Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 09:35

Вебинар өткізу – заман талабы

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Француз педагогі Жубердің «Оқыту деген – екі есе оқу» деген сөзін еске алар болсақ, педагог өз кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге міндетті. Әлеуметтік белсенділігі дамыған оқушылар мен жас мамандарды қалыптастыруда білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбегі мен игі ісінің алатын орны зор.

Мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Онлайн оқуда мектепке бармаймыз деп шектеліп қалмай, дамыған әр түрлі интернет ресурстарының көмегімен түрлі іс-шараларды өткізу бүгінде Н.Островский атындағы орта мектептің дәстүріне айналды. Осы уақытқа дейін қашықтықтан оқыту кезінде синхронды сабақтан бөлек, әр сенбі сайын түрлі іс-шаралар мен вебинарлар пән бірлестіктері мен оқушылар арасында өткізіліп келеді. Соның бірі – мектептің «Асыл мұра» бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қазақ поэзиясының падишасы, ақын әрі қоғам қайраткері, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына байланысты сыныптан тыс өткізген іс-шарасы. Оған қатысқан 5-11 сынып оқушылары онлайн форматта ақынның шығармашылығынан өлеңдерін жатқа оқып, ақынға өз жырларын арнады. Сонымен қатар, «Словесник» бірлестігі орыс тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен «Пушкинские чтения» тақырыбында шығармашылық іс-шараны өткізді. Оқушылардың білім-білік дағдыларын шыңдап, әріптестерімен тәжірибе алмасып өткізіп жүрген вебинарлардың берер пайдасы зор.
Мектептегі атқарылып отырған көптеген іс-шаралар қазіргі кезде бір жүйеге қойылған. Оған дәлел, күні кеше аудан көлемінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандағы 84 мектептің қатысуымен өткізілген семинарда Н.Островский атындағы мектеп әкімшілігі өз іс-тәжірибелерімен, жұмыс жүргізу жүйесімен бөлісті. Жиында көрсетілген жұмыстарды әріптестеріміз аудан мектептеріне үлгі боларлықтай, жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» демекші, басшымыздың бағыт-бағдар беріп, әкімшіліктің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері мен мұғалімдердің талмай ізденулерінің арқасында әлі талай жақсы нәтижелерге жетеміз деп сенеміз.

Майгүл ӘСЕТҚЫЗЫ,
Н.Островский атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқылды 2777 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет