Жұма, 10 Маусым 2022 09:53

«Үздік оқырман – 2022»

Оқуға құштар болса адамзат,

Адамның болар озаты.

Маңдайдан тері төгілсе,

Инемен құдық қазғаны.

Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да  киелі орда екені даусыз. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіштеріне демеу болатын бірден бір қазына – кітап. «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Р.Тоқатаев  атындағы орта мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен  жоғарғы буын оқырмандары арасында ең үздік оқырманды анықтау мақсатында «Үздік  оқырман – 2022» байқауы өтті.

Биылғы "Балалар жылында" ең таңдаулы жоба ретінде ұйымдастырылған байқаудың шарттары бойынша ІІ кезеңге жолдама алған 11 оқырман білім бойынша сынға түсті. «Тұнық жырдың тумасы» атты кезеңде оқушылар Т.Молдағалиевтің өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. «Күркіреп  өткен бір соғыс» кезеңінде қатысушыларға  Р.Тоқатаевтың өмірінен сұрақтар қойылды. Жалпы қортынды ретінде тест сұрақтары алынды.

Байқауға төрелік еткен мектеп директоры Т.Байжұмақызы, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, орыс тілі пәнінің мұғалімі Назия Шахзадиновна оқушыларға әділ баға берді. Байқау соңында Хайролла Қасымұлы жобаны жоғары деңгейде атап өткен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Байқау нәтижесінде 8 сынып оқушысы Көптілеу Салманов бас жүлдені иеленіп, оған спорттық велосипед табысталды. I орын Қыдырәлі Қыдырбайұлына, II орын Мұхамед Бердібайға, III орын Нұрсұлу Нүсіпжанға бұйырып, жеңімпаздарға қолөнер шебері Даурен Жамбылұлының қолынан  шыққан  сағат және пенал бұйымдары тапсырылды.

Мектеп директоры Т.Байжұмақызы және демеушілердің қолдауымен 10 сынып оқушысы Саят Смағұл және Әсем Орынбаеваға бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, қатысқан барша талапкерлер алғыс хатпен марапатталды.

 Эльмира Әзілжан

Оқылды 4555 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет