Сейсенбі, 08 Қараша 2022 10:58

Техника тілін білу – замана талабы

Қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революция – қарқынды ақпарат ағыны мен жоғары технологиялық инновациялар өмірімізге сан қырлы жолмен ықпал етіп, осы өзгерістерге бейімделуді және жаңа шарттар жағдайында дами білуді талап етіп отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын атауы мен мазмұны көпшілікке бейтаныс болған цифрлық технологиялар бүгінде барлық салаға терең еніп, индивидтердің дағдыларын түрлендірді. Мемлекеттегі цифрландыру деңгейі мен азаматтарының мұндай технологиялар туралы сауаттылық көрсеткіші елдің әлемдік аренадағы бәсекелік қабілетін, халықтың әл‑ауқатын айқындайтын факторлардың қатарына енді. Осыған байланысты, цифрлық жүйе мен сауаттылықты дамыту барлық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды.

Бүгінде адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын Цифрлық технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.

Білім беру үдерісін цифрландыру ісі ауданымызда да қарқынды қолға алынуда. Атап айтар болсақ, ауданның білім беру жүйесін цифрландыру мақсатында 81 мектеп онлайн жүйеде жұмыс атқарады. Ауданымыздағы мектептер арасында білім беру жүйесін цифрландыру ісінде Шелек ауылындағы гимназия белсенділік танытып келеді. Бүгінде аталған гимназияда робототехника кабинеті ашылған. Сонымен қоса, жас шәкірттерге IT курсы оқытылады. Сондай-ақ оқу ордасының электронды кітапханасы да өз оқырмандарына қуаныш сыйлап келеді.

Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиялардан қалмай қатар жүру, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды насихаттауда белсенді түрде QR кодтар пайдалану қазіргі уақытта кең өріс алуда. QR коды – «жылдам жауап» дегенді білдіреді және ол штрих-кодтың бір түрі. 1994 жылы Жапонияда ойлап табылған. Осы жерден оның бүкіл әлем бойынша жорығы басталды.

Бүгінде гимназия кітапханасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» цифрлық форматтағы кітаптар оқытылып келеді екен. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқушылар «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» стендінен ұялы телефон камерасы арқылы QR кодын сканерлеп,  кітапты оқу немесе тыңдау арқылы таңдалған шығармалармен танысу мүмкіндігіне ие болады екен.

Кітапхана қызметкерлерінің сөзінше, сандық білім беру ресурстарын қолдану өзекті және тиімді болып табылатын келесі сала – бұл көпшілік жұмыс. Олардың айтуына қарағанда көпшілік кітапханалық іс-шараларын дайындау және өткізу үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оларды неғұрлым жарқын және қызықты етеді екен. Қазір гимназия қабырғасындағы жас шәкірттер QR кодты сканерлеу арқылы Қазақстанның көркем әдеби шығармаларымен бірге әлемнің классикалық әдебиетімен де таныса алады екен.

Шелек ауылындағы гимназияда робототехника және IТ кабинеті 2017-2018 оқу жылында демеушілер есебінен ашылыпты. Белгілі кәсіпкер Жангелді Осан мен Әмірлан Қырықбай демеушілік көрсеткен бұл игі бастамалар ауданымыздағы алғашқы робототехника кабинеті ретінде  іске қосылған болатын.

Қазір гимназиядағы Эльмира Уркумбаева, мұнан өзге Рауан Болатбай, Айбота Қуанбек сынды жас мамандар да мектеп оқушыларына өз білгендерін талмай үйрету үстінде.  Олардың сөзінше, робототехника сабағына қатысатын әрбір оқушыға толық жағдай жасалған, атап айтар болсақ, Lego Mindstorms Education жинағы, программа құруға арналған ноутбук және түрлі бағдарламалар бар.Робототехника кабинеті ашылғалы көптеген оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсіпті. Бүгінде робототехника және IТ курсын гимназияда 100-ге жуық оқушы  оқу үстінде. Білікті мамандардан дәріс алған гимназия шәкірттері  робототехника бойынша түрлі жарыстарға қатыса бастапты.

Олар аудандық, облыстық деңгейде өз жасаған жобаларын жарыстарға, түрлі аудандық семинарда көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталыпты. Айталық, осы оқу жылында облыстық байқауда Досымжан Әуесқан «Робототехника» номинациясы бойынша өз жобасын қорғап 1 орынды иеленсе, осы байқауда «Модельдеу және жобалау» номинациясы бойынша Ұлықбек Сұлтанбек жетекшісі Рауан Болатбаймен бірлесе отырып жобасын ұсынып 2 орын иегері, Әбіл Азамат «Робот жарысы» номинациясы бойынша жоба жетекшісі Айбота Қуанбекпен бірлесе отырып үздік үштікті түйіндепті. Робототехника курсын аяқтаған оқушылардың IТ саласына қызығушылықтары арта түсуде. Қазіргі таңда осы курсты аяқтаған оқушылар жоғарғы оқу орындарында IT маманы, информатика маманы, техникалық мамандық иелері атануда.

Осы гимазияда цифрлы технология  жайлы жан-жақты ақпарат алған жас шәкірттер  болашақта қандай мамандық иесі болуын өз бетінше таңдап, жаңа технологияларды толыққанды меңгеріп шығады. Оны меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2001 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет