Сейсенбі, 07 Маусым 2022 14:06

Иран-Ғайып 75 жаста

Бүгін ақын, драматург ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың 75 жасқа толған туған күні.

Оның алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жинағы 1974 жылы жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалы жыр жинақтары шықты. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Иран-Ғайып Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері болған.

Назарларыңызға ақынның өлеңдерін ұсынамыз:

Бар пендесін жұмыр жер әлдилеген шағында,
Бар кеудені әсем саз ән билеген шағында,
Барлық елді бір ниет жалғап жатқан шағында –
Барлық ана соғысты қарғап жатқан шағында,Бір нәсілге бір нәсіл жақын болған шағында,
Бір нәсілге бір нәсіл ақыл болған шағында,
Айға алып корабль қатар ұшқан шағында,
Сан түкпірден дос жандар хат алысқан шағында,

«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап» әмәнда,
Бейбіт өмір сүргенің, ей, адамзат, жаман ба?!
Жылдан-жылға көбейтіп тарих беттің қыртысын –
Хайуаннан бетердей ақ пен қара қырқысып?!
Жатар болса жүректер ынтымақпен үндесіп,
Кіршіксіз пәк тілектер көтерілмек күнде өсіп.
Адамдарға лайық емес пе осы сыйластық,
Сыйластықты ұрпаққа кетейікші мирас қып!

* * *
Анда барсаң –
Иран-Ғайып налыған...
Мында келсең –
Иран-Ғайып арыған...
Неге налып,
Неден арып барады –
Жыр перзенті
Уызында жарыған?!
Неге?!
Неден
Сезім – суық,
Ой – тарын?!
Қыңыр тартпай,
Райымнан қайтайын –
Сырттағы жау
Іштен шықты демессің –
Жасырмайын,
Жан-сырымды айтайын:
Көремін де –
Бордай тозған Даламды,
Көремін де –
Жындай қозған Қаламды –
Зар илеймін...
О, Ел-Ана,
Жазғырма –
Рухани қарыны ашқан балаңды?!
Қара шашың Қуарғанын сеземін,
Ақ мамаңның
Суалғанын сеземін...
...Сезе-сезе –
Көзім жасы көл болып,
Өкпем өшіп,
Өртенеді өзегім!..

* * *

Тауқыметің зор болды,
Не көрмедің, Торғайым?!
Көк аттыға қор болды,
Көгергенің – әрдайым!
Жемітіндей Жебірдің –
Жезің, Күміс, Алтының.
Көркін ашар Өмірдің –
Жаз Күніндей Жарқыным.
Сыр Бойының сәлемін
Ала келдім Жеріңе.
Кеңейіп тар Әлемім –
Басымды идім Еліңе.
Темір-тәртіп – тізгіннің
Тепкісінен қорғайын?!
Тырнағынан құзғынның
Абай болғын, Торғайым?!
Бар ма Ақынның айыбы –
Ет-жүрегі езілген?!
Барлық пәле дәйімі –
Басталады Өзіңнен...
...Батырыңды жайратып,
Жата көрме, Торғайым?!
Ақыныңды айдатып,
Ата берме, Торғайым?!
Жер-Суыңды сауықтап,
Қалың кірме қаптаса,
Бір амалын тауып бақ –
Халық па амал таппаса?!..

* * *

Басым –
Екі Иінде,
Жұмалағым –
Дорбада:
Басымдағы киімге
Қарап –
Нахақ қорлама?!
Айтшы,
Кімдер кимеген
Құндыз,
Сусар бөрікті:
Күйде –
Жерге тимеген –
Айырғанмен ерікті!
Қоғамнан құн сұранып,
Жетілердей жетесі:
Алтын-Басқа лайық –
Айна-Таздың кепеші.
Күн кешемін түртініп,
Әтектейін сылынған:
Жұрт сұрқымнан үркініп,
Шошынады жырымнан...
...Қормын талыс талайға,
Күйтіме –
Жан сүйінбес:
Ақын басы,
Алайда,
Кесілгенмен,
Иілмес!..

mezet.kz

Оқылды 6652 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет