Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022 16:09

Жас түлек-2022 – Жаңа Қазақстан ертеңі

Мектеп бітіру – түлектер үшін ең жарқын, көңіл толқытарлық, ұмытылмас сәттердің бірі болып қалары анық. Әдеттегідей Соңғы қоңырау мерекесіне орай Есік қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Жас түлек-2022 – Жаңа Қазақстан ертеңі» атты мектеп түлектерінің 57-ші қоштасу кеші өтті. Жүректерге қуаныш-шаттықпен қоса қимастық сезім сыйлаған шарада барша жас түлектерге ыстық ықылас пен ақ тілектер ақтарылды.

Салтанатты шараны мектеп директоры Бекнұр Мукашев ашып, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов, Есік қалалық әкімі аппаратының бас маманы Айдын Сәрсенұлы құттықтау сөз сөйлеп, алтын ұядан қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына сәт-сапар тіледі. Сонымен қоса, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айжамал Бердіқұловаға, математика пәнінің мұғалімі Жанна Матрузиеваға, тарих пәнінің мұғалімі Бақытгүл Исмаиловаға Есік қаласының әкімі Асхат Аңсатбаевтың арнайы алғысхаты табысталды.

Келесі кезекте аталмыш оқу ордасының түрлі деңгейдегі білім, спорт, өнер додаларында алтыннан алқа таққан және республикалық, облыстық, аудандық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, мектеп абыройын асқақтатып жүрген дарынды шәкірттер шеруі алаң төрінде сап түзеді. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары сөз алып, ұстаздарға ықылас гүлі тапсырылды. 11 сынып оқушылары 10 сыныптықтарға мектеп аманатын тапсырды. Биыл Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептті қазақ және орыс сыныптары бойынша 52 түлек тәмамдап отыр. Аталмыш оқу ордасының оқушылары ең үздік педагогтардан білім алды. Себебі, мұнда «Алтын белгіге» үміткер 11 «А» сыныбынан Бауыржан Данов, Жандияр Айтбай, Гаухар Файзулдаева және 11 «Д» сыныбынан Мария Ралдугина сынды түлектер бар. Бұл орайда сынып жетекшілері Жанар Джаксылыкова мен Тамара Сарсекованың еңбегі ерен екенін атап өткен жөн.

Кеш соңында дәстүр бойынша соңғы қоңырау соғылып, мектеп бітіруші түлектердің қоштасу әнімен аяқталды.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 4492 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет