Жұма, 06 Мамыр 2022 14:38

Отансүйгiштiктiң ордасы

Отансүйгiштiктiң ордасы mezet.kz

Келешектің келісті болуы, келешек ұрпағымыздың ой-өрісін дамытып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу жолында балабақшаның маңызы зор. Бәйтерек ауылының төрінде орналасқан пәк жүректі бүлдіршіндердің балалық шақтарының куәсі – «Солнышко» балабақшасына, міне, биыл 7 жыл толып отыр.

Бәйтерек ауылындағы «Солнышко» балабақшасында ай бойы тойлананатын әз Наурызды аттандырып, Қазақстан халқының бірлігі мерекесін қарсы алу мақсатында «Наурыз-шашу» атты рухани шара өтті. Аталған мерекелік шараға мектеп ұстаздары мен мемлекеттік қызметкерлер, балабақша ұжымы  мен ата-аналар қатысты. «Солнышко» балабақшасының бүлдіршіндері тәрбиешілерімен бірге дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер қойды. Атап айтқанда, тұсаукесер, бесікке салу салты жан-жақты көрсетілді. Мерекеге орай әр этнос бүлдіршіндері   дайындаған ән мен жыр, би мен күй ойналды. Сонымен қоса, балалардың сүйікті кейіпкері «Алдар Көсе» мен «Қожанасыр», «Тазша бала» балдырғандар  концертіне мерекелік шашу ала келіп, сәби жүректерді қуанышқа бөледі. Жалпы, балабақша мерекелік шараға  айрықша әзірленген. Әсіресе, мерекелік концертте балабақша ұжымы бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан әр этностың бірлігі мен рухани тұтастығын көрсетуге басымдық  беріпті. Бүлдіршіндерді ел тұтастығы мен туған Отанға деген сүйіспеншілігі жиылған көпшілікті тебірентті. Шара соңында әр этностың ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, «Достық дастарханы»  жайылды. Қазақ, орыс, өзбек, украин ұлтының өкілдері салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, өнерлерін көрсетуде асқан шеберлік танытып, жиылған жұртшылыққа зор әсер қалдырды.

    

– Бүгінде 200-ге жуық балдырған тәлім алатын «Солнышко» балабақшасы мектепке дейінгі тәрбие мен білімді ұштастырған қасиетті шаңыраққа айналып келеді. Қазір педагогтар ұжымының жаңаша жұмыс істеуге ұмтылысы жоғары, біз қашан да  ата-аналардың мектепке дейінгі таңдау және талап қою құқығын ескеру үшін инновациялық технологиялар мен бағдарламаларды енгізудегі шығармашылық ізденістер мен эксперименттік жұмыстарға тың серпін беріп келеміз. Сонымен қоса, балалардың рухани кемелденуіне де аса мән береміз дейді, – дейді балабақша меңгерушісі Әсел Исламбекқызы.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1544 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет