Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі төңірегіндегі сыбайласжемқорлықтың алдын алу тақырыбы бүгінде өзекті. Осы ретте Алматы облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жағдайды бақылауға алған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғау шаралары бекітілген. Мүгедектік белгілеу рәсімі науқас тіркелген медициналық ұйымнан басталады. Медициналық ұйымдар, толық диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, негіздемелер болған жағдайда, белгіленген мерзімде, дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша медициналық…