Сейсенбі, 14 Желтоқсан 2021 09:28

Кітап оқы, таңырқа

Кітап оқы, таңырқа Сурет интернеттен алынды

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. «Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды» дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана екенін бүгінде білмейтін адам кемде кем.

Кітап оқу да – денеге жасалған физикалық жаттығу секілді. Кітап оқуды үлкен жұмыс көріп, оны қиындатудың қажеті жоқ. Керісінше, оны дағдыға айналдыру керек. Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екенінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу адамның білім көкжиегін кеңейтіп, ішкі жан дүниесін байытады, есте сақтау қабілетін арттырып, сөздік қорын көбейтеді, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізуді дағыландырады.

Біздің кітапханаға оқырман сұранысындағы көптеген кітап жыл бойы түсіп тұрады. Соңғы уақытта кітапхана қорын толықтырған балаларға арналған кітаптардың біразына тоқтала кетуді жөн көрдім.

Б.Сарыбайдың «Ақтабан» туындысында балалардың ойына ой қосып, толғандырары сөзсіз. Автор – өмірді өлеңмен өрнектеген ақын ғана емес, қара сөздің де шебері. Ә.Беркімбайдың «Дәуіт атайдың ертегілері» аңыз-әңгімелерінде  Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл оқиғалары өте қызықты баяндалады. Белгілі балалар жазушысы Ә.Файзуллаұлының «Өтірік айтпайтын күн» ертегі-аңызында адамдық, адалдық, ар туралы айтылса, Ә.Қалдыбаев «Сағындым сені, інім» атты әңгімелерінде бауырмалдық, ағалық ақыл, інілік ізет, адалдық атаулыны болашақ ұрпақтың тұла бойына шебер тоғыстыра білген. Ал Г.Шойбекова «Тұғырылханның Көк Туы» әңгімесінде қазақ даласында шынығып, балалардың кешегі-бүгінгі тағдыр-талайлары, болмыс-бітімі суреттеледі. Жәндіктердің таңғажайып өмірін қызықты әңгімелеген В.Кострючиннің «Ержүрек құмырсқа» ертегісі де – балаларға ой салатын дүние. Ю.Серебрянскийдің «Қазақстандық ертегілері» әлемдегі ең жайлы өлкені суреттейді.

Бұл аталғандар – кітапхана сөресіндегі мол байлықтың кішкентай бөлігі ғана. Егер кітапханаға келер болсаңыз, таусылмас қазынаға тап боларыңыз анық.

Олай болса, қымбатты біздің оқырман, біздің кітапханаға келіңіз! Жаңа кітаптармен өзіңіз танысып көріңіз. Оқимын деген жанға біздің есігіміз әрдайым ашық!

 

Күлия Саурықова,

аудандық кітапхана қызметкері

Оқылды 2804 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Книга вместо интернета! Тәуелсіздікке тарту »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет