Сәрсенбі, 24 Тамыз 2022 16:15

24 тамыз - картоп қытырлақтарының туған күні

1853 жылы 24 тамызда картоп қытырлағын  алғаш рет американдық Джордж Крам ойлап тапты. Бұл кездейсоқ пайда болған дәм.

Бірде мейрамханаға тамақтануға келушілердің бірі қалың кесілген картопты ұнатпайды. Ызаланған аспаз Крам картопты өте жұқа тілімдерге кесіп, қонаққа ұсынады. Қонаққа оның дәмі қатты ұнайды.

Картоп қытырлақтары туралы қызықты деректер:

1. 1860 жылы Крам өзінің мейрамханасын ашты. Бұл әлемде қытырлақ жеуге болатын бірінші орын болды. Мейрамхана тез арада Саратога-Спрингс курортына келетін бай американдықтар үшін сәнді орынға айналады. Айлайда өзімен алып кету үшін қытырлақтар сатылмаған, себебі сату өнертапқыштың ойына келмеген. Дегенмен, дайындау әдісі қарапайым болған қытырлақтарды көп ұзамай американдық мейрамханалардың көпшілігінде ұсынатын болған.

2. Қытырлақты ойлап тапқан Джордж Крам 92 өмір сүрген. Оның ұзақ өмір сүруінің бір құпиясы – ол ешқашан өзі ойлап тапқан тағамын жемеген. Бәзбіреулер ол қытырлақтарды жек көрген деседі.

3. Қытырлақтарды жаппай өндіру тек 1895 жылдан басталған. Уильям Таппендон алдымен өз асханасында, кейіннен зауыт сала отырып, қытырлақтарды шағын көлемде өндіруді бастайды.

4. Алайда өндірістік, яғни үлкен көлемде қытырлақтар әлдеқайда кейінірек шығарыла бастады. Механик Фриман Макбет 1929 жылы әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік қытырлақ жасайтын машинаны ойлап табады. Бүкіл процесс 15 минуттан аспайтын болған: машина картопты жұқа тілімдерге кесіп, олардан крахмал жуылады. Тілімдер кептіріліп, қайнап жатқан майда қуырылады. Содан кейін тұз және әртүрлі дәмдеуіштер себіледі.

5. Көп ұзамай 1932 жылы Херман Лэй Теннесси штатының Нэшвилл қаласында Lay's брендін құрды. Айтпақшы, бұл картоп қытырлақтарының алғашқы ұлттық бренді, сәйкесінше, бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне бренд.

6. 1 килограмм қытырлақ жасау үшін 4-5 келі картопты өңдеу керек.

Мәліметтер vologda.kp.ru сайтынан алынып, аударылды.

Оқылды 3726 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет