Жұма, 26 Наурыз 2021 09:29

Боксшыларымыз финалға жолдама алды

Спортты жанына серік еткен жастарымыз бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде өткен байрақты бәсекелерден жүлделі оралып, ауданымыздың намысын қорғап жүр. Әсіресе, былғары қолғап шеберлері аймақтық додаларда биіктен көрінуде.

Жақында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында өткен Шығыс аймақтық біріншілікте 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділет Тортубек  (бапкері Ерлан Ислам), 56 кг салмақта Жәнібек Таубек (бапкері Аркен Даутов) жеңімпаз атанды. ШҚО, Ақмола, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары қатысқан жарыста өздерінің шеберліктерін көрсете білді.

Ал бокстан ауданымыздың бас бапкері, халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі Тілек Манаптың бабынан шыққан Алижан Нұрқанат Түркістан облысы Шардара ауданындағы Оңтүстік аймақтық біріншілікте 66 кг салмақта қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жеңіспен оралды.

Осылайша, үш спортшымыз Атырауда сәуір айының 9-14 жұлдызы аралығында өтетін ҚР ақтық финалдық кездесуіне жолдама алды. Бұл кездесуде қарсыластарынан басым түскен былғары қолғап шеберлері Азия чемпионатында өнер көрсетеді.

– Қазіргі  уақытта спортшылар алдағы додаларға қызу дайындық үстінде. Атыраудағы ақтық ойында жеңіске жетіп, Азия чемпионатында еліміздің көк Туын желбіретуге барымызды саламыз – дейді Тілек Манап.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 5950 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет