Сейсенбі, 17 Қаңтар 2023 10:45

Адам ағзасындағы гормондардың да өз графигі болады

Гормон дегеніміз – эндокриндік без клеткаларында түзілетін биологиялық белсенді заттар. Бездерден олар қанға өтіп, қанмен бірге жасушалар мен тіндерге енеді. Онда олар белгілі бір рецепторлармен байланысып, осылайша зат алмасуды және көптеген физиологиялық функцияларды реттейді.

Гормондар ағзадағы метаболизмге, тәбетке, көңіл-күй мен ұйқыға, температура, тамыр соғу жиілігі мен қан қысымына, жыныстық функциялар мен көбею процесіне, иммунитетке, өсу және даму процестеріне жауап береді.

Әр гормонның ағзада түзілу уақыты бар.

Мысалы, таңғы 6:00-ге дейін СЕРОТОНИН, яғни бақыт гормоны түзіледі.

6:00-ден бастап ағзаны сергектікке дайындайтын гормон КОРТИЗОЛДЫҢ деңгейі артады. Бұл логиканың барынша жақсы жұмыс істейтін, күніңізді жоспарлауға ыңғайлы кезең.

7:00-де МЕЛАТОНИННІҢ түзілуі тоқтайды. Әрі қарай ұйықтап жата берудің пайдасы жоқ.

8:00-де СТЕРОИДТАР – бұлшықет жұмысына оң әсерін беретін гормон іске қосылады. Демек осы кезде спортпен шұғылдану тиімді.

10:00-14:00-дің арасы – жадыға, есте сақтауға жауап беретін нейрогормонның түзілу уақыты. Яғни мимен жұмыс жасауға нағыз қолайлы уақыт.

14:00-16:00-дің арасында кенеттен болатын ұйқыбасушылық 20 минут көз шырымын алуға себеп болады. Оның үстіне өсу гормоны СОМАТОТРОПИННІҢ түзілу шегі, сондықтан ұйықтап тұрған соң, жаттығу жасауды ұмытпаңыз.

17:00-ден бастап КОРТИЗОЛ төмендейді. Маңызды шешімдерді қабылдауды кейінге қалдырған абзал, Спортпен айналысу да қажет емес, себебі бұлшықеттердің қоректену процесі де нашарлайды.

21:00-де ұйқы гормоны МЕЛАТОНИН түзіле бастайды. Дене температурасы төмендейді. Адамның жылулық пен еркелеткенді қалауы осы гормонның әсерінен екен.

 

Оқылды 8289 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет