Бейсенбі, 25 Мамыр 2023 09:17

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕК АЛТЫН БЕЛГІГЕ ҮМІТКЕР

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасынан қанат қағады. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1419-ы үздік аттестатқа үміткер.

Оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева мәлімдеді.
-​ Биыл 10 607 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Облыста 240 орындық тестілеуді өткізуге арналған 2 пункт жұмыс істейді. Олар Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында орналасқан. Жылдағы дәстүрге сай талапкерлерді тегін оқумен қамту жоспарда. Бұл үшін облыс әкімінің гранты бар. Ол 150 балаға бөлінеді. Грант тек бакалавр оқитын тәлімгерлерге ғана емес, интерн оқитын студенттерге бөлінетіндігі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, биыл жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруға баса көңіл бөліп отырмыз, - деді брифингте сөз алған басқарма басшысы.
Айтуынша, 270 мыңнан астам бала сауықтырмен қамтылады. Қала сыртындағы 15 лагерьге 7 мыңға жуық жеткіншек жіберіледі. Бұл тұрғыда облыстық бюджеттен 518 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Демеушілер мен ата-аналар есебінен 10 000 оқушыға Шарын, Көлсай, Қайынды, Іле-Алатау Ұлттық табиғи парктеріне, «Алтын Адам», «Жамбыл», «Қонаев», «Таңбалы тас» аспан асты музейлеріне және т.б. көрікті орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Оқылды 4637 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет