Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 17:54

Әжібай батыр және оның ұрпақтары

Иә, «Әжібай тоғанының» суы – ел ырысы, жер нәрі. Бұл аймақ осы тоғанның суы арқылы тіршілікте. Ендеше арна неге «Әжібай тоғаны» аталған? Ал Әжібай деген кім?... Енді мені осы сұрақтың жауабы мазалағаны... Білмекке бірер қариялармен жүздестім. Бәрінің жауабы бірдей. Солардан тау етегіндегі «Таутүрген» ауылының тұрғыны, ардагер ақсақал Бақыт Бөркеевтың тарихи әңгімесін тындағаным өзімше. Әжібай Найманбайұлының тікелей ұрпағы, академик-тарихшы, медицина ғылымының докторы, «Қазфармация» акционерлік қоғамының президенті Кеңесбай Үшбайұлымен тілдестік. «Ер Әжібай» жырын кирилица қарпіне көші-ріп, оның түсініктемелерін жазған ауыз әдебиетін зерттеуші Тоқтар Әлібек, әде-биет зерттеушісі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, ардагер журналист Асқанбай Ерғожаев, Кеген аудандық…
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 17:39

Қуаныштар еселенген күн

Тарих таразысы қатал, сүзгісі тым майда. Сондықтан болар, уақыт желісімен талай «менменнің» мысы басылып, бастапқы биігінен көш кері қалатыны. Бұл тек ХХ ғасырдың Пайғамбары атанған Дінмұхаммед Қонаевқа тиесілі емес. Себебі, саф алтын су астында жатпайды. Адалдықтан аттамаған жанды Жаратушымыз да жақтайды. Елдігіміздің іргесін қалауда табанды еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлының туғанына 12 қаңтарда 107 жыл толып отыр. Осыған орай есімін адал арқалаған Түргендегі мектеп келелі ісін дәстүрлі жалғастырды. Бұл жолы ел басқарған жылдары қайраткердің хатшысы болған Бауыржан Сабырбаев демеуші болып мұражай ашты. Сондай-ақ, сол күні «КазИнтерСервис» компаниясының басшысы Төлебай Төлеповтың демеушілігімен заманауи мұғалімдер бөлмесі және ұстаздарға арналған…
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:53

Тау тұлға биіктейді жылдан жылға

Үмбетұлы Тоқатайдың ұлы Рақымжан батыр 1923 жылы 5 қаңтарда Қаракемер ауылдық кеңесі, Киров атындағы колхозда дүниеге келген. 10 жасында әкеден жетім қалып, шешесі Ұлжалғас, әпкесі Ратай, інісі Рахымбаймен бірге тағдыр тауқыметін тарта жүріп ер жетеді. Ұлы Отан соғысы басталғанда 17 жаста болған екен. Бір жылдан соң 1942 жылдың 9 тамызында, кіп-кішкентай «қалақтай» ғана бозбала өзі сұранып майданға аттанады. Бір күндік ұрыста соғыстың соңында ғана жаудың 9 танкісімен 4 броньды машинасын жойып Батыр атанған екен. Әскери борышын абыройымен өтейді. «Жақсының аты,ғалымның хаты өшпейді». Атың өшпеу үшін, артыңда өшпейтіндей ісің қалу керек шығар. Ұшқыр уақыттың шапқан аттай тасырлап өтіп жатқаны-ай?!. Тірлік деп…
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 15:00

Жадымыз бен тарихымыз тоғысқанда

Әр жылдың өз жаңалығы, өзгешелігі мен ерекшеліктері бар. Осы орайда, жеті қазынаның бірі – ит жылының халыққа, елге бергені мол. Оның ең үлкені – тыныштық пен бейбітшілік. Ұлттар арасындағы достық. Бүгінде жер жүзінде неше түрлі оқиғалар болып жатыр. Оның ішінде Қазақстан тыныштық аралындай болып, өзгелерге үлгі көрсетуде. Осы жылы экономикамыз қарқынды дамып, мәдениетіміз гүлденіп, мемлекетіміз халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл 2018 жылдың үлкен жетістігі. Сонымен қатар, осы жылы ұлтымыздың өткен тарихына үңіліп, оны зерделеуге байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Мемлекет басшысының аталған бастамасы бұрын «Рухани жаңғыру» бағытында жүргізілген жұмыстардың жалғасы болып…
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:41

Тарихтан тәбәрік

Жаңа жыл – бүкіл әлем ерекше күтетін, қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді. Ал сыйлықтар туралы айтпаса да түсінікті шығар Аяз Ата мен Ақшақарға шын жүректен сеніп, тіпті, хат жазатынымыз да бар. Келе жатқан жылдан ерекше бақыт күтетініміз де баршамызға аян. Ал бұл мереке қалай пайда болды? Тек христиандар тойлайтын мереке ме? Түрлі тарихи басылымдарда жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде І Петрдің енгізгені, әрі өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтарда…
Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018 23:27

Жалынды күндер жаңғырығы

Талай жанның жүрегін езгілеп, намысын жаншылап, сенімін күйреткен сол бір жылдың желтоқсанын, әсте, естен шығару мүмкін болмас. «Елім-айлап» егілген ата-баба жолымен «Менің елім Қазақстанды» ұран етіп, бейбіт түрде Конституцияға сай «Әр халыққа өз ұлтынан басшы сайлануы керек» деген талаппен алаңға жиналған жастардың тілегінің күл-талқан болғаны намыс отын өршітпей қоймады. Оның үстіне, желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Шындығында, желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс еді. Ол ызғарлы күндер біздер үшін тарих болғанымен, сол қанды қырғынды басынан өткерген аға-әпкелеріміз үшін қаралы, қайғылы күн. Бүгіндері желтоқсаншылардан құрылған…
Жұма, 20 Сәуір 2018 11:19

ҚАЛЫБЕК батыр

Аллаға шүкір, егемендігіміздің бір жемісі батыр бабаларымыздың ерлігін мәңгілікке қалдыру мақсатында мерзімдік басылымдар арқылы тарих парақтарына біртіндеп енгізілуде. Ержүректігін паш етер ерліктеріне сай аттарын асқақтатқан хас батырлар қатарында белгілі бір аймақтарды жаудан азат етуде ерен ерлік көрсетіп, рулардың ұранына айналған батыр бабаларымыздың атын өшірмей, құрмет көрсетіп, ескерткіш орнату бүгінгі ұрпақ парызы болып саналады. Бұл игі қадам біздің бабалар аруағына тәу етуіміз әрі өскелең ұрпаққа көрсетер үлгіміз екені тағы бар. Десек,Ұлы жүз Үйсін ішіндегі Албан руында ХVII- ХVIII ғасырларда елі мен жерін жоңғар басқыншылары мен Енесейден ауған қырғыздан, Қоқан хандығынан қорғаған алты батырдың бірі – Айт Қалыбек батыр Мамадайырұлы екенін тарихи…
Жұма, 13 Сәуір 2018 16:34

Ерлікке пара-пар ғұмыр

Шелек тарихи-өлкетану музейінің әр залының өзіндік тарихы, атауы бар. Ежелгі замандардың көне жәдігерлерінен бастап «Ерлік», «Еңбек даңқы» залдарында тұрған стенділерге ілінген фотосуреттерде бейнеленген әрбір жан өткен өмір шежіресін айтып, сенімен тілдескендей болады. «Болашағыңнан үміт етсең, өткенді ұмытпа». халық нақылы. Музейге үлкен де, кіші де келеді. Оны қызықтап, аралап жүргендердің кейбіреулері: «Бұл суреттегі адам кім? Шелек аймағына қандай еңбек сіңірген?» – деген секілді сұрақтар қойып жатады. Сондықтан жұмыс барысында архивті ақтарасың, көне-көз қариялармен әңгімелесіп, дерек іздейсің. Сонау 1920 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта (және одан кейін еліміз егемендік алған жылдарға дейін де) өмір сүріп, еңбек еткен адамдардың көпшілігінің ғұмыры ерлікке пара-пар…
Жұма, 13 Сәуір 2018 14:15

Тылда да Жеңіс шыңдалды

Уақыт тегеуріні драмаға, трагедияға толы заманның айтулы тұлғаларын да аңызға айналдырды. Бүгінгі де, келер ұрпақтарға да осы тұлғалар ерлігін жеткізу үшін мемлекет билігі, қоғамымыз көптеген іс-әрекеттер, мәдени-шығармашылық, әлеуметтік-көпшілік шараларды қолға алып, үзбей өткізуде. Сол айтулы даталардың ең маңыздыларының қатарында Ұлы Жеңіс күні. «Тарихымызда қазақ ұялатындай ешнәрсе жоқ» деген мазмұнда айтқан сөзі бар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың. Жойқын қудалаудан, қолдан ұйымдастырылған аштықтан аман қалған қазақ азаматтары бүкіл Еуропаның дерлік әлеуетін жаулап алып, елімізге тап берген фашистерге сол бір жаугершілік заманда елмен бірге қолына қару алып қарсы тұрды. Ал тылда қалған бала-шағадан бастап еңкейген қарияларға, отбасындағы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге дейін қолдарына…
Жұма, 13 Сәуір 2018 11:39

Сохранить отваеванный мир

Косая сажень в плечах, немаленькие рост и сила – таким был в «роковые сороковые» ХХ столетия сержант Николай САВРАЕВ. Несокрушимое сибирское здоровье выручало его на войне, спасало жизнь в критических ситуациях. И теперь, когда Николаю Григорьевичу уже за девяносто, он сохранил былую осанку и крепость родового корня. Уроженец села Сарыкамыш Новосибирской области, он с раннего возраста узнал тяжесть крестьянского труда. Война началась, когда ему не исполнилось еще и 16-ти. Заменяя мобилизованных односельчан, со сверстниками он работал в колхозной бригаде, выращивая хлеб для фронта, для грядущей Победы. Из родного села и ушел на фронт в 43-м, едва ему исполнилось 18, чтобы…
Page 1 of 2

Күнтiзбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама