Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 09:51

Жалғыз ағаш. Әңгіме

Ауылдың айналасына көрік беріп жайқалып тұрған ағаштарды осы жердің тұрғылықты адамдары  аз уақыттың ішінде түгел отап бітірген. Ағаштардың осыншама азайып құрып кетуі Тұрсын деген тынымсыз шалдың кесірінен болды.

Бірде ол ауыл адамдарын ертіп, ағаштарды кесіп әдемілеп күзейміз деп әкімшілікке барған. Ондағылар сол кезде-ақ «олай еткендеріңіз бола қоймас» деп рұқсаттарын бермеген. Бұлар өлердегі сөздерін айтып жүріп, ақыр соңында көндірген-ді. Содан кейін-ақ ауыл тұрғын-дары «рұқсат қағазымыз бар» деп, кез келген өсіп тұрған ағашты кесе беретін болды. Келе-келе түп-тамырымен бір-ақ кесіп алатынды шығарды. Маңайы бес-алты жылдың ішінде ауылдың айналасы құйрық-жалын күзеген тайдай шұнтиып шыға келді.

Бұл күндері ауыл маңында  құстар ұшып-қонып ұя салатын, боран-желде ық болатын  бірде-бір ағаш қалмаған. Ауылдың төменгі жағында жалғыз бір үлкен ағаш қана қалған. Бірақ ол ағаштың қасына ешкімнің батылы жетіп бара алмайтын. Бұтағын отынға пайдаланып, төңірегін ластаған тұрғындардың талайы осы ағашты отаймын деп келіп, белгісіз жағдайда о дүниелік болған.

Ауылда осындай болып жатқан жаңалықтардан Райхан кемпірдің жалғыз баласы Есен ғана хабарсыз еді. Бүгін  ерте тұрған ол қолына ара-балтасын алып, отын әкелуге аттанды. Көзіне жалғыз ағаштан басқа ештеңе көрінер емес. Ағашты асығыс балталай бастағаны сол еді, арқасына бір нәрсе сарт ете қалды. Жалт бұрылып жан-жағына қарады. Ешкім жоқ. Жұмысын қайта жалғастыра бергенде, арқасына екінші мәрте тиген қатты соққыдан ұзынынан сұлап түсті. Қолындағы балтасы өзіне тиіп, үсті-басын тіліп, қан-жоса қылды.

Кенет жоғарыдан шыққан әлдебір дауыс.

– Сені мұнда кім жіберді? – деді.

– Анам, – деп дірілдеді Есен есін жыя алмай.

– Әкең қайда?

– Бір жыл бұрын қайтыс болған.

– Көрдің бе, балам, сендерді қарғыс атқан. Жыл сайын көптеген ағаштар кесіліп, оталып жатыр. Қанша ағаш кесілсе, сонша ағаш-тың көз жасы бар. Ағаштарды осылай жыл сайын көптеп кесе беретін болсаңдар, көп ұзамай бүкіл ауыл қырылады. Менің осы айтқан-дарымды ауылдағы жан біткеннің бәріне бұлжытпай  жеткіз.  Ұқтың ба, балам?

– Иә, ұқтым ата. – Есен көзіне көрінбеген дауыс иесін қалай «ата» деп атағанын өзі де білмей бұғып отырған күйі әзер тілге келді.

– Онда бұл арадан тез табаныңды жалтырат! Әйтпесе, мерт боласың! Мерт боласың! Мерт боласың!

Жаңғырып шыққан дауыстан Есен қолындағы ара-балтасын тастай салып, ауылға қарай тұра қашты. Келе салып ауылдағыларға болған жайды жіпке тізіп айтып еді, ел дүрлігіп жағаларын ұстады.

Осы оқиғадан кейін ауылдан ұзап ешкім алысқа шықпады. Елдің бәрі оған құдайдай сенгенімен, күнде арақ ішіп мас болып жүретін Серікжан арақкеш қана нана қоймады. Иланбағаны былай тұрсын, бүкіл ауылды мазақ қылып күлді.

– Ха-ха-ха... Жалғыз ағашқа тіл бітті екен деп, қатып өліңдер. Ал менің қақаған қыста қатып өлер жайым жоқ, – деп, есік алдындағы соңғы ағаштарын кесіп жатқан көрші Нұрбол мен Асқардың қолындағы ара-балтасын тартып алып, ол аздай есек арбасын жегіп, солай қарай жүріп кетті.

Жиырма жыл түрмеде отырып қайтқан қандықолды ешкім тоқтата алмады. Ол кетісімен-ақ жойқын боран басталды. Жалғыз ағашқа лезде жетіп барған ол ерніндегі насыбайын шырт түкіріп, ағашты шаба бастады.

Желдің қатты соққанынан ба,  әлде пенденің еліре екіленген сиқынан сескенді ме, жалғыз ағаш жерге гүрс етіп құлап, айналаны тіптен күңірентіп жіберді.

Ауыл адамдары  жиналып барғанда, ағаш астынан ыңырси  естілген дауыс сап тыйылды. Оның жаны шыққанын күтіп тұрғандай, боран да басылды...

Жеңісбек КӨКЕНОВ.

Оқылды 2242 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мұқағали Мақатаев бар мұнда! Дәмді нан »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет