Сәрсенбі, 12 Сәуір 2023 15:41

Техника тетігін меңгеру – ел дамуының негізі

Ғылым мен білім ғана өркениетті  қоғам  қалыптастыру мен  дамыған ел құру мұратымызға даңғыл жол аша алады. Бұл, талассыз, тарих делелдеген ақиқат. Қазіргі күн сайын техникалық  прогресс тудыратын заманалық үдерістің бізден күтері заңды жауабы да осы дер едік.

Жақында елімізде жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029  тұжырымнамасы бекітілді. Тұжырымнама негізінде мемелекет  басшысының тапсырмасы шеңберінде өткен жылдан бастап «Жас маман» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлініп, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарынан 500 ғалым тағлынамадан өтпек. Бұл игі қадам отандық ғылымның әлемнің озық тәжірибесі негізінде тыңнан серпін алуына зор мүмкіндік беретіні анық. Сонымен қоса, түрлі саладағы түйкілді мәселелердің шешіліп, отнадық индустрия мен инновацияның қарқынды дамуына да оң әсерін тигізеді деген ойдамыз. Бүгінде дамыған елдерде ғылымды қаржыландыру ісі жолға жақсы қойылған. Өркендеген елдер жалпы ішкі өнімінің 3 пайызын ғылым саласының дамуына үлестіреді екен. Еліміз де бұл тенденцияға біртіндеп қадам басып келді. Айталық, 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге өскен. Ал алдағы екі жылда бұл үдеріс үш жарым есеге ұлғаймақ. Бұл оң шешімдердің барлығы еліміздің жаңа бейнесі мен жарқын болашағын жасау үшін қолданылып отыр. Осыған дейін еліміздің экономикалық әлеуетін толық жүзеге асыруға отандық ғылымның кенжелеп қалғаны тосқауыл жасағаны жасарын емес. Ел ғылымын дамытуға арналған кешенді бағдарламалар орынды жүзеге асар болса, біз сөз жоқ биік асуларды бағындыра аламыз. Қалай десек те, ғылымды дамыту – ел дамуының ең негізгі шарттарының бірі. 

Е.АСЫЛ, газет тілшісі.

Оқылды 995 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дуальды оқыту – кәсіби шыңдалу кепілі Наука в тренде »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет