Дүйсенбі, 20 Желтоқсан 2021 19:59

«Тәуелсіздік» деп соғады жүрегіміз

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмір тарихын шолсақ, биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат орта мектебінде оқушылар мен ұстаздардың ұйымдастыруымен «Үлгілі сынып сағаты» өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекеге 7 Ә, 7 Б сыныптары мен сынып жетекшілері – Айсара Манапова мен Айгүл Молдасанова ерекше дайындалғаны көрініп тұрды. Мерекелік кеште оқушыларға егеменді елін, ұлан-ғайыр жерін қорғаған  кешегі батырлардың, желтоқсанның жаңғырығы болғаны – Ербол мен Қайраттардың ерлігі жайлы кеңінен айтылып, балалардың рухын асқақтатар патриоттық өлеңдер оқылды. Қанағат Ерасыл «Сайра, Бұлбұлым», Бақбергенұлы Бекзат «Батырлар ұраны», Дәулетбекова Жансая «Мен – қазақтың қызымын» әндерін орындап, кеш қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ оқушылардың батырлар өмірінен қойған көріністері де көптің көңілінен шықты.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деген ұранмен оқушылар концерттік бағдарламаны өте әдемі де, әсерлі тәмәмдады.

 

                                                                                           Айгерім Берікқызы.

Оқылды 1340 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет