Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2023 16:28

Мәзһабтар

Ғаламдағы барлық жаратылысқа  барлық нығметтерді , жақсылықтарды беретін тек қана Аллаһу Таағала екені баршамызға мәлім. Барлық нәрсені бар еткенде  тек Аллаһу Таағала. Сондықтан да Оған шексіз мадақтар болсын.

  Аллаһу Таағала алғашқы адам және алғашқы пайғамбар ретінде Адам алейһиссаламды жаратты. Одан бүкіл адамзат баласы тарады. Жер бетінде адамдар саны арта бастағаннан кейін, олардың осы дүниеде еркін және тыныш өмір сүрулері үшін пайғамбарларды жіберді. Пайғамбарлар адамдарға тура жолды көрсетіп, жүректеріне сенім ұялатып «Дін» ұсынып отырды.

  Дін – адамдарды мәңгілік бақытқа қауыштыру үшін Аллаһу Таағала тарапынан көрсетіліп отырған жол. Барлық пайғамбарлар бір ғана иман туралы айтқан, яғни үмбеттерінен бір ғана нәрсеге иман етуді қалаған.  Аллаһу Таағала расулдары арқылы жіберген кейбір иман негіздерін қолданыстан алып жаңа үкімдер енгізген. Әрбір дін, өзінен бұрын келген діннің үкімдерін жойып отырған.

  Соңғы пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.а.у) өзінен бұрын келген барлық  діндердің үкімдерін қолданыстан шығарған. Қазіргі кезде әлемдегі жалғыз дұрыс дін – Мұхаммед (с.а.у) уағыздаған Ислам діні. Бұл діннің ешқандай үкімі бұзылмаған.

  Ислам адамдарды бір - бірін жақсы көруге, бір - біріне жәрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух, тән және пікірлеу тұғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Аллаһу Таағаланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейірімді болуды бұйырады. Ислам жанды – жансыз әрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктеген. Сонымен қатар, адам нәпсісінің хайуани және шахуани ласықтардан тазаруын қамтамасыз етуде. Жаман әдеттерден аулақ болып, нәпсіні тәрбиелеуге шақырады. Жалқаулыққа, уақытты бос өткізуге тыйым салып, ғылымға , техникаға, өнеркәсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мән береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жеке адамның, жанұяның және ұлттардың құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Тірілерге, өлгендерге, туылатындарға, баршаға өзіне тән құқық және жауапкершілік жүктеуде. Ислам діні адамзаттың осы дүние мен ақыретте бақытты болуын көздейді. Қазірде дінсіз адамдар мен ұлттардың бірқатар істерде жетістікке қол жеткізуі Ислам дініне сай әрекет жасауларына байланысты болып отыр. Ал, ақыретте бақытқа жету үшін   Ислам дініне сеніп, иман келтіру де қажет.

  Ислам үш негізгеден тұрады:

  1. Білім
  2. Амал (әрекет)
  3. Ықылас

  Бұл дегеніміз, ислам діні туралы білім алу, үйренгендерін жүзеге асыру, жасаған барлық ісін Аллаһтың ризашылығы үшін жасау керек. Ислам ғылымы – иман білімі, фиқһ білімі, қалб білімдеріне бөлінеді. Сонымен қатар, ислам дінінің қайнар көздері бар. Ол төртеу.

  1. Құран Кәрім
  2. Хадис шәрифтер
  3. Ижма- и уммат
  4. Қияси фуқаһа

  Ислам діні осы төрт дәлелге сүйенеді.

  Әрбір мұсылманның сенім мен амалдағы өз мазһабын үйренуі уәжіп. Мазһаб – жол деген сөз. Сенімдегі мазһаб- әһли сүннет уәл-жамағат мазһабы. Бұл сахабалардың сенімі және имандары дегенді білдіреді.    Сахабалар ислам дінінің нұры мен жарығы. Мұсылмандардың имамдары, көсемдері мен сүйеніштері. Қазіргі кезде шариғи үкім шығара алатын жоғары білімді ғалымдар жоқ. Сол себепті әрбір мұсылман белгілі төрт мазһабтың бірін ұстануы керек. Төрт мазһабтың ешқайсысын ұстанбаған адам мазһабсыз болады. Мазһабсыз адам адасушы, не иманнан безген адам болып саналады.

  Әһли сүннеттің жүздеген мазһабтарының ішінен қазірде тек төрт имамның мазһабы ғана кітаптарға толық  жазылып, қалғандары ұмыт болған.

 

Белгілі төрт мазһабтың ұлы имамдары:

  1. Имам Ағзам Абу Ханифа
  2. Имам Мәлик бин Әнәс
  3. Имам Шафии
  4. Имам Ахмед бин Ханбәл

    Менің сенімдегі мазһабым - әһли сүннет уәл- жамағат. Амалдағы мазһабым – Имам Ағзам Абу Ханифа мазһабы.

                  Төрт мазһабтың киім кию үлгісі

 

  Аллаһ Таағала әрбір жаратылысқа өзіне тән ерекшеліктерді тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы орны, сондай – ақ болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлде өзгеше.Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады.Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғарғы тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, орамал тағу, етек-жеңі ұзын киім кию, яғни хиджаб кию - әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір қорған . Әрі ол әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар – ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытатын нышан. Ең алдымен , әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы. Әйел болсын, мейлі ер болсын «мен мұсылманмын» дейтін жан үшін Аллаһтың әмірін аттап өтуі дұрыс емес.

  Осы сауал бойынша Казақстан Республикасының Мұсылман Діни басқарма Орталығының уағыз – насихат бөлімінінң ұстазы, дінтанушы Спанов Талғат мырза былай дейді: «Еш бір мазһабтың өзіне тән киім кию үлгісі бекітілмеген. Біз тек тікелей Құран Кәрім қағидасына сүйенеміз. Әйел адамның беті мен қолдары және тобықтың төменгі жағынан басқа жерлері жабық болуы керек. Сондықтан да мұсылман әйелге аталмыш ағзаларынан тыс жерлерін бөгде ерлерге көрсетуі харам етіледі. Бұл туралы Құран Кәрімдегі Нұр сүресінің 31- аятында және Ахзаб сүресінің 59- аятында жазылған».

  Ислам діні әйел киімінің шеңберін сызып берген. Аллаһ Таағала Құранда:   « Мүмін әйелдерге айт! Ұятты жерлерін қорғасын. Көкіректерін көрсетпесін.Бірақ өздігінен көрінгендері басқа. Сондай – ақ бүркеніштерін омырауларые түсірсін! Көріктерін көрсетпесін! Тәндерінің сұлулықтары білінсін деп аяқтарын жерге ұрып жүрмесін» деп (Нұр сүресі, 31 – аят) бұйырған.

  Осы орайда хиджабтың мәселесі өте маңызды.Меніңше, қазірде хиджаб бұрынғы кимешектің орнын басқан жаулық!!! Хиджаб – ар тазалығының белгісі. Хиджаб – тақуалықтың белгісі. Тақуалық дегеніміз – шынайы Аллаһтан қорқу. Құранда мынандай аят бар: « Әй, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым үсірдік. Негізінде, тақуалық киімі жақсы» (Ағраф сүресі 26 – аят).

  Хиджаб – ұяттың белгісі. Пайғамбарымыздың  (с.а.у) мынандай хадистері бар: «Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі , ол – ұят». «Ұят пен иман бір-біріне өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастасақ, екіншісі өзі кетіп қалады. Хиджаб – иманның белгісі.

  Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «Есті қыз етегін қымтап

ұстайды» деуі де бекер емес.Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды

қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз.Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.

 

  Түйін сөз

 

 Соңғы кезде халқымыздың имандылықа бет бұрғаны қаншалықты қуанарлы болса, оның пәк болған санасына сыртқы күштердің тынымсыз улау мақсатымен жүргізіп жатқан саясаты да соншалықты қайғылы екені сөзсіз. Ұлтымыздың бірлігіне қауіп төндіріп тұрған ұлтық санаға жат бағыттардың «дін еркіндігі» ұраны арқасына жасырынған іріткі салу үгіттеріне төтеп беру жеткілікті діни мәліметі болмаған азаматтарымыз үшін әрине оңайға соқпайды.

 

Еңбекшіқазақ аудандық орталық мешітінің наиб имамы.      Жұмахан Қуаныш.

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2023 16:27

Көрші ақысы

Ел аузында «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деп, қоңсыны Жаратушының Өзі белгілейтіндігіне сенген.

    Сондықтан да жақын көршіні «Құдайы көрші» деп атаған. Өйткені көршімен жақсы мәміледе болу – шынайы мұсылмандық қасиет. Бұл жайында қасиетті аяттар мен хадистерде көп айтылады.

    Алла Тағала былай дейді: «Аллаға ғана құлшылық етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және бөгде көршіге жақсылық жасаңдар».

Міне, осы аятта айтылғандай Жаратушы  иеміз құлдарын басқалармен бірге көршілерге де жақсылық жасауға бұйырады.

Көршілердің түрлері :

  1. Туысқан әрі мұсылман көрші.

Туысқан болып келетін көршінің үш ақысы бар: туыстық ақысы, мұсылмандық ақысы және көрші ақысы.

  1. Туыс бірақ мұсылман емес көрші.

Туыс болғанымен мұсылман болмаған көршінің екі ақысы бар: туыстық және көршілік ақысы.

  1. Туыс емес, бөгде мұсылман көрші.

Туыс емес бөгде мұсылман көршінің екі ақысы бар: мұсылман бауырлық ақысы және көрші ақысы.

  1. Мұсылман емес көрші.

Ал, мұсылман емес көршінің бір ақысы, яғни тек көршілік ақысы ғана бар.

  Осылайша Ислам шариғаты мен әдебі барша мұсылмандарды көршілерімен жақсы болуға шақырады. Яғни көршіге қандай жағдайда да ізгі ниетте болып, егер көмек керек болса, көмек беріп, қиыншылыққа тап болса, жәрдемдесіп тұру қажет. Тым болмағанда көршіні көргенде сәлем беріп, оқта-текте үйлеріне бас сұғып, хал-жағдайларын сұрап тұру керек. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде көршінің туыстай болатындығын айтқан.

   «Маған Жебірейіл періштенің көрші ақысы туралы көп өсиет айтқандығы соншалықты мен көршім мұрагеріме айналатын шығар деп ойладым», − деген.

     Халқымызда көрші ақысы туралы нағыз мұсылмандық ұстаным қалыптасқан. «Қиямет күні алдымен көрші ақысы сұралады екен» деген ұғым да бар

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ; «Қиямет күні ең бірінші дауласатындар – көршілер», − деген.

   Көрші адам мұсылман не кәпір, тақуа не пасық, дос не дұшпан, жергілікті не шетелдік, пайдалы не пайдасыз болуы ықтимал. Қалай болғанда да олардың ішіндегі қайыр жасауға ең лайықтысы ең жақын тұратын көрші.

    Бірде жұбайы Айша анамыз: «Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар, сыйды соның қайсысына берейін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  «Есігі ең жақын орналасқанына», – деп жауап берген.

    Жақсылық жасауға ең жақын көршінің лайықты болуының себебі әдетте ол жапсарлас көршісінің үйінде не болып жатқанынан хабардар болады. Үйге кім кіріп, кім шығып жатқандығын көреді. Және қандай да бір қиыншылыққа тап болғанда қасынан табылатын жақын адам. Сондықтан да ол жақсылық жасауға бірден-бір лайықты көрші.

   Құрылыс салғанда көршісімен ақылдасып салу, оған зиян тигізбеуге тырысу да көрші ақысына жатады. Ал құрылыс салып жатқан көршіге көмектесу керек.

   Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің біреулерің өзінің жапсарлас қабырғасына көршісінің арқалық бөренесін қоюына тыйым салмасын», – деген. Яғни егер бір зиян келмейтін болса, көршінің құрылысы үшін өзінің үйінің, не сарайының қабырғасын немесе дуалын тірек етуге рұқсат беруі тиіс екен.

Қазақ халқы: «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман кісіге мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас», − деп көрші ақысын белден басатындарды  қатты сынаған.

  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  былай деп ескерткен: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенген болса көршісін еш зарар бермесін».

   Екінші жағынан көрші қандай жаман адам болса да, қандай зарар зиян беріп жатса да оған сабырлық еткен дұрыс. Ондай көршіні тура жолға үгіттеп, жақсылыққа үндеу керек.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ; «Жанындағы көршісінің аш жатқандығын біле тұра өзі тоқ болып жатқан адам маған нақ иман келтірген емес», – дейді

    Пайғамбар (с.а.с.) басқа хадисінде, тіпті, үйді, қораны сатарда әуелі қабырғалас көршісімен ақылдасуға бұйырады. Көрші ақысы туралы Алла Елшісі (с.а.с.) өзі үлкен өнеге көрсеткен. Өзіне жәбір беріп, жолына нәжіс заттарды төсеп қоятын иман келтірмеген көршісі  ауырып қалғанда оның хал-жағдайын сұрап барады. Сондай керемет жақсы қарым-қатынасы арқылы сол көршісінің иман келтіруіне себепкер болады.

 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық

«Имам Мұхаммад» мешітінің бас иимамы

Қондыбаев Ибрагим Нұрахмедұлы.

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2023 15:34

Жат діни ағымның салдары

Бүгінгі таңда еліміздің болашағы жастар,түрлі себептермен жат діни ағымның жетегінде кеткені әмбеге аян. Салдарынан қаншама отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашуда. Кейбір отбасылардың отағасы білімсіздіктің салдарынан сезімнің сергелдеңіне түсіп, темір торға тоғытылса,бесік тербетіп үйінде отыруы тиіс нәзік жандылар, нағыз ислами өмір сонда деп, үй-жайын, бала-шағасын, елін тастап, шекара асып, қиырдағы шет мемлекеттерге кетті. Қаншама ата-ана ұл, қызынан айрылып, зар илеп қалды. Осыған орай мемлекет басшысының тапсырмасымен  «Жусан» операциясы ұйымдастырылып, адасып кеткендерді өзекке теппей елге жеткізілді.  Міне, жастардың осындай жағдайға душар болуының бір ғана емес,бірнеше себептері бар. Дәстүрлі емес жат діни ағымның жетегінде кетудің басты себептерін атап айтар болсақ,

Біріншіден  діни сауатсыздық.

   Жат діни ағымның жетегінде жүргендердіңсанының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтыны хақ. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен,сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірбиесі аз, уақытша қиындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Өйткені, білімсіз адамның аңғал, көнгіш, сенгіш, еліктегіш келетінін жақсы біледі. Жат ағымдарға алданушылардың сексен бес, тоқсан пайыздайының мүлдем діни сауаты жоқ. Ал, дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше. Тіпті Құранның ең алғашқы түскен аяты да «Оқы» деумен басталады. Құранда «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» Нәхл сүресі 43 аят, «Білгендер мен білмегендер тең бе?» Зүмәр сүресі 9 аяттарда білімнің адам өмірінде алатын орынын қаншалықты маңызды екенін ерекшелеп тұрғандай.

Екіншіден интернеттің ықпалы.

   Интернет пен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сайттардың еркін қолжетімділігі де жастарды жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген жасты көрсек, таңырқайтын кезге тап болдық.Интернетте шетелдегі псевдошейхтар мен еліміздегі заңсыз уағыз айтушылардың уағыздарыбұрынғыға қарағанда біршама бәсеңсіді. Жастар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға имандай сеніп,оларға лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен бөлісіп отыруды үрдіске айналдырған.Сол мәліметтер мен видеолардың арасында жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын ақпараттар да жетерлік. Сондай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып жатқандары қаншама.

Үшіншіден отбасындағы тәрбиенің мардымсыздығы мен ата-анасының қарауынсыз қалуы.

   Толық отбасынан шықпаған мейірімге, тәрбиеге мұқтаж  бала жылулықты көшеден іздейтіні айтпаса да түсінікті. Ата-анасынан ала алмаған жылулықты көшеден іздеген жастардың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтырып жатады.Ата-аналардың көпшілігі күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыттары тапшы болып жатады. Ең бастысы бала-шағамыз қатарынан кем болмай, киімі бүтін, тамағы тоқ болса, қалтасында қымбат телефоны болса болды деп, материалдық құндылықпен шектелуде. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадис шәрифінде былай дейді: «Әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы-оны жақсы тәрбиелеу» Хадисті Имам Мүслим жеткізген.Сондай-ақ көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, немқұрайлы қарап, барлық міндетті мектепке итере салады. Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны айдан анық. Отбасында адал мен арамды білмей өскен бала,өскенде дінге  қатысты көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ата-анасынан ала алмағандықтан, көшедегі жат ағымның өкілінен сұрап, тұзағына оп-оңай түсіп кете барады.

Төртіншіден әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, жұмыссыздық.

   Тұрмыстың тапшылығы тауқыметінен жаман демекші  лаңкестік идеологияға бой алдырғандардың біразының тұрақты жұмыс орны жоқ, біразының баспанасы жоқ, біразының тұрмыс деңгейі төмен болған. Адам кейде жоқшылықтан, тұрмыстық тауқыметтің ауырлығынан айналасынан көмек сұрайтын сәттер өмірде жиі кездесіп жатады. Мұндай кезде жасаған жақсылық адамның өмір бойы есінен шықпай қалады. Осындай оңтайлы сәтті жат ағым өкілдері ұтымды пайдалана біледі. Дереу қаржылай қолдау білдіріп, жұмыс орындарын ұсынып, өзінің тобырына тартуды көздейді.

Бесіншіден психологиялық күйзеліске ұшырау.

   Қамшыныңсабындай қысқа,бес күндік жалған мынау өмірдежақсыны да жаманды да қатар көресің. Өмірдің ащысын да тұщысын да  басыңнан өткересің. Кейде болмашы нәрсеге балаша қуанып мәз боласың, кейде көңіл күйің болмай жабырқап, мазасызданасың. Күнделікті күйбең тірлікпен біреуге ренжіп ашуланасың, енді бірде ашуландырасың. Өмір бар жерде өлім бар демекші жақын адамыңнан айрылып, қан жұтасың.Бұл мынауөмірдің жазылмас заңдылығы. Әйткенмен де Жаратқан Алланың пенделері басына қиын-қыстау күн туып, қатты қиналғанда туған-туыс, дос-жараннан жылылық, мейірім, материалдық көмек бере алатын  жандар іздейді. Дәл осы сәтте әлгі дәстүрлі емес жат ағымның мүшелеріет жақын бауыры көрсетпеген жылулықты көрсетіп, бауырмалдылық танытып, жабырқау жандардың жанынан табыла кетіп, қайғысын бөлісіп, көңілге демеу береді. Осылайша айырылмас досқа айналып, әлгінің айтқанынан шыға алмайтындай халге душар болғанын өзі де сезбей қалады.

Алтыншыдан жұмыс орны мен араласатын ортасы.

   Жалпы дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері мемлекеттің жұмысынан бас тартып, сауданы берекесі бар сүннет амалдардың біріне балап, көпшілігі сауда саттықпен, жеке кәсіппен айналысады.Деструктивті теріс пиғылды жат ағымның жетегінде жүрген азаматтардың арасында да кәсіптің көзін тапқан, материалдық жағдайы жақсы, қалтасы қалың  азаматтар үлкен сауда орнындарын, базарлардан дүңгіршек, құрылысқа қажетті заттар сататын дүкендер ашып, оған жұмысшыларды тарта бастайды. Жұмысқа өзінің пікірімен пікірлес, діни көзқарасы сәйкес келетін сенімді азаматтарды іздейді. Өзінің ойындағысын таппаған жағдайда діннен хабарсыз жүрген жастарды қарамағына тартып, жоспарлы түрде үгіт-насихат жүргізіп,қатарын толықтыра түседі. Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіндекейбір жастардың дінге бет бұруы араласатын достарының ықпалымен келгендігін көрсетеді. Кейбір жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында, спорттық алаңшаларда шала сауатты, уағыз айтқыш жастар табылып жатады. Шала сауаттылардыңайтқан уағыз-насихаттарына уланып, жастардың дінге деген көзқарасы бұрыс жағына қарай өзгеріп шыға келеді.«Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген тамаша тәмсіл де сөзіміздің айғағы.

Жетіншіден шетелдегі заңсыз оқу орындарында білім алу.

   Жалпы  Қазақстанда жат ағымның кең таралуының себебі шетелден теріс діни білім алу.  Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап,шетелге діни білім алушылар көбейді. Ол жылдары елімізде сауатты діни білім беретін оқу орындары болмады.Ал, қазіргі таңда діни бағыттағы оқу орындары жеткілікті. Шетелдің діни білім беретін оқу орындарына мұқтаждық азайды. Дегенмен де суды бұлақтың басынан ішейік, шетелдің оқу орындарында, ғалымдардың алдында отырып, білім нәрімен сусындайық дейтіндер де табылады. Сол мақсатпен шетелге барған, діни сауаты аз жастар, заңсыз хужраларда, тіл курстарында сабақ беретін шейхтардың улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады. Елгекеліп, өз уағыздарымен ылаң салып жүргендері де баршылық.Сонымен қатар шетелде діни білім алып, елге оралып, абыройлы қызмет жасап жүргендерді де жоққа шығара алмаймыз.

Сөзімізді қорытындылай келе, айдың күннің аманында, қазақ жастары түрлі себептермен, жат ағымның арбауына арбалып, адаспаса екен дегіміз келеді. Ол үшін жастар ғылым-білімге бейімделіп, парасаттылық жолын таба білуді үйрену керек. 

Еңбекшіқазақ ауданының  АТТ мүшесі, Қызылжар ауылы

«Қалыбек батыр» мешітінің имамы: Карибаев Султанбек Базарбайұлы.

 

 

 

Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2023 15:50

Отаны бірдің тілегі бір

 «Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас» . Туған жер ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әрбір адам үшін туған жері әр уақыттада қымбат.Туған жерсіз адамның күні жоқ екені мәлім.

   Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық  борышы.

  Әркімнің де өсіп-өнетін жері – оның Отаны. Адам туған жерін, Отанын қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс. Қазағым - «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» деген. Ендеше туған жері мен елін құрметтеу, оның даңқын асыру әрбір азаматтың қастерлі борышы.

Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Меккеге қарап тұрып: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де мүшріктер қуып шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – дейді.

   Олай болса, адамзаттың асылы Алланың Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   де туған жерін, Отанын қатты жақсы көрген. Елін, жерін жамандыққа қимаған. Туған-туысы, жұрты тура жолда болса екен деп тілеген.

    Мәдинаға көшіп келген соң қасындағы қоныс аударушы сахабаларымен бірге Меккені аңсап, сағынышын білдіргені тарихтан мәлім.

   Бір кісі «Уа, Расулалла! Бір адам өзінің ұлтын, қауымын жақсы көрсе, ол рушылдық болып санала ма?» − деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   «Жоқ. Егер адам өзінің қауымының зұлымдық қылуына жәрдем берсе, сонысы рушылдық», − деп жауап береді.

Әрбір адамға туған жердің топырағы ерекше ыстық. Туған жердің ауасы, топырағы жанға шипа, тәнге дәру. Әрбір адамның Отанға деген сүйіспеншілігі сөзінде де  ісінде көрінуі тиіс.

  Адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі сөзінде қалай көрінеді? Ақылды адам Отаны туралы зәредей жаман сөз айтпайды. Басқа жұрттың алдында елін, жерін мақтан тұтатады.

   Расында біздің ата-бабамыз аса отаншыл, елжанды, ұлтжанды болған. Егер Алаш жұртының бірлігі болмаса, отансүйгіштік жанқиярлығы болмаса, бұл жер, қазақ деген халық, Қазақстан деген кең-байтақ тәуелсіз ел де болмас еді. Отан елден, жерден тұрады. Ал әлеуметтің, қоғамның бірлігі – Отанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұқара халық арасында ауызбірлікті, ағайыншылдықты уағыздау Жаратқанның бұйырған ісі. Өйткені біз – жақсылыққа бұйырып, жамандыққа тосқауыл жасайтын үмбеттің ұрпағымыз.

Алла Тағала былай дейді: «Сендер адамдар үшін шығарылған үмбеттердің ішіндегі ең қайырлысы болдыңдар. Өйткені жақсылыққа бұйырасыңдар, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға сенесіңдер» (Әли Имран, 110-аят).

Адамның отаншылдығы, туған жерге деген ықыласы мен құрметі оның ісінде де көрінеді. Қайда жүрсе де туған жерін ұмытпайды. Қолынан келгенше Отанына қызмет етуге тырысады.

Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  : «Адамдардың ең қайырлылары адамдарға көбірек пайда әкелгендері», – деп жауап берген .

Сондықтан туған елімді сүйем деген әрбір азамат ол айтқанын туған елге жасаған жақсылығымен дәлелдеуі керек.

«Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөздің мағынасы терең. Өйткені, иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз адам отанның қадір-қасиетін білмейді. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан.

   Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Мұның мағынасы Отанды қорғау, тыныштығын сақтау жолындай қажырлы еңбек етуді білдіреді. Сондай-ақ, туған жер ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан жер болғандықтан ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді.

Алла елшісі: (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   «Екі көзі тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз, Алла жолында елін күзеткен көз», – деген.

    Әлемдегі кез келген ұлт үшін ең үлкен байлық, ол – тәуелсіздік. Аллаға сансыз шүкір Қазақстан тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, тарихи даму сатысының әр кезеңіне қадам басқан сайын, өткеніне шүкіршілік айтып, болашағын бағдарлау үстінде. Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет. Тек тәуелсіздігі бар ел ғана ойындағы асқақ армандарын жүзеге асырып, жарқын өмір сүре алады.

  Отанды сүюмен патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - бәрі қатарлас ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілік - оған жанашырлықпен қарауға, көркейтуге үлес қосуға, адал қызмет етуге, халықты сыйлауға, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын құрметтеуге негізделуі тиіс.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық

«Имам Мұхаммед» мешітінің

бас имамы   Қондыбаев Ибрагим Нұрахмедұлы

Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2023 15:34

«Кедергісіз келешек» партиялық жоба

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Еңбекшіқазақ аудандық филиалына қарасты Тескенсу БПҰ-ның ұйымдастырумен.

Өскелең ұрпақты өз халқының тарихы мен тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, мәдени қасиеттері мен ұлттық құндылықтарын тереңнен түсіне алатын ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу, ұлттық ойындарымызды нәсихаттау мақсатында. Жамбыл атындағы орта мектебінде, тоғыз құмалақ ойынан жасөспірім оқушылар арасында шеберлік сағаты өткізілді.
Іс шараға аудандық мәслихат депутаты Саят Даимбаев қатысты

Жұма, 01 Желтоқсан 2023 15:03

ИНВЕСТИЦИЯ

Негізгі капиталға инвестициялардың жоспарланған көлемі 850,4 млрд. теңгені, НКИ - 107,3% -ды құрайды.


Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 519,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111% -ға өсті Көрсеткіштің орындалуына қол жеткізілді:
- ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарға жұмсалатын шығындар 400,7 млрд. теңге
- машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар 107,6 млрд. теңге, өзге де шығындар 10,8 млрд. теңге
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында меншікті қаражат 409,8 млрд. теңгені, бюджеттік қаражат 109,4 млрд. теңгені (РБ-37,9 млрд теңге, МБ- 71,5 млрд. теңге) құрайды.
2023 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 484,2 млн. долларды құрады АҚШ долларын құрайды. (2023 жылға арналған жоспар - 478 млн. АҚШ даллары). 2022 жылы 698,0 млн. доллар түсті АҚШ долларын құрады.
Алматы облысының инвестициялық жобаларының жалпы ұлттық пулы 16 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1 124,1 млрд теңгені құрайтын 50 инвестицилық жобадан тұрады.

Промышленность является двигателем экономического развития.
​Треть валового регионального продукта Алматинской области формируется промышленным сектором. Об этом сообщил аким Алматинской области, Марат Султангазиев, в ходе брифинга СЦК. По словам главы региона, по итогам 10 месяцев текущего года ВРП достиг отметки порядка 1,2 трлн тенге.


​В своем выступлении глава региона подчеркнул важность обрабатывающего сектора, который составляет 90,6% от общего объема промышленности.
​«Этот показатель является одним из самых высоких во всей республике. Здесь 18 ключевых брендовых предприятий вносят значительный вклад, производя более половины промышленной продукции региона. Наша задача заключается в дальнейшем разнообразии этих предприятий, включая автоматизацию процессов на существующих производствах», - поделился Марат Султангазиев.
​В ходе брифинга аким области рассказал о предпринимаемых мерах по обеспечению успешного развития отрасли. По его словам, для достижения поставленных целей был сформирован портфель инвестиционных проектов до 2030 года, включающий 209 инициатив на общую сумму более 3 трлн тенге, что позволит создать около 25 тысяч новых рабочих мест в Алматинской области

Жұма, 01 Желтоқсан 2023 14:57

Роль МСБ в экономическом развитии

​Малые и средние предприятия играют одну из ключевых ролей в экономическом развитии. Аким Алматинской области Марат Султангазиев в ходе брифинга СЦК сообщил, что по итогам 1 полугодия субъектами малого и среднего бизнеса произведено продукции на 1,5 трлн тенге. По его словам, в текущем году уровень налоговой базы МСЮ составил 219,4 млрд.тенге, что на 15% выше показателей аналогичного периода 2022 года.


В ходе выступления Марат Султангаиев отметил, что в настоящее время, в сегменте малого и среднего бизнеса трудоустроены порядка 240 тысяч жителей области, при этом общее число предприятий превышает 136 тысяч. Глава региона отметил, что только в текущем году свыше 26 тысяч граждан решили открыть собственное дело. Аким области рассказал о мерах государственной поддержки оказываемой субъектам МСБ.
«Инициативы жителей в развитии малого и среднего бизнеса активно поддерживаются государством. В рамках Национального проекта по развитию предпринимательства в текущем году выделено 28,9 миллиарда тенге. На данный момент 371 субъект МСБ получил льготные процентные ставки, 235 получили частичное гарантирование, выдано 272 микрокредита и предоставлены 360 грантов для начала собственного дела, в том числе для молодых предпринимателей. Этот сектор экономики стал основой для области, охватывая почти все сферы экономической активности», - поделился он.

Жұма, 01 Желтоқсан 2023 10:26

Бала денсаулығы – ұлт байлығы

Бүгінгі бала – ертең еліміздің тұтқасын ұстар азамат, мемлекеттің болашағы. Сондықтан болашақ иелерінің жаны мен дені сау болып өсуі аса маңызды.

Бұл сұхбатымыздың арқауы зейнетке шыққанына қарамастан, қазіргі кезде ауданымыз бойынша балалар денсаулығының сақшысы болып, педиатр әрі

балалар неврологі ретінде қызметін жалғастырып, кейінгі буын – жас мамандарға осы сала бойынша жинақталған тәжірибесін үйретіп жүрген, халық құрметіне бөленген Гүлжан Умекова туралы  болмақ.

– Гүжан Рыскелдіқызы, алдымен өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Мен Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы орта мектепті алтын медальмен тәмамдап, Алматы мемлекеттік медицина институтына педиатрия мамандығы бойынша оқуға түстім. Қолыма диплом алған соң, Шелек аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімшесінде  еңбек жолымды бастадым. Кейін ауданның педиатрия жөніндегі бас маманы, осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалып, 2018 жылға дейін абыроймен қызмет атқарып келдім. Сонымен қатар, аудан деңгейіндегі педиатрия бойынша бас маман қызметін қатар алып жүрдім.

– Сізді өте еңбекқор, ұйымдас-тыру қабілеті жоғары, жаңашылдық-ты жаны сүйетін, жылы жүректі, мейірбан, өз ісіне адал балалар дәрі-гері  ретінде көпшіліктің құрметіне бөленгеніңізді, тіпті «бала біткен-нің анасы» деп атап кеткенін де білеміз.

– Бар еңбегім балалар денсаулығына арналған соң, балалар ауруларының алдын алу, профилактикалық шаралар жүргізудің, балалар өлімін азайтудың тиімді жолдарын іздестіруге, емдеу шараларының жаңа тәсілдерін қолдану-ға қолдан келгенімді аянған жоқпын. Халық құрметіне бөлендім. Соның арқасы шығар, еңбегім еленіп, облыс деңгейінде көптеген алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталдым. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын алдым. Сондай-ақ, «Мәслихат депутаттарына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медальдары-мен, мемлекеттік емес конкурсқа қаты-сып, «Қазақстан Құрметті азаматы» атағын жеңіп алдым. Аудандық мәсли-хаттың V шақырылымының депутаты болдым.

– Қазіргі кезде сіз қолға алып, айналысып жүрген патронаждық қызметтің мақсаты мен міндеті қандай? Соны түсіндіріп кетсеңіз.

– Қазақстан Республикасы Денсау-лық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 15- наурыздағы №25 бұйрығына сәйкес, елімізде педиатрия саласындағы қызмет көрсетудің стандарты нақты және анық көрсетілген. Қазіргі кезде медицина саласының амбулаториялық-поликлиника саласы отбасы дәрігерлік жүйемен халыққа қызмет көрсетеді. Бұрынғы жүйедегідей педиатр және терапевт болып бөлінбейді. Әрине, отбасы дәрігері бұйрықта көрсетілгендей балаларға сапалы қызмет көрсете алмайды. Сондықтан да, осы бұйрық аясында 2015 жылдан бастап Қазақстан территориясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ балалар қоры ұсынған, елімізге бейімделген патронаждық медбикенің жаңа әмбебап-прогрессивті моделі енгізілуде. Бұл бағдарламаның маңызы өте зор. Жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларды сапалы қарау үшін арнайы патронаждық қызметкер бөлінеді. Бала анасының жатырына біткен уақыттан бастап 5 жасқа дейін осы арнайы бөлінген патронаждық медбикенің  қарауында болады.

Жүкті әйелдің көңіл-күйі, дұрыс тамақтануы, денсаулығы, оның әлеуметтік жағдайы,  босанғаннан кейінгі жағдайы, баласының даму кезеңдері жасына сай ма, баланың дұрыс, толыққанды дамуына қандай жағдайлар жасалуы керек, қоршаған ортаның балаға қаншалықты әсері бар – осындай мәселелердің бәрін мұқият бақылап, дер кезінде сауатты кеңестер беріп, ата-анамен сенімді қарым-қатынас орнатып, дұрыс жұмыс жасайтын осы патронаждық қызметкер. Күрделі жағдайлар кездескенде отбасы дәрігерімен, әлеуметтік қызметкермен және де тағы басқа профильдік мамандармен командалық топ құрып, бірлесіп шешуге атсалысады.

– Қазір бұл патронаждық қыз-меттің қолданыс аясы қалай?

– Қазіргі жағдайда бұл қызмет өз деңгейінде халыққа қызмет көрсете алмай келеді. Мысалға, Шелек ауруханасын алайық. Мүмкін патронаждық қызметкерлер бөлінген шығар, оқытылған шығар, дегенмен де бір учаскіде тұрақты қызметкерлер жоқ. Дәрігері де, медбикесі де жиі ауысып кетеді. Баланың дамуы және  қандай да бір проблемасы болса, онымен уақтылы жұмыс жасап, реттейтін тұрақты адамдар жоқ деп нақты айта аламын. Өйткені, мен күнделікті неше түрлі проблемалармен балаларды қабылдаймын. Жүкті әйелдерге ақыл-кеңес толыққанды берілмегендіктен туу процесі кезінде босанатын әйелдер нәрестелерін наталды травмалармен туу жиі орын алып барады. Сондай-ақ, балаларды алты айға дейін тек ана сүтімен, ары қарай жасына сай сапалы қосымша тамақпен бірге ана сүтімен тамақтандыруды екі жасқа дейін созу қағидасы сақтала бермейді. Сауатты кеңес берілмегендіктен ата-ана өздігімен тамақтандыра бастайды. Бұл баланың дамуына теріс әсерін тигізеді. Алты айдан бастап балаларға дұрыс қосымша тамақ ережесін анасы да, әкесіде білмейтін жағдайлар кездеседі.

– Кейінгі кезде балалардың тілі кеш шығуы жиі кездесуде. Бұның салдары неден?

– Оныңыз рас. Бұл – қатты алаңда-татын мәселе. Қазіргі  кезде  уақтылы тілі шықпай, сөйлеуі тежелген балалардың саны артуда. Бұл да осы жаңа бағдарлама аясында тұрақты, сауатты түрде жүргізілетін жұмыс. Ерте жастағы балалардың даму мониторингісінің 10 қадамын бақылау – отбасы дәрігері мен патронаждық қызметкердің міндеті. Бұл жұмыс та ақсап жатыр.

Отбасы әлеуметтік жағдайына байланысты кейбір ата-аналар балаларын балабақшаға ерте береді. Балабақшаға бала тек 2,5-3 жасынан бастап қабылдануы тиіс. Және баланың дамуы жасына сай болса ғана. Ескі көзқарас – «балабақшаға барса сөйлеп кетеді, дамып кетеді» деген өте теріс пікір. Баланың үйретушісі де, оқытушысы да, тәрбиешісі де – ата-ана. Ал, ата-анаға дұрыс ақыл-кеңес беретін де, оларды үйрететін де – патронаждық қызмет.

Ауырған балаларға қызмет көрсету жағы да ойландыратын жағдай. Жас дәрігерлерге де ақыл айтып, практикалық кеңес беретін, тәлімгер болатын тәжірибиелі дәрігерлер жағын да ойластыру керек. Ауруы асқынып, ауыр жағдайдағы баласын амалдың жоқтығынан ата-анасы тәжірбиелі дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болады. Ондай жағдайда талай баланы қарауға тура келді.

– Туа біткеннен денсаулығының кінәраты бар балалар да көбеюде.

– Сөзіңіздің жаны бар. Медицина саласынан басқа мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеп, бейімду мекемелері де жұмыс істейді. Мысалы, Шелекте коррекциялық педагогикалық-психологиялық кабинет бар.  Мұнда мүмкіндігі шектеулі, сөйлеуі, психикалық дамуы тежелген балалардың саны 200-ден асады. Олардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Қазір бұл кабинет политехникалық колледжінің жатақханасында уақытша орналасқан. Өйткені, Абай атындағы мектептің бір қанатын жалдап келген, оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Осы уақытқа дейін штаты сол баяғы қалпы. Көмекке зәру бала саны көбеюде. Сондықтан бұл кабинет балаларды толыққанды қамтамасыз ете алмайды.

Өзіңізге белгілі, бұрынғы балалар ауруханасы болып 20 жыл халыққа қызмет еткен мекеме біресе емхана, біресе басқа мекеме болып сан құбылды. Халықтың қажетін өтеп жүрген балалардың киелі мекенін жаппай-ақ, осы коррекциялық кабинетпен біріктіріп, балаларды дамыту орталығына айналдырып, қызметкерлер санын арттырып, балалардың игілігіне қолдануға әбден болар еді.  Бала денсаулығы – ұлтымыздың байлығы. Өйткені өскелең ұрпақ – елге тұтқа болар келешегіміз.  Бұл мәселені шындап қолға алатын кез – бұл.

– Сұхбаттасып, оңтайлы ой бөліскеніңізге рахмет. Ел үшін атқа-рып жүрген ерен еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспіз!

 

Тілдескен Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы. Өйткені, сонау ғасырлардан бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымыз  – еліміздің дамуы мен мәдениетінің айнасы. Демек, сан ғасырлық  тарихы бар рухани құндылықтарсыз ұлттың дамып, өркендеуі әсте мүмкін емес.

Әймен орта мектебінде ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты аудандық семинар өтті. Аталған шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары   қатысты.

Семинар мектеп оқушыларының әуелеген әнімен, күмбірлеген күйімен басталды. Шараның шаттығын асырып ақ шашу шашылды. Одан ары семинар «Ұлттық құндылықтарға арналған таныстырылымға ұласты. Ал таныстырылымда ұлттық ойындар, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер, қазақтың музыкалық аспаптары, киелі сандар, ұлттық мереке мен мектеп оқушыларының назарына ұсынылған кітаптар көрсетілді. Әсіресе, «Үме», «Сырғалы», «Сірге мөлдірету», «Деңгене», «Бәсіре» сияқты ұлттық дәстүрлер көп көңілін аударды. Сонымен қоса, «Дауылпаз», «Тайтұяқ»  сынды музкалық аспаптардың маңыздылығы түсіндірілді.Қазақ үшін әр санның өзіндік қасиеті мен киесі, сыры мен жұмбағы, мән-маңызы болған. Халқымыз әр санның өзіне тән ерекшелігін саралап, жөнімен қолданған.  Таныстырылымда қасиетті сандар және олардың киесі туралы айтылды. Семинар қатысушыларына «Тәрбие негізі  ұлттық құндылықтарда» және «Шежіре – тарихи және рухани құндылық» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Онда ар, ұят, талап ұғымда-рының тәрбиелік және философиялық  мәні кеңінен  талқыға салынды. Ал шежіре та-қырыбында жеті ата мен жеті ұрпақ және қазақтың өзге де туыстық байланыстары  тереңінен  сөз етілді.Семинар аясында  «Роль лошади  в траицонной культуре казахов», «Ғасырмен үндескен қобыз», «Ұлттық  құндылықтар – ел қазынасы», «Национальные ценности культуры казахсого народа» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

– Қазіргі ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну керек. Ұлттық тәрбие деп – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуын, яғни ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айта-мыз. Біз ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға күш саламыз. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті, – дейді  мектеп директоры Ақмарал Есенбаева. Семинар соңын қорытындылған аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарима Әбілханқызы ұлттық тәрбиені мектеп жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарау керектігін айтты.                                                          

     Е.АСЫЛ.

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет