Сейсенбі, 22 Желтоқсан 2020 10:23

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме

Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
Мектеп, шәкірт. Осы екі сөзге жан бітіретін – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» деген нақылдың мәнін ұқтырғандай. Мен ұстазды ақылдың бейнесі деп білем. Ұстаз жылы сөзімен-ақ, айтқан ақылымен-ақ қаншама жанның жүрегінен орын алды. Бар білген-жиғанын шәкіртіне тосып беріп, шексіз қайырымдылық жасайды.
Ұстаз – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымның мойнында. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, шәкірттерімізді терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек. Бұл жолда тынымсыз еңбек етіп, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана жетістікке жете алады.Осы орайда, біздің Көктөбе орта мектебінде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.

Өткен оқу жылдары мектеп ұжымы үшін жеңіс пен жетістіктерге толы жылдар болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары еліміздің қиын қыстау кезінде де көптеген байқаулар мен конкурстарға, олимпиада, т.б сайыстарға қатынасып, ұжым абройын асқақтата білді. Мектеп басшысы Талқамбаева Айжан Жақыпбекқызы үнемі ұстаздарға «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың» жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,- дейді дана халқымыз. Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Біздің сынып оқушыларының біраз жетістіктері бар. Атап өтсек М.Орақбай «Абай ұлы тұлға» атты Республикалық шығармашылық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. А.Асқарқызы Республикалық конкурсқа қатысып «Менің сүйікті қалам»атты тақырыбында материал дайындаған үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.Тұрғын .Ш «Абай салған дара жол» халықаралық өнер және білім байқауына қатысып бас жүлде иеленді. А.Аманбай, Ж.Ескермес, Б.Нұрғазы ADEBI.KZ жалпы республикалық байқауына қатысып, дипломдармен марапатталды.

Гүлшат АЙДАРБЕК,
Көктөбе орта мектебінің
ағылшын пәнінің мұғалімі

Оқылды 1310 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет