Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 09:41

9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күні: балалар шығармашылығы

Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Бүгінде ақиық ақынның шығармашылығы жас ұрпақтың  қанбас бұлағына айналған.  Сондықтан да өрімдей өспірімдер ақиық ақынға өз сағынышын сарқып тауыса алмайтыны анық. Оқырман назарына Әл-Фараби атындағы орта мектеп оқушыларының өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Көгіне көңілімнің қүн қонады

     Өлең жырдың өлмейтін мұзбалағы,

     Өзіңе арнап жас балаң жыр жазады.

     Оқысам ғажап сұлу өлеңіңді,

     Көгіне көңілімнің күн қонады.

    

     Сыйынан табиғаттың жаратылған,

     Аққудың жыры естілер қанатынан.

Мен мәңгі таланытыңа тағзым етем,

Ақын ата, кемеңгер дара тұлғам.

 

Мұқағали – мәңгі өшпес ұлы ақын,

Ұрпағымын жалғастырар мұрасын.

Дауыл тұрып, қарсы шығып жатса да,

Шамшырақ болып мәңгі жанып тұрасың.

Айша МЕРГЕН, 5 «а» сынып оқушысы.

 

Мұқағали ақынға арнау 

     Мұқағали атадай ақын болам,

     Өлең жазу өнеріне жақын болам.

     Мұқағали ақындай жырласам деп,

     Арнау өлең жазамын ақынға мен.

     Ақынның досқа деген шапағатын,

     Ананың балаға деген махаббатын.

     Табиғаттың сұлулығын, тұнығын,

     Өмірдің  бізге сыйлар шапағатын.

 

Жетім көлдің сұлулығын сүйе білген,

Аққу құсты аппақ аймен теңеген.

Ғажаптығын жеткіздің адалдықты,

Тербетіп өлең жазып  жүрегіңмен.

 

Сіздерге аян ақынымның өнері,

Ғажапсың  әр қазаққа нәр берген.

Саған қалай бере аламыз бағаны,

Данасың ғой ғасырымды тербеткен!

Айқын  ЖАЙНАҚ, 5 «а» сынып  оқушысы.

Оқылды 7817 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет