«Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары, Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауына жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» – деп жазған еді ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында. Елбасының терең ойы тұрғысынан қарағанда жоғарыда аталған төрт алыптың айналасындағы айтулы ақын-жазушыларымыз, өнер адамдары ұлттық рухымыздың сақталуына, жаңғыруына өз үлестерін қосқан танымал тұлғалар. Бүгінгі жас өскіндер аға буын өкілдері Мұқағали мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза-Әлі есімдерін танып-білуі күмәнсіз. Ән-жыр, музыкалық шығармалар арқылы да ұлттық кодты келер ұрпақтар жадында жаңғырта аламыз. Осы қатарда, жиырмасыншы ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары қазақтың ақындары қатарына өзінің «Студент дәптерімен» бұза-жара кіріп, ұлттық поэзиямыздың…
Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:07

Мен білетін Мұқағали

Өнер әлемі өзінше бір өмір. Ондағы айналаға көзқарас, өзара достық шынайы өмірден өзгеше. Тіпті, бөлек десек те жалған айтпаспыз. Бұған ақиық ақын Мұқағали мен «Тянь-Шаньның диюы» атанған Еркін Ібітанов арасындағы шынайы достық, ағалы-інілі сыйластық дәлел. Жақында Еркін ағамыздың ұлы Ерлан Ібітанов сиясы кеппеген, жарыққа шықпаған «Мен білетін Мұқағали» деген әкесінің жазған дастанын әкелді. Онда Қарасаздың қос құлынының басынан өткен елеулі жәйттер, жыр шумақтардың уысына ұстатпаған өрелі ойлар әңгімеленген. Әттеген-айы, түйіндеуге автордың тағдыры мұрсат бермеді. «Хантәңірі қайдасың?» деген Еркіннің ағасын аңсап жазған өлеңі де қазақ поэзиясының қайталанбас туындысы боп қалғанын да көпшілік біледі. Хантәңірі мұзбалағының туғанына 85 жыл толуына орай оқырманға…
Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 13:25

Құт болсын жаңа жыл!

Әкелсін береке, Жаңа жыл халқыма. Ынтымақ, бірлігің, Түспесін талқыға. Алаш ұл еліңді, Қорғай біл жеріңді. Жолдауын данаңның, Қолдайық бәріміз Жасымыз, кәріміз.
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:39

Азаттық таңы атты аңсаған

«Қазақ ұлты үшін қастерлі ұғымға ие, мәні мен мазмұны жағынан аса жоғары бағаланған, түп тереңі шалғайда жатқан «Тәуелсіздік» сөзінің астарында сеніміне арқау болған – келешек қазақ ұрпағы үшін қаншама тарихи маңызға ие. Мыңдаған жылдар бойғы ата-бабамыздың өлшеусіз сіңірген еңбегімен қатар, осы жолда қиған өмірлері бірінің ізін бірі жалғап тарам-тарам жол болып астасып жатыр.
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:37

Тәуелсіздік – тәлейім

Еуразия материгінің кіндігінен орын алған, керегесі кең, шаңырағы биік қазақ елін жырламаған жыршы, жазбаған жазушы, әніне қосып әуелетпеген әнші қалмағаны сөзсіз. Ғасырлар қойнауында жатқан тарихы мен мәдениеті, тұрмыс-салт ерекшеліктері ешкімді де бей-жай қалдырған емес. Көз жауыңды алатын көркем табиғаты, асқар тау, кең дала, момын халқы бәрі-бәрі тамсандырып, таңырқатып еріксіз бақыт құшағына еліте береді.
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:35

Тәубе

Тәубе, тәубе Тәуелсіздік шашып нұр, Ырғала бұл ырысымыз тасып тұр. Теңіз тектес текті жұртым жасай бер, Тек халқыма жақсылықты асықтыр.
Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:15

Елбасына арнау

Парасатты адамдық танымымен, Қысылғанның қасынан табылып ең. Ел мен жердің тағдыры алаңдатқан, Азаматсың халқыңның қамын жеген.
Бейсенбі, 19 Қараша 2015 11:19

Жолбарыс жүректі қаламгер

Академик Мәлік Ғабдуллин:«...Халық ауыз әдебиеті – ел өмірінің айнасы» – дейді. Бұл шындық. Қай халықтың әдебиет тарихына ой көзбен қарайтын болсақ, ауыз әдебиеті бұрын пайда болғаны – талас тудырмайтыны ақиқат. Шаяхмет қазақтың ауыз әдебиетінің алтын қорынан нәр алып, өзінің барлық шығармаларына арқау етіп отырады. Оның тамаша айтыскерлігі бұл айтқанымыздың дәлелі. Анығырақ айтар болсақ, 1977 жылы қызылордалық Жұмабек Оразбековтен басым түскен. Алматыдағы Жамбыл атындағы филормонияда талғарлық айтыскер ақын Жанат Жаубасовпен айтысқан. 1981 жылы Мұқағали Мақатаевтың 50 жылдығына орай Нарынқолда айтыс өткен. Сол айтыста Әбділдә Тәжібаев бастаған әділ-қазылар алқасының шешімімен, (ол кезде Талғарға көшіп келген Жұмабек Оразбаев тағы да Шаяхметпен айтысқа түседі)…
Бейсенбі, 30 Шілде 2015 12:12

Тектінің тұяғына арнау

Абылай Сейіткерейұлы – Ахметжан бабамыздың үлкен ұлы кезінде «халық жауы» деген нақақ жала жабылып қуғын көрген Мерғалымның немересі Бабасы Мерғалым Ахметжанұлы оқыған, көзі ашық болғандығы үшін «кінәлі» болса, Сейткерей әкесі жеті класс білімімен-ақ талай туындылар тудырған еді. Әттең денсаулығы төмендеу болып, оқуға да мүмкіндігі жетіспей, шығармашылық қабілетін шыңдай алмады. Сондықтан ата-бабаларының, нағашы жұртының (кезінде қазақ елінің бас ақыны атағын алған айтыс ақыны, батырлар жырының айтулы орындаушысы Көкен Шәкеев − Абылайдың анасы Күлзараның ағасы) қабілеті дарыған, Абылай ініме оқу керек дей келе Әскербек Қасымұлының Сәкен немересінен туған Асаналі сәбидің бір жасқа толған кешінде айтқан арнау-батасын жариялап отырмыз. Хайролла Қасымұлы Ахметжанов.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама