Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 16:41

ҰБТ IV тоқсан бағдарламасын қамтымайды

Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсанның бағдарламасын қамтымайтынын мәлімдеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес 11-сынып оқушылары IV тоқсанда, негізінен, бұрын оқылған материалды қайталап, бекітеді, яғни, 11-сыныптың соңғы тоқсанында жаңа тақырыптар аз. Десе де, олардың тестте болмайтыны айтылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары мектеп бағдарламасының шеңберінде меңгерілетін негізгі тақырыптарды қамтиды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың сөзінше, мамандар тест тапсырмаларының мазмұнын егжей-тегжейлі талдады.

«Біз қашықтан оқуға көшу ҰБТ-ға дайындалуға әсер етпейді деп есептейміз, оның үстіне, мектеп оқушылары ҰТО-ның сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Әрбір пән бойынша 70 нұсқа әзірленді. Біз оқушылардың сынама тестілерін белсенді пайдаланатынын көріп отырмыз. Карантин кезінде оқушылардың ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның үстіне ҰБТ сұрақтары төртінші тоқсанның тақырыптарын емес, жалпы мектеп бағдарламасын қамтиды. Айтпақшы, соңғы жылдары фактологиялық материалды жаттау мен есте сақтауға емес, функционалдық сауаттылыққа байланысты сұрақтардың үлесі артып келеді», – деді Дидар Смағұлов.

Ол, сондай-ақ, ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, карантин ұзартылған жағдайда ҰБТ-ді өткізудің балама нұсқасы да дайындалуда екен.

Құралай Мұратқызы

Оқылды 1179 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет