Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 16:59

Ақын мұрасы мәңгі өмір сүреді

Ақын мұрасы  мәңгі өмір сүреді Сурет интернеттен алынды

 

Дарын иесі өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді

Иә, ғажайып ақын Мұқағали Мақатаевтың ғұмырлы поэзия-сы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен қуаныштан, сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали ақының әр өлеңі өзіндік мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманды өзіне баурап алып, ой салады.

Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды  өтінем» деген екен.

Қазақ поэзиясындағы дәстүр-лі тақырыптардың бірі – туған жер, оның бауырында өткен балалық шақ, ата-мекеннің тағдыры, оған деген сүйіспеншілік екені бел-гілі. Тау тұлғалы азаматымыз – туған жерінің суретін бейнелеу-де өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тербемеуі мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта балайды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жібектей жасыл шөптер мен асқар тау, балдан тәтті суларды көрсе, кейде сол даладағы бабасы өскен кең бұлақты ғасырлардан оралған көштерге теңейді. Кейде сарғайған сары белін сәулелі лағылға теңесе, енді бірде сол даланың соққан самалынан таңдайына қымыздың дәмі келген.

Туған жеріне, өз Отанына арнаған өлең жолдарын әдебиеттік оқуда жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай болды. Міне, ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым. Мұқағали ақының әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алары хақ. Сондықтан да осындай абыз тұлғаны халқы «Ғасыр ақыны» деп атап кеткен. Ақиық ақынның  жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы барда аты санамызда мәңгіге қалады. Мұқағали мұрасы, маржандай поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.

Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Аңызға айналған  Мұқағали – жалпы халықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры мен тағдыры баяндалғандай. Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді. Осы бір алма-кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыныштық беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді.

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сырын төккендей. Сонымен, түйіндеп айтқанда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М.Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнексалар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.

Сәнім АХМУРАТОВА,

Көктөбе орта мектбінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқылды 2493 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет