Бейсенбі, 25 Сәуір 2024 18:09

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясның отырысы басталды.  Мемлекет басшысы күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай алатынымызды жеткізді.

   Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Алапат су тасқынының кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, тпабыссыз қалды. Сондықтан мемлекетіміз  азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Қоғам белсенділері және волонтерлар  зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп ел бірлігін шыңдады.  Болашақта да халқымыздың игілігі үшін бірге жұмыс істейтінімізге сенемін.

                                                                                  Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

 

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана  Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил, что в Казахстане  за короткий период пройден большой путь системных политических реформ.

Повестка нынешней сессии Ассамблеи обозначена как «Единство. Созидание. Прогресс», что точно  отражает стратегический курс нашей страны. В результате все ветви власти заработали в новой системе координат, в центре которой – защита и продвижение законных интересов, прав и свобод человека. Начат переход к новой экономической модели, которая базируется на принципах справедливости, инклюзивности, прагматичности и закладывает прочную основу повышения благополучия всего народа.

Глава государства считает необходимым в сфере межнациональных и межконфессиональных отношений синхронизировать деятельность АНК с новой гуманитарно-идеологической доктриной, направленной на укрепление институционального потенциала Ассамблеи в качестве  института социальной интеграции и  патриотизма. Он подчеркнул, что следует усиливать роль Ассамблеи в принятии государственных решений по проведению социально-экономических реформ, устранению возможных очагов этносоциальной напряженности. «Мы все – граждане одной страны, люди одной судьбы, спаянные самой историей в несокрушимый монолит единства и всеобщей ответственности за будущее нашей Родины», – сказал Глава государства.

Он подчеркнул, что живым примером таких  единства и ответственности  являются  масштабные работы, проводимые по преодолению последствий паводков в ряде регионов страны. С первых дней стихийного бедствия Ассамблея народа Казахстана проводит активную работу, направленную на оказание помощи пострадавшим в зоне бедствия, и  это является живым  примером сплоченности народа Казахстана. Выполнение основной задачи, поставленной на ХХХІІІ сессии Ассамблеей народа Казахстана  –  дальнейшее формирование  идеологии единства и казахстанского патриотизма. В этом  залог  успешной реализации национальной политики мира и взаимопонимания.  

 

 

 

Бейсенбі, 25 Сәуір 2024 17:59

Мызғымас бірлік – алынбас қамал


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті. Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты , биылғы сессия онлайн-форматта өтті.


Президент өз сөзінде біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы екендігін , ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналғандығын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы жылдары Ассамблеяның қызметі айтарлықтай өзгеріп, қоғамдағы аса маңызды институтқа және этномәдени бірлестіктердің бас штабына айналған. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы негізгі тұтқалардың бірі – этносаралық татулық, өзара келісім, ынтымақ пен бірлік ішкі саясаттағы басты бағыт . Ауданымыздағы 5 этно мәдени бірлестік этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып келдеі. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті екені бүгінгі Ассамблея отырсында тағы бір мәрте қайталанды.
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді», – Мемлекет басшысы. Мызғымас бірліктің алынбас қамал екені анық. 

Бағдат Рахимов,
«AMANAT» партиясы аудандық филиялының төрағасы

 

Дүйсенбі, 22 Сәуір 2024 18:34

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан». 

В течение недели в регионе очищали и приводили в порядок объекты культурного наследия и памятники. В своеобразном марафоне чистоты приняли участие не только госслужащие и сотрудники культурных организаций, но и депутаты, общественные лидеры, школьники, студенты, спортсмены и волонтеры, а также неравнодушные жители региона, которых объединили общие цели - сохранение культурного наследия и чистота окружающей среды.

На сегодняшний день в регионе насчитывается 1200 памятников истории и культуры, из них 961 - археологический. 

Общими усилиями удалось привести в порядок более 850 объектов, включая памятники, музеи и культурные мемориалы, собрав при этом свыше 7 тысяч тонн мусора. Это позволило преобразить культурные ценности региона, сделав объекты более чистыми и ухоженными.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйысуға шақырды. Бұл – өте игі бастама. «Тазалық – саулық кепілі» деп халық даналығы бекер айтпаса керек.

Өнер адамы болғандықтан түрлі аймақтарда сапарда көп жүреміз. Қасиетті Отанымыздың лас болғанын қаламағандықтан, ұзақ жолдардың айналасындағы қоқыстар көңілді құлазытатыны анық. Сондықтан сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» акциясының берері көп деп ойлаймын. Әр адам айналасының тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарауды міндет санауы тиіс.

Қоғамды түзеуді өзімізден бастауымыз керек. Әр азамат өзінің айналасын таза ұстап, экологиялық мәдениетті сақтаса, еліміздің гұ\үлденері сөзсіз.

Ғалымжан НҰРҚАЛЫҚОВ, эстрада әншісі.

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар жасөспірімдерге бұл жөнінде барынша түсіндіріп келеміз. Дегенменде біздің елдегі азаматтардың тазалыққа деген мәдениеті сын көтермей тұрғаны жасырын емес. Әсерінен өсіп келе жатқан жеткіншектердің экологиялық мәдениеттен алыстауы қиынға соғуда.  Ал «Таза Қазақстан» акциясы есеп үшін емес, отандастарымыздың тазалықты сақтаудағы мәдениетін өсіретін жоба болса екен деген тілектеміз. Көшеге қоқыс лақтыруды ар санайтын қоғам құрсақ ұлт денсаулығы да жақсарады деп санаймын. Аталған акцияны науқанында ғана орындамай, тазалық сақтауды өмір бойы санамыздан шығармайық.

Гүлфариза ӘЛЖАН, мұғалім.

Жұма, 19 Сәуір 2024 13:37

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші, ауылдық әкімдік пен  жергілікті тұрғындар тонның ішкі бауындай байланысып, бірлесіп жұмыс жүргізгенде ғана жетістікке жетуге мүмкіндік туады. Ал, жергілікті әкімдіктердің жұмысын жандандырып, түйіткілді мәселелерін бірлесіп шешетін қоғамдық кеңестердің ықпалы зор. Ұрпақ тәрбиесінен бастап, халықтық қалпымызды сақтау, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді ұстану, берекесіздікке бастайтын ысырапшылдықтан арылу, бірлікті бекемдеу, адамгершілікті, әділдік пен жауапкершілікті сезіну, заң мен тәртіпке бағыну, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу жолында ақыл-кеңес айтып, дамудың даңғыл жолына бастау –  көпті көрген, өмір тәжірибесі мол аға ұрпақтың басты мақсаты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құ-рылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз біртұтас ұлт және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық мүд-демізді, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әр-дайым  дайын болуымыз керек»  екендігін  ашып айтты. Ұлт болып ұйысып, тәуелсіздігімізді тұрақты ету үшін, ең алдымен қоғамдағы кесірін тигізетін кертартпа кедергілерден арылып, жұрт болып жұмылып, игі істерге ұйытқы бола білуіміз керек. Ол үшін әр ауыл, елді мекендерде өз мәселелерін өз-дері шешуге жұмылдыру осы қоғамдық кеңестердің қолында.

Шелек өңірінің белсенді ақсақалдар тобы аудан әкім-дігімен келісілген арнайы кесте бойынша, әр ауылдық округтің ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы, жігіт ағаларының, ауыл белсенділерінің басын қосып, түсіндіру жұмыстарын жүргі-зіп, келелі кеңестер беріп, қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруды қолға алғанды. Топ құрамына елге сыйлы, жұртқа беделді, көпке құрметті адамдар тартылған. 

Кезекті кездесу Қаратұрық ауылдық округіне белгіленіп, аталмыш топ осы округке ат басын тіреген еді. Қазақ қонақ келсе, құдайындай сыйлап, қарсы алатын халық қой. Әкімдіктің бір пұшпағын илесуге атсалысу мақсатында, құрамында ауданның құрметті азаматтары, жұртқа сыйлы, танымал азаматтарын лайықты қарсы алу былай тұрсын, қол астындағы қажетті кісілерін жинап, келелі кеңеске қатыстыруды ұйымдастыра алмағаны өкінішті. Мұндай көрініс біраз окуріктерде бай-қалғанмен, округ әкімі не орынбасарлары қатысатын жиынға. Бұл басқосуда округ әкімі не орынбасары бой көрсетпеді. «Қазір науқанды жұмыстар болғандықтан келе алмады. Бұл іске жауапкер мен келдім» – деп, бір жас маман ақтала сөйледі. Кездесуде негізгі адамдар емес, мектеп, балабақша қызметкерлерімен адам санын толтырыпты. Округке қарасты алты ауылдан, бар жоғы алты адам жиналған жиын бір сағатқа кешігіп басталды.  Жиналғандардың біразы жиын аяқталмай кетіп қалды.

Амал жоқ, бес-алты адаммен жиын өтіп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, одан кейін үйлестіру тобының жетекшісі Нұрлан Мұхаметқалиев, Алмагүл Орымбетова, Әлібек Жапеков, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, дін қызметінің өкілі Құрамыс Сәрсебаев ауыл-дардағы қоғамдық ұйымдардың басын қосып, атқарылатын жұ-мыстарды алға тартып, осы жылдың жарты жылдығында Шелек өңірінде, екінші жарты жылдықта Есік өңірінде қоғам-дық кеңестің  құрылу мақсатын түсіндірді.

Кеңестің негізгі мақсаты – келешек иелерін саналылыққа тәрбиелеуді әуелі бесіктен бастап, ата-ана, содан кейін балабақша, мектептен бас-тау, еңбек етуге үйрету, денсаулыққа зиянды заттарды тұтынудан, қаптаған теріс діни ағымдардың жетегіне еруден қорғау, мейірімділікке, қайы-рымдылыққа баулу, ауылдағы тазалықты сақтау, түйінді мәлелелерді көп болып шешу. Кеңес – халық пен сол биліктің арасында алтын көпір іспетті. Өйткені елдің еңсесін көтеретін іс өздері үшін керек.

Қаратұрық ауылының жігіт ағасы Мұхтаржан Мурадилов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайын Өміржанов ел игілігі үшін, түйіткілді мәсе-лелерді бірігіп шешу, ортақ іске көп болып жұмыла атсалысу идеясын құптайтынын айтты.

Бұрын да мұндай кеңестер болды. Дегенмен, нақты атқа-рылған істен гөрі, қағаз жүзінде есеп беру басым болғаны  шындық.  Ал мына қоғамдық кеңес барлық ұйымдардың басын қосып, қолға алған жұ-мысты жүйеге түсіреді. Себебі, әр ауылдың аяқ алысы, кезек күттірмейтін проблемасы назарда тұрады. «Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тауып айтқан ғой. Бірлік болса, тірлік те жанданатыны бесенеден белгілі.  Олай болса, Мемлекет басшысы айт-қандай, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеясын іске асырайық!

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де толастамайды. Әсіре діншіл, адасушы азаматтардың қоғамнан оқшауланып, талай әулеттің мазасын қашырғанын көріп те, естіп те жүрміз. Жаңадан дін жолына түскен адам жат ағымдағы адаммен тілдескен бойда адасуы оп-оңай екені баршаға белгілі. Сол себепті бүгінгі таңда әрбір ата-ана баласының теріс жолға түсіп кетпеуіне алаңдап жүрері анық. Осы орайда жуырда аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында деструктивті діни ағымдарға қарсы жиын өткізілді. Оған облыстық дін істер басқармасының бас маманы Ерлан Матаев, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Эрбол Кәкімсейітов, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы директорының орынбасары Медет Ашимхан және білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер қатысты.

Ерлан Матаев жиын барысында әзірлеген слайд арқылы теріс ағымдар туралы баяндады.

– Денсаулық саласына келер болсақ, екпеден бас тартатын діншіл адамдар көбеюде, әсіре діншіл спортшылар да бар, білім саласы да дінге қатысты дау-дамайға жиі ұшырайтыны, дін мәселесі мәдениетті де айналып өтпейтіні белгілі. Бұл орайда айтпағымыз, деструктивті діни бағыттармен күресу, оның ең дұрыс жолы – жастарға дұрыс білім беріп көзін ашу болмақ. Зайырлы мемлекетте ешқандай дінге басымдық берілмейтіні белгілі. Барлық азаматтар мен діндер заң алдында тең құқықты дәрежеде. Бірақ зайырлы деген сөзді кейбір дін өкілдері дінге шектеу салатын дүние деп түсінгендіктен, қоғамда түсініспеушілік туындап жатады. Мемлекетімізде сан түрлі ағым пайда болып, қайғылы оқиғалар мен қылмыстар орын алған соң, діни тенденция өзгеріске ұшырағанын білеміз. Баяғыда намаз оқитын адамды көрген жан құрмет танытса,  қазір күдікпен қарайтын халге жеттік. Бұл жерде дінде тұрған ешқандай мәселе жоқ, Құдай бізге дінді берді, біз оны дұрыс ұстана алмай жатырмыз дегім келеді. Яғни өз көзқарасымызды өз ішімізде сақтау жоқ. Кеше ғана намаз бастаған адам айналасына уағыз айтып, көзқарасымен келіспейтіндерді дұшпанындай көреді. Басқа да діни қызметкерлер мен қарапайым азаматтардың қателігінің кесірінен «экстремизм» деген тіркестің белең алуына жол бердік. «Экстремизм» дегеніміз – латын тілінен аудар-ғанда шеттеу, шектен шығу деген мағынаны білдіреді. Яғни қоғамдағы қарапайым нормалар мен ережелерді түбегейлі жоққа шығаратын шектен шыққан көзқарастар.

Экстремизимге сипаттама берген дін маманы оның түрлеріне де тоқталды.

– Біріншісі – қолданыстағы билікке деген теріс көзқарас. Байқайсыздар ма, салафиттік, уахабистік бағытты ұстанушылар мемлекеттік қызметтерде мүлдем жұмыс жасамайды, барлығы дерлік кәсіппен айналысады. Демек, бұның астарында «біз бұл мемлекетке тәуелді емеспіз, оның ұстанған саясаты мен діни бағыты да дұрыс емес» деген мағына жатыр. Екіншісі – билікке ұмтылу. Өз адамдарын билікке қою арқылы, мемлекетті өз қарамағына алу. Үшіншісі – саяси жүйені қалыптастыру идеологиясының болуы. Теріс бағыт-тағы азаматтардың көзқарастары сан алуан болғанымен мүдделері бір. Ауғандағы талибандар секілді, сая-саттың тұтқасын ұстауға тырысып, шариғи мемлекет құру сынды принцпте жүреді. Ешқандай дін саясатпен ұш-таспау керек. Саясатпен байланысы бар дін өз құндылықтарын жоғалтады. Әлемдегі террористтік ұйымдардың    саясатпен етене байланысқаны ұстан-ған бағыттарының ластығын білдіп тұр. Олардан дінді желеу етіп бір жерді жаулап алу, байлығын иемдену деген мақсатты көреміз. Біздің елімізде теріс бағытты ұстанушылар неліктен батыс аймақтарында көп кездеседі? Себебі түсінікті, ол жақта жерасты байлығы көп – деген Ерлан Матаев терроризмге де жеке тоқталып, теріс бағыттағы діндердің іс-әрекеттерін кеңінен түсіндірді. Қатысушылар тарапынан дін қызметкерлеріне сұрақтар да қойылды.

«Неге мемлекет теріс ағымдарды көрші Өзбекстан секілді түбегейлі жоймайды?» деген қатысушылардың сауалына:

– Бұл бізге үнемі қойылатын сұрақ. Қарапайым адамдар теріс ағымдарды жоюды ғана ойлағанымен, олардың қоғамға көрсететін қарсы әрекеттері қалай болатынына бойлай бермейді. Мемлекеттің бұған ақылы жетіп отыр. Бірақ елдің тұтастығына, жазықсыз жандарға зардап келуі мүмкін болған-дықтан үкімет бұндай тәуекелге бара алмайды. Дін саласындағы қызмет-керлердің білім беруі арқылы бейбіт жолмен теріс бағыттағы азаматтардың бетін бері қаратқанымыз дұрыс болмақ. Және бұл жұмыстар әсте-әсте жемісін беріп келеді – деп жауап берді.

Нәзік әрі күрделі тақырыпта көпте-ген мәселелер қордаланған кездесуде қатысушылар қомақты ой түйіп, сапалы ақпарат алғандарын жеткізді. Жиын соңында ұстаздар тарапынан қонақтарға жастармен кездесу шараларын ұйымдастыру туралы ұсыныстар түсті.                       

 

Ринат НАРХАНОВ.

Жұма, 19 Сәуір 2024 13:32

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік  желіде  жастар  арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде  сұралатын мәһір мәселесі қоғамның  қызу  талқысында  жүр. Исламның неке қию шартындағы «Мәһір мөлшері өзгеріп кеткен бе?»  деген  сауал әркімнің ойында.  Себебі, қалыңдықтың  болашақ жарынан сый – мәһір  талап етерде қымбат көлік, соңғы үлгідегі  «Iphone» сұрауы сәнге айналып бара жатқандай. Ислам шартында неке қию дініміздің негізгі әмірі болғандықтан, мұсылман адамына ең бастысы –  діни некеге тұру.

Жақында әлеуметтік желідегі мына бір жайт көзге ілікті. Алматы қаласын-дағы мешітте некесін қидырған қалыңдық күйеуінен үй сұрады. Оны естіген жігіт имамның алдында ыңғай-сызданып, төмен қарап, амалсыздан алып беруге келісімін берді.  Мұндай жағдай елімізде бірінші рет емес, тағы да оңтүстікте қалыңдық мәһірге соңғы үлгідегі «Iphone» алып беруін сұра-ғанда, қасындағы куәгер достары оның бағасы 1 миллионға жақын тұратынын айтып қалды. Ал имам мәһірдің бері-летін уақытын сұрағанда жігіт үнсіз қалды.

Мәһір – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен  талап етуге  құқылы шариғат белгілеген ақысы. Шариғат бойынша  мәһір беру – уәжіп. Бірақ ол некенің шартына кірмейді яғни мәһір аталмаса да, неке қиылған болып саналады. Алайда неке шартындағы мәһірге қалыңдықтың талап етер сыйлығы ер азаматтарына ауырлық тудыруда. Екі жастың қосылуы үшін мәһір қаншалықты маңызды? Осы сұрақ бойынша Есік қаласының  бас имамы Сапархан Төреқұловтың  пікірін  сұрап білген едік.

«Қай қоғамда болмасын кісіге беріле-тін сыйлықтың көңілге қуаныш, жүрекке мейірім ұялататындығы сөзсіз. Дана халқымыздың үйге келген қонақтың «қуыс үйден құры шықпа» деп шапан жауып, сыйлық беріп жататынына көптен куәміз. Сол секілді шариғатымызда  ерлі-зайыптылардың  арасындағы мейірімділікті  арттыру  мақсатында берілетін арнайы  сыйлық  бекітілген. Жалпы мәһір дегеніміз – неке қию барысында күйеу жігіттің  қалыңдыққа дүние-мүлік немесе ақшалай беретін  сыйлығы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, хазіреті Али Пайғамбарымыздың қызы Фатимаға үйленген кезінде  өзінің құнды қалқанын мәһір ретінде берген. Қалыңдыққа берілетін мәһірдің жоғарғы шегі белгіленбеген. Ханафи мәзхабы бойынша мәһірдің ең төменгі шегі 10 дирхам  яғни  4,25 грамм алтынның бағасына  тең болатын шариғатымыз рұқсат еткен кез келген затты сыйға тартуға болады. Алайдамәһірдің мөлшеріне келгенде ер азаматтың  материалдық жағдайына қарап, отбасының әлеуметтік деңгейін ескерген жөн. Себебі мәһір ер адамды қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек. Қазіргі таңда жастар арасында қалыңдықтың мәһірге шамадан тыс нәрсе сұрап, күйеуін ыңғайсыз жағдайға қалдырып жататын сәттер жиілеп кетті. Сол үшін де көп жастар бір бірімен келіспей ажырасып жатыр. Сондықтан болашақта тұрмыс құратын қаракөз қарындастарымыз Пайғамбарымыздың мына хадистерін ескере жүрсек екен дейміз: «Ең жақсы әйел – күйеуіне сәлемі түзу болғаны және қанағатшылы», тағы бір хадисте:  «ең жақсы әйел – мәһірі аз болғаны», –дейді Сапархан Төреқұлов.

Исламдағы ер адамның әйелі ал-дындағы міндеттері туралы айтатын болсақ, негізінен олар материалдық сипатта екені мәлім. Мәһір ұғымының қай қоғамнан қазақ дәстүріне сіңгені белгісіз, алайда, қазақ халқында есте жоқ ескі заманнан келе жатқан қалың мал беру дәстүрі бар. Қалың мал – күйеу жігіт қалыңдықтың ата-анасы мен туған-туыстарына ақшалай немесе заттай берілетін сыйлық түрі. Ертеде қалың мал деп қыздың жасауына кіретін заттарды дайындау үшін қалыңдықтың ата-анасына берілетін төрт түлік малды айтса, қазір ол ақшалай беріледі. Мәһірге келетін болсақ, бұл ислам дінімен байланысты ұғым. Оның қалың малдан айырмашылығы мәһірді ер адам әйеліне тікелей береді және ол неке сыйлығы болып табылады. Мәһірге қалыңдықтың рұқсатынсыз ешкім қол сала алмайды, себебі ол – әйелдің жалғыз, қорғансыз қалған жағдайда материалдық, мұқтаждық көрмеуі үшін жасалатын қамқорлық.

«Мәһір қазіргі таңда әсіресе жас-тардың арасында сәнге айналып кеткен. Әйел затының күйеуіне қарсы шығып, мәһірді алып бермегені үшін дау шығаруы орынсыз, ер азаматым деп сенім арту керек, сол кезде ер адам мәһірді айтқызбай-ақ әйеліне тарту етеді. Егер сондай ұсақ-түйек нәрсеге ұрыс шығара берсе бізден қандай ұр-пақ тарайтынын түсінбеймін», – дейді Есік қаласының тұрғыны Самира Арыстанбекқызы.

Қазіргі таңда ажырасудың себебі, осы мәһірдің дұрыс өтелмеуінен, яғни арзан дүниемен алдауынан болып жатыр. Отбасы құрып, шаңырақ көтеру –өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі.Сондықтан оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес дін негізінде де дұрыс орындалғаны абзал. Бақытты отбасын құру және сақтау екі жастың қолында. Отбасындағы құндылықтар, сыйластық пен махаббат осы мәһірмен шектеліп қалмаса екен дейміз. Мұндай қымбат дүниелерден де артық құндылық – отбасы екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

Бетті дайындаған

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

 

Жұма, 19 Сәуір 2024 13:29

Еңбегің ел есінде, Мұрат

Журналист, мемлекеттік қызметте де көп жылдар бойы еңбек еткен әскери және ішкі істер офицері атағы болған М.НақатаевтЫң  өмірден озғанына да жыл болып қалған екен.

Мұрат әскери қызметін де ойдағыдай  орындағандығынан болар, міндетті екі жыл борышын өтегеннен кейін тұрақты әскери қызметке қалуды ұсынған  (қазіргіше айтқанда, контрактымен – келісім шартпен). Отбасы жағдайына  байланысты бұл қызметке берген келісім рапортын қайтарып алуға мәжбүр болған. Әзірбайжан аумағындағы әскери қызметімен Гяндж қаласының (бұрынғы Кировабад) атқару комитетінің мүшесі болуға да уақыт тапқан. Демобилизациядағы сарбазға бір апта ғана демалуға мүмкіндік беріп,   Шелек ішкі істер аудандық бөлімі өз қатарына алады. Бұнда бір жыл ғана қызмет атқарған Мұратты Қазақ КСР теледидар және радиохабар тарату комитеті дикторлыққа аттай қалап шақыртып алады. Бұл салада да қазақтың Левитаны атанған елімізге еңбегі сіңген артист әйгілі Әнуәрбек Байжанбаевпен, Сауық Жақановамен иықтаса қызмет атқарып, тәжірибелі дикторлар қатарына қосылды.

Бұл қызметті де, өзіне ұнаған, тыңдарманға да ұнаған дикторлық қызметпен де қоштасуға тура келген Мұрат Тойғанбайұлы көпке ұзамай өзі туып-өскен Еңбекшіқазақ ауданының «Еңбек жалыны» газетінің аудармашысы, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары қызметтерін ойдағыдай орындап, шығармашылық ұжымда өз орнын ойып тұрып алды десек артық айтқандық  емес. Мен неге Мүкең марқұмның еңбек жолын шұқшия зерттеп-зерделедім, бүгінгі әріптесіміз жайлы естелікке түгел  жазуға тырыстым? Өйткені, Мұрат Тойғанбайұлы жұмыс іздеп ешқашан әуре-сарсаңға түскен жоқ. Мұратты қай жұмыс-қызмет өзі іздеп тапқандай екен. КазГУ-дің журфагінің дипломын алып, болдым-толдым деп шалқақтамай, өмірін оқумен, тоқумен өткізген Мұрат Нақатаевты бұрынғы партиялық басқару кезеңінде іс-қағаздарымен істеп машықтанған, сол кездерде нұсаушы-кеңесші болған маманның  тәжірибесі ескеріліп, тәуелсіздік алған еліміздің үлкен бір әкімшілік аумағын құрайтын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің белді қызметкері болып қабылданып еді. Осы қызметінен зейнеткерлікке шыққан Мұрат Тойғанбайұлы өзі журналистік жолын бастаған кешегі «Еңбек жалыны» бүгінгі «Еңбекшіқазақ» газетінен бір сәтке де қол үзген жоқ. Ең аяғы науқастанып, төсек тартып жатқанда да қазақша, орысша жазған мақалаларын газетімізде үзбей жариялап отырды. Мұрат әріптесім Есікті, Шелек өңірлері деп бөліп айтсақ та біртұтас Еңбекшіқазақ ауданының адамдарын да, тарихы мен  табиғатын да өте терең  білетін азамат еді. Елін, жерін сыйлаған, қазағының тілін қорғаған Мұрат Тойғанбайұлының өмір жолын бүгінгі ұрпақ, өзінің үрім-бұтағы көптеген публицистикалық мақалаларынан табады.

 

Х.АХМЕТЖАНОВ,

«Еңбекшіқазақ» газетінің, mezet.kz желілік басылымының  ұжымы

атынан, бас редактор.

1 бет. Барлығы: 702

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет