Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022 11:47

Желтоқсан – өшпес рухтың алауы

Қазақстан  ауылдық округіндегі Жүнісбай Қайыпов атындағы мектепте ауданымыздағы желтоқсаншылар және «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ұйымдастырумен Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

Жасөспірімдер арасындағы доп додасына өңірімізден 4 команда бақ сынады. Жарыстың ашылуында cөз алған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков Тәуелсіздік күні мерекесімен жиналған жұртшылықты құттықтап, жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттаудағы шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге шараны ұйымдастырушылардың бірі Желтоқсан оқиғасына қатысушы Сағидолла Мергенбаев сөз алып, тәуелсіздік жолындағы арыстарымыз халықтың мәңгі жадында екендігіне тоқталып, Тәуелсіздіктің талай адамның қанымен, көз жасымен келгендігін айтып, ізгі лебізін білдірді. Қазақстан ауылдық округі әкімінің орынбасары Марат Қанаев бірқатар желтоқсаншыларға арнайы алғыс хаттар табыстады.

Өңірімізде алғаш өткізіліп отырған Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған шағын волейболдан турнирді ұйымдастырушы ауданымыздағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар жандардың еңбегін айырықша атап өтуге болады. «Тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатқан қазіргі ұрпақ бақытты. Тәуелсіздікті баянды ету үшін білім мен бірлік керек. Елдігімізді баянды ету жолында тынбай күресуіміз қажет!» – дейді Желтоқсан ардагерлері. Жарысқа аудан көлемінен 40-тан аса мектеп оқушылары волейбол бәсекесінде бақ сынады. Спортты жанына серік еткен жасөспірімдер өз өнерлерін әйгілеп, жиналған жұртты сүйсіндірді. Жарыс қорытындысы бойынша Қаратұрық ауылдық округіндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп командасы 3 орынды, Қазақстан ауылдық округіндегі Ж.Қайыпов атындағы орта мектеп командасы 2 орынды, Бәйдібек би ауылдық округіндегі Н.Островский атындағы орта мектеп командасы 1 орынды иеледі. Жарыс жүлдегерлері дипломдар және медальдармен марапатталды. Сонымен бірге, спорттық додада топ жарған Н.Островский атындағы орта мектеп командасына аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің арнайы кубогі табысталды. Жарыста үздік ойнымен көзге түскен оқушылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ауданымыздағы айтулы шараны ұйымдастырушылар Желтоқсан қаһармандарын еске алып, әруақтарға құран бағыштады.

                      Е.АСЫЛ.

Оқылды 2349 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет