Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022 11:22

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Толқын ауылы Толқын орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында  желтоқсан оқиғасының куәгері Сейсебаева Нұргүл Сарыбайқызымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептері мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, Отан-Ананы құрметтеу, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Кездесу шымылдығы мемлекеттік Гимнмен түріліп, Тәуелсіздік жолында қаза тапқан боздақтарымызды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс-шараға мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Салима Алтынханова, АӘД пәнінің мұғалімі – Қанат Одаманов, кәсіподақ төрайымы – Гүлназ Ахамбаева және жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Самылтырова қатысты.

Оқушылар көтерілістің шығу себептерін атап, оған қатысқан батыр ұл-қыздарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанованың өмір жолын баян етті. 8 сынып оқушылары Тәуелсіздікке байланысты жыр жолдарын мәнерлеп оқып, «Желтоқсан желі» әні хормен шырқалды. Сондай-ақ, оқушылардың қатысуымен «Қайраттың тұтқындалуы» туралы бейнекөрініс қойылды.

Кездесу қонағы, желтоқсан оқиғасының куәгері – Нұргүл Сарыбайқызына  сөз берілді. Оқушылар болған оқиға жайлы сұрақтарын қойып, қанағатты жауап алды. Жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Самылтырова Тәуелсіздікке арнап шығарған өлең жолдарын оқып, қатысушыларды тәнті етті.

Кеш  соңында қонағымызға кітапханашы атынан сыйлық табысталып, оқушылар «Атамекен» әнін хормен орындады.

Сания САДУАҚАСОВА,

Толқын орта мектебінің  кітапханашысы.

 

Тәуелсіздік жолы

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Ғажап күн!

Ең керемет қуанышы қазақтың.

Қараңғы күн, суық түндер енді жоқ,

Тәуелсізсің, халқым менің, азатсың!

 

Келгені жоқ оңайлықпен халқымызға азаттық.

Осы жолда қанша батыр боздақтарды жоғалттық.

Жатты олар қар астында, мұз үстінде суықта,

Сыйлау үшін келер ұрпақ болашаққа ғажап күн...

 

Қанша ана, қанша бауыр күңіренді бұл күнде,

Ұл-қыздарын шаштан сүйреп, алып барған өлімге.

Ал олардың жазығы тек болашағы елінің,

Аспаны ашық, бұлтсыз күнді сыйлау болды жеріне.

 

Алып берді елімізге, жерімізге бостандық,

Бостандыққа жету үшін көрді елім қастандық.

Қазағыма керек болды өз ұлтының басшысы,

Жастар соны талап етіп, шықты алаңға бастаңғып.

 

Қалды олар халқымыздың жүрегінде мәңгілік

Есімдері тұрар біздің жадымызда жаңғырып.

Олар Ляззат, Ербол және Қайрат пенен Сабира,

Жыр шумағын жазып жүрген барлық ақын ән қылып.

 

Батыр деген елін, жерін қорғау үшін жаралған

Үлгі алар өздерінен келер ұрпақ, бар адам.

Біз бақытты еліміздің егеменді жастары

Өздеріңдей батырлардың ұрпағынан таралған.

 

Тәуелсіздік, егемендік бұл бүгінгі таң нұры

Толды міне, 31-жыл  мерейтойың шарқ ұрды.

Егемендік алып берген сол кездегі батырлар

Өздеріңді еске аларда жанарымыз ащы жасқа малынды.

 

Қазақ елі, сақта енді, мына байтақ жеріңді,

Сақта және азаттықты алып берген еріңді.

Енді жаман күн тумасын халқымыздың басына

Уа,Жаратқан, сақта менің егеменді елімді!

Динара САМЫЛТЫРОВА.

Оқылды 2640 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет