Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 15:04

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері орыс тіліне аударылды

«Өркениет дегеніміз - мәдениетті қоғам қалыптастыру» деген Джон Рескиннің сөзінен,  руханияттың кемелденуі қашанда маңызды екенін аңғаруға болады. Ой-өрістің кеңейуі үшін мәдени шаралардың жүйелі түрде өткізілуі керек-ақ. Бұл ретте Алматы облысында бір қатар жұмыстардың жүріп жатқанын   атап өткен жөн.

Биылғы жылы, Жетісу өлкесінің еншісіне 33 шара бұйырған.Оның 6-ы республикалық, 17 облыстық, 10 аудандық деңгейде өткізіледі.

Мерейтойлардың ішіндегі шоқтығы биігінің бірі, Жамбыл Жабаевтың 175, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. 

Заманының заңғар тұлғаларының шығармашылығын насихаттау бағытындағы шаралардың шымылдығы түріліп те үлгерген. Мәселен, Жыр алыбы Жамбылға арнап оқушылар арасында онлайн форматта  республикалық ақындар айтысы өткізілсе, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әсем әннен «Жырлайды жүрек» байқауы өз мәресіне жеткен. Аталған ән сайысында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Рамазан Стамғазиев бастаған бір топ өнер адамдары қазылық еткен. Жеңімпаздар 9 ақпан, ақынның туған күнінде марапатталатын болады. Жүлде қоры да қомақты. Бас жүлде екеу 500 мың, 1 орын - 400 мың, екінші орын екеу, оған 300 мың, екі үшінші орынға 300 мың теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығына 100 мың теңге көленмінде қаржылай сыйлық табысталмақ.

Сонымен қатар, қос саңлаққа арналып кітап шығарылған. Бірі, Әлихан Қалижанның қаламынан туындаған «Жамбыл» кітабы болса, екінші «Возвращение ласточки» деп аталынатын туынды да, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері орыс тіліне аударылған. Ақынның өміршең өлеңдерін аударған Орынбай Жанайдаров. Мәдениеттің мәйегі болған кітаптар 500 дана таралыммен жарық көріп отыр.

Облыстық мәдиениет  басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлының айтуынша, мерейтойдың аясында қос ақынның туған өлкесі көркейе түспек. Сәйкесінше, туған жерлерінде  біршама жолдар жасалынып, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, Мұқағали Мақатаевқа  Райымбек ауданында ескерткіш орнатылатын болады. Және де, Жамбыл Жабаевтың мүйзеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алты алаштың арда азаматтарын ұлықтау ісі мұнымен толастар емес. Жаз айларында кәсіпқой суретшілер арасында «Жамбыл бейнесі», «Мұқағали мәңгілік бейне» атты облыстық пленэрлер, фотокөрмелерөткізіледі. Республикамыздың біршама аймақтарына Жамбыл Жабаев әдеби музейінің жылжымалы көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

«Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында «Жолбарыс би» және «Мұқағали» спектаклдері қойылады. Одан өзге,республикалық, облыстық ақындар айтысы, әншілер байқауы, ғылыми тәжірибелік конференциялар мен түрлі деңгейдегі көрмелер мен кездесулер, танымдық сағаттар, турнирлер, оқулар өтеді», - дейді Облыстық мәдиениет  басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

Айта кетейік, ел руханияты үшін еселі еңбек еткен КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың 95, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115, Қапан Мусиннің 100, Қаршыға Ахмедьяровтың 75, Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдықтарына орай еске алу концерттері ұйымдастырылады.

КГУ «JETISÝ MEDIA» Алматы облыстық ақпараттық алаңы.

Оқылды 1839 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет