Жұма, 06 Мамыр 2022 10:01

Дана тұлға, дара тұлға

Ел жадында ерекше сақталатын есімдер болады. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес өз қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Биыл ұлы Абай айтқандай, ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110  жыл толды.

Түрген ауылдық округіндегі Д.Қонаев атындағы орта мектепте  аса көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Қонаев» атты мерекелік іс-шара өтті. Заманамыздың заңғар тұлғасын ұлықтаған рухани шараға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер, мемлекеттік қызметкерлер мен ұстаздар қауымы қатысты. «Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті» атты концерттік бағдарламамен шымылдығын түрген мәдени шарада сөз алған округі әкімі Ержан Карибаев халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолына тоқталып, салтанатты жиналысқа қатысқан барша қауымға алғыс білдірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Концерттік бағдарламада Димаш атамыздың жаны сүйген «Алатау», «Атамекен», «Сарыжайлау» сынды қайталанбас әндер шырқалды. Одан кейін рухани шара аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өмірі мен еңбек жолын баяндайтын мектеп мұражайына экскурсия жасалды. Д.Қонаев ел басқарған ширек ғасырға жуық уақытта  өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Оның еңбек жетістіктері, экономика негіздерін құруға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның кейінгі дамуына негіз болды. Мектеп мұражайында ұлы тұлғаның ізгі өмірінің ізі сайрап жатқандай.

Шара соңы «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Қонаев» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциямен түйінделді. Ең әуелі конференция басында аса көрнекті  мемлекет  қайраткерінің 1992 жылы өзінің есімі берілген білім ордасына атбасын бұрған тарихи сәттен бейнеролик көрсетілді. Саяси ғылымдар докторы, доцент Толқын Құдайбергенқызы «Д.А.Қонаев – ғасырдың дара перезенті», тарих пәнінің мұғалімі Марат Қабдиев «Ел есінде қалар тұлға» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Ауданымыздың құрметті азаматы, Д.Қонаевтың жауапты хатшысы қызметін атқарған мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Сабырбаев, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Сауранбаева, филология ғылымдарының кандидаты, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының аға ғылыми қызметкері Диар Қонаев, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұланның немересі Дамеш Марғұлан, ақын, сазгер ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері, Талғар ауданының құрметті азаматы Кәмнұр Тәлімұлы,облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева, ауданның құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Гүлнар Жошыбаева, «Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі Хайролла Ахметжанов, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тортаева әсерлі әңгімелерін ортаға салды. «Жазылар естеліктер мен туралы» демекші, Дінмұхамед Ахметұлымен қызметтес болған, жұмыс бабымен кездескен, көзін көріп, батасын алған қонақтар Қонаев жайлы құнды естеліктермен бөлісті. Бүгінгі өскелең ұрпақтың Қазақстан мәдениеті, ғылымы, рухани өмірі мен сол мәдениетті жасаушыларға деген қызығушылықтарының күн санап арта түсуінен де ұлтымыздың ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі анықталады. Сондай өз ғасы-рының біртума перзенттерінің бірегейі ретінде тарихтың алтын парақтарында өмір жолы мен қызметі хатталып, халқының жадында мәңгілікке сақталып қалған есім – Дінмұхамед Қонаев.

Конференция соңында мектеп директоры Римма Ахметова республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жоғары өтуіне ықпал еткен, саяси ғылымдар докторы, доцент Толқын Ауелғазинаға, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөліміне, келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Ұлы тұлғаға тағзым ектен қонақтар мектеп ауласына жасыл шыршалар отырғызып, елімізге амандық, жас ұрпаққа жақсылық тіледі. Сонымен қоса, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен облыстағы Д.Қонаев есімі берілген мектептер арасында волейболдан турнир өтті.

Турнир қортындысына сай, І орынды ауданымыздың спортшылары (70 000 тг), ІІ орынды Кербұлақ ауданы (60 000 тг), ал ІІІ орынды Ұйғыр ауданы иеленіп (50 000 тг), облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

16 наурызда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентте Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Д.А.Қонаевтың есімін қайта құрылатын Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына беру жөніндегі ұсынысын бұқара халық үлкен қошеметпен жылы қабылдады. Бұл дегеніңіз – әділеттіліктің салтанат құрып, талай жыл ескі биліктің тарапынан бұғатқа түсіп келген Дінмұхамед Ахметұлы беделінің «Жаңа Қазақстанмен» қоса қайта жаңғыруының белгісі деп қабылдағанымыз жөн. Осылайша, биыл туғанына 110 жыл толып отырған алып тұлға кезінде өз қолымен салдырған Қапшағай қаласына аты беріліп, өз тұғырын тапты.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 7139 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас құтқарушылар сайысты Көркем – үздік оқырман »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет