Дүйсенбі, 06 Желтоқсан 2021 12:07

Кілемде кішкентай «Қажымұқандар»

Құла түзге құт қондырып,  қызырлы Сөгеті-Нұра ауылының алғашқы қазығын өзі қағып, 30 жыл өзі басқарып, көркейген елді мекенге айналдырған, артына өшпестей із қалдырып, республикаға еңбегі сіңген қайраткер, Алматы облысының құрметті азаматы атанған ел ағасы Сағыныш Еспергеновті ауылдастары да құрмет тұтады. Сондықтан болар марқұмды  еске алып,  жыл сайын қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтетіні.

Шелектегі  аудандық 2 БЖСМ-нің басшысы, кик боксингтен әлем кубогінің иегері Елмұрат Қайыпжановтың ұйымдастыруымен 20-қараша күні басқа күрес түрлерінен артықшылығы басым бұл бекзада ұлттық күрестен 2009 – 2012 жыл арасында туылған жасөспірімдер арасында Нұра ауылының мектеп-интернатының спорт залында облыстық ашық турнир өтті. Сағыныш Еспергеновтің 95 жылдығына арналған бұл  жарысқа Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облысынан, Алматы қаласынан және аудан округтерінен 13 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Кілемде күш сынасқан кішкентай «Қажымұқандарға» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бас жаттықтырушысы болған ардагер Мәлік Надірбеков, аудандағы спорт ардагерлері  сәттілік тілеп, ақ тілектерін айтты.

Марқұмның балалары мен немерелері  боз кілемде топ жарған балуандардың өздеріне тиесілі медальдарын тағып, диплом, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Дәстүрлі жарыс келер жылы да жалғасын табатын болады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2169 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Чемпионға құрмет Еске алу турнирі өтті »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет