Жұма, 22 Сәуір 2022 11:07

Тіршілігіміз техникаға тәуелді

Тіршілігіміз техникаға тәуелді mezet.kz

ХХІ ғасырда адамзат тұрпаты түбегейлі өзгерді. Өзгеріске әкелген адам баласының қиялынан туындап, үздіксіз дамып жатқан технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда күнделікті тұрмысты ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технология қарыштап дамыған осындай заманда мемлекет үшін шикізатқа ғана тәуелді болу өте қорқынышты. Әлемге көз салсақ техникасы дамыған елдің ғана болашағы кемел болары сөзсіз. Ол үшін мектеп жасынан жаңа техноологияны меңгеруіміз керек. Меңгеріп те жатырмыз. Осыдан 4 жыл бұрын №1 Рахат орта мектебінде робототехника кабинеті ашылған болатын. Жақында аталған оқу ордасына барып, оқушылардың жетістігімен танысып қайтқан едік.

– Бүгінгі таңда техника көз ілеспес жылдамдықпен дамып барады. Болашақ жастардың қолында дейтін болсақ, жастарды заман көшінен қалдырмау – біздің борышымыз. Осы орайда мектебіміздегі робототехника кабинеті 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл кабинет қазіргі «Аманат» партиясының тікелей қолдауымен ашылған еді. Осы жола атқарып жатқан еңбектеріміз өз нәтижесін беруде, – дейді робототехника кабинетінің жетекшісі Еркінай Қайыпрахманқызы.

Мектеп оқушыларының робот құрастыруға, жаңа технологияны меңгеруге деген қызығушылықтары өте жоғары. Аталған кабинет олардың білімін шыңдауға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Робототехника кабинетінде осы уақытта 80-ге жуық бала тәлім алып, таланттарын шыңдап жүр.

Робототехника кабинетінің ашылғанына ұзақ уақыт болмаса да, оқушылар қызығушылық танытуда, жеткен жетістіктері де аз емес. 2019 жылы «Балапан» телеарнасында «і-balapan» бағдарламасына 3 оқушы қатысқан. Сарбиназ Жақсылық есімді оқушы «Қыздар да ІТ саласында жұмыс істей алады» деген жобасын қорғап шыққан. Дәулет Мұхамедияр 3D қаламы бойынша, Малика Болат 3D модельдеу бойынша жобасын қорғады. 2020 жылы Нұрқасым Аманжол робототехника бойынша республикалық байқауда 1-ші орын алған.

– Қазіргі жастардың, тіпті сәбилердің де техникаға жақындығын көріп жүрміз. Кішкенталай балалардың өзі смартфонды оңай қолданып, тіпті, техниканың біз білмейтін мүмкіндіктерін көрсетіп жатады. Қазіргі таңда техниканы жетік меңгеруге белсене кіріскен шәкірттерімізбен алға қойған жоспарларымыз ауқымды. Сондықтан оқушыларға робототехника, ІТ саласы өмір бойғы ізденісті талап ететінін жиі ескертеміз және мемлекетіміздің болашағы мен экономикасына тікелей ықпалы барын түсіндіреміз. Біз тәлімгерлеріміздің ІТ саласында өз орнын табатын тұлға болып қалыптасуында іргетасын қалаймыз, – дейді кабиет жетекшісі.

Оқушылардың жасаған техникаларымен танысып, оларды да сөзге тартық.

– Біз бұл жерде әртүрлі роботтарды, робот көліктерді құрастырамыз және оларға бағдарламалар орнатамыз. Өз қолымыздан шыққан ақылды үйлер мен роботтардың макеттері де бар. Біз қазір тобымызбен бірге адаммен сөйлесетін, адамның шаруасына көмектесетін робот құрастырудамыз. Болашақта ұстаздарымыздың үмітін ақтап, халықаралық додаларда топ жарсақ, өзіміз ойлап тапқан дүниелерді толығымен жетілдірсек деген арманымыз бар. Сол арманға жету үшін ізденіп келеміз, – деп ойын жеткізді робототехника кабинетнің тәлімгері – 10 «А» сыныбының оқушысы Арай Дінмұхамедқызы.

Техниканың қарыштап бара жатқан ғасырында, бүгінгі жас ұрпақ оның тетігін игеріп, тілін табуға құлшыныс жасауы бізді қуантты. Жастарымыз болашақта елімізді үлкен жетістіктермен алға жетелейтініне сенім мол.

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 858 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет