Бейсенбі, 22 Қазан 2015 12:35

Үш алтын, үш күміспен оралдық

Жақында Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті. Оған ауданнан 6 боксшы қатысып, өз бақтарын сынады.

 

Облыс көлемінен 255 қатысушы өнер көрсеткен бәсекеде аудан спортшыларының мерейі үстем түсті. 6 былғары қолғап шебері да ақтық сынға дейін жетіп, өздерінің шеберліктерінің арқасында жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде, Бекбосын Бегов, Руслан Жүкен мен Қасым Қонысбай өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығалап, алтын медальға ие болды. Ал, Нұрбақыт Қызыр, Еркебұлан Тілеулес пен Әлихан Әлібек жүлделі екінші орыннан табылды. Айта кетейік, Әлихан Әлібек үздік боксшы атанып, қосымша кубокпен марапатталды.

– Шәкірттерімнің барлығы тыңғылықты дайындықпен барды. 4 күнге созылған сайыс оңай болған жоқ, әрине. Алайда, балалар ауданның намысын қолдан бермеді. Осы орайда  Рахат орта мектебінің директоры Бақытжан Рақымжанға айтар алғысымыз шексіз. Аталған мектеп ғимаратында жаттығып, шеберлік шыңдауымыздың арқасында осы жеңіске жеттік – дейді бапкер Тілек Манап.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4164 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет