Дүйсенбі, 11 Сәуір 2022 16:24

Күрделі спорт түрінің хас шебері

Кикбоксинг – шығыс жекпе-жек түрлеріне (каратэ, таэквондо, тай боксы, у-шу) және ағылшын спортына негізделген спорт түрі. Кикбоксинг терминін айналымға осы спорт түрінен дүниежүзінің бірнеше дүркін чемпионы, америкалық кионоактер Чак Норрис енгізген. Ал Қазақстанда бұл спорт 90 жылдары қатты дамыды. Елімізден дүниежүзі мен Еуропа чемпиондары шықты. Кикбоксингтің дамуына Сабыржан Махметов айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар, осындай күрделі спорттан жетістікке жетіп, еліміздің көк туын байрақты бәсекелерде желбіреткен азаматтардың бірі – Жабай Есжанов.

Жабай Есжанов 1969 жылы Оңтүстік өңірде қарапайым отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласында институтқа түсіп, 1986 жылдың аяғында бокс секциясына қатысады. 1987 жылы әскер қатарына шақырылып, Сібірде 4 ай инженерлік әскерде жаттығудан өтіп, Германиядағы Кеңес әскеріне қосылады. Осында жүріп бөлімше командирі қызметін атқарады. Отан алдындағы борышын өтеген соң, 1989 жылы каратэмен шұғылдана бастайды. Бірде спортзалда кездейсоқ Сабыржан Махметовпен кездесіп, кикбокстан жарысқа шақырту алады. Алматы қалалық біріншілігінде бірінші орын иеленіп, Қазақ ССР-ның біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. 1990 жылы Қазақ ССР-ның чемпионы атанады.

Жабай Есжанов кикбокспен қатар ушу-сальдомен де шұғылданады. 1992 жылы Қытайдың Ченьджоу қаласындағы «Шаолинь» фестиваліне қатысып, 80 кг салмақта бірінші кездесуде аспан асты елінің чемпионын нокаутқа жібереді. Бірақ жеңісті Қытай спортшысына береді. Бұл Қытай төрешілері тарапынан жасалған үлкен әділетсіздік болды. Бұдан да биік шыңдарды бағындыруға бет бұрған Жабай Есжанов Малайзияда (1993), АҚШ-та (1995) өткен әлем чемпионаттарына қатысады. Он үш жыл мемлекеттік қызметте болып, оқ ату спортына қатысып, жетістіктерге жетеді. Бокстан, кикбокстан, ушу-сальдодан шәкірттер тәрбиеледі.

Жекпе-жек өнерін терең зерттеген спорт шебері Жабай Есжанов ардайым еңбекқор, әділетті болып, ұлтымыздың тілін, дәстүрін құрметтейтін азаматтарға ғана өмірде үлкен жетістіктерге жететінін айтады.

 А.КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Оқылды 1754 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Чемпионат – на три «пятерки»! Спорт – сенің серігің »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет