту жолға қойылған. Құптарлық іс. Жақында ғана соның тікелей куәсі болдық. Қазақстан Республикасының халық әртісі, бүкіл қазақ еліне танымал актер, фильмографиясында 33-тен астам рөлі бар Жаманқұлов (Әль-Тарази) Тұңғышбай Қадырұлымен келелі кездесу өтті.

 

Қарапайымдылығымен, қазақтың қанына сіңген ашықтығымен бірден балалардың көңілін жаулап алған тау тұлғалы Тұңғышбай аға: «Біздің тілде мұндай кездесулерді «мастер класс» дейді. Менен өздеріңді қызықтырып жүрген сұрақтарды сұраңдар, талқылайық, әңгімелесейік. Қысылмаңдар, менің де сендер сияқты балаларым бар, шәкірттерім жетерлік. Өмір сүріп жатқан жерім – қазақ елі, қызметім – қазақтың өнері», – деп ағынан жарылды.Жастардың болашағына алаңдаушы-лығын жасырмай: «Қазір таза өнер мен базар өнер араласып кетті. Жарқылдаған түстер мен тарсылдаған әуен сананы алдауда. Сендердің де кейде ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратуға шамаларың келмей қалады. Бір мысал айтайын, тойдың басынан аяғына дейін бір толастамай шырқалатын «Мария Магдалена чип-чип-чип» деген ән бар. Ал, ол не сөз, нендей мағына? Біздің қазаққа тіптен жат ұғым, біле білсеңдер. Кезінде Магдалена деген опасыздық жасаған әйел болған, сондықтан да оны «грешная Магдалена» деп те атаған. Ал енді біз келеміз де оны әнге қосып, құлақтарымызға сіңіріп жатырмыз. Осыдан қандай тәрбие, қандай өнеге алуға болады?! Одан қала берді, чип-чип-чип деп тауықтарды шақырып жатыр ма?» – деп өнердің биігін аласартып жүрген жандарға деген ренішін жасырмады Тұңғышбай Қадырұлы.

Оқушылардың қойған сұрақ-тарына тұщымды жауап берген Тұңғышбай ағамыз Әділбай Талқамбаев ағамыздың қазақтың қара домбырасымен ән салып берсеңіз деген өтінішін де жерге тастамады. Ойлы сөздері бар термені тебірене шырқап, қошеметке бөленді.

Тағылымы мол, өнегелі кездесудің соңы қадірлі қонаққа шапан жабуға ұласты. Лицей оқушылары естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды есімі елге танымал ер ағаларының.

Алмагүл НҰҒМАН. 

Оқылды 4037 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өнер тарланы – лицейде Облыстық чемпионат өтті »

Соңғы жаңалықтар

Мам 30, 2024

Пусть помнят о вас потомки…

С 1997 года в Казахстане 31 мая отмечается как День памяти жертв полит-репрессий. Для…
Мам 30, 2024

Жаһан жүйрігінің жүлдесі

Жуырда Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында аты әлемге әйгілі атлет,…
Мам 30, 2024

АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ Түлектер сыйы

Мектеп – қашан да жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным…

Күнтiзбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет