Бейсенбі, 22 Қазан 2020 11:40

Жиі ауыратын балаларды қалай сауықтырады?

Жиі ауыратын балаларды қалай сауықтырады? сурет интернеттен алынды

Жиі әрі ұзақ ауыратын балалар тобына өмірінің алғашқы жылында 4 және одан да көп, 2 және 3 жасында – 6 рет және одан да көп, 4 жасында – 5 рет және одан да көп, 5 және 6 жасында – 4 рет және одан көп, 7 жасында 3 рет және одан көп рет жіті аурулармен ауырған және созылмалы сырқаттары асқынған сәбилер жатады. 

Бала ауруларының құрылымында тыныс алу ағзаларының сырқаттары басым. Және жиі әрі ұзақ ауыратын балалар арасында бұлар 80-85%. Сондықтан аталған топтағы балаларды сауықтыру кезінде мұрын-жұткыншақтағы жұқпа ошақтарын тазалауға, респираторлык жұқпалардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Біз жиі және ұзақ ауыратын балаларды қалпына келтіруге арналған 3 кезеңнен тұратын төмендегідей шараларды ұсынамыз: 

Бірінші кезең – сырқаттың жіті көріністері жойылғанға дейін учаскелік дәрігердің 3-5 күн ішінде ем жүргізуі; 
Екінші кезең – қалпына келтіру бөлімінде 14-21 күн бойы емдеу; 
Үшінші кезең – 1,5-3 ай бойы емдеу. 

Ең тиімді ем мектепке дейінгі балалар мекемесінде жеке сауықтыру және жүйелі түрде отбасында сауықтыруды үйлестіру болып табылады. 

Сауықтыру жолдары: 
Ең алдымен баланың күн тәртібін және тамақтану мәзірін реттеу керек. Қалпына келтіру тобындағы сәбилердің күндізгі ұйқы уақыты ұзартылып, балабақшада болу уақыты қысқартылады. Тағамға қосымша шырындар мен сүт өнімдері (айран, кілегей, сүзбе) енгізіледі. Сондай-ақ тағам С дәруменімен байытылады. Балалар бөлмесінің температурасы 18°С-ден аспауы тиіс. 

Сылап-сипау және емдік жаттығулармен бірге шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Шынықтыру кезінде контрастылы аяқ бұлаулары, құрғақ және ылғал орамалмен ысу, су құйыну, тамақты суық сумен шаю жиі қолданылады. Шынықтыру шараларының негізгі принципі – оны баланың сау кезінде бастау, шынықтыру әсерін біртіндеп ұлғайту, оларды жүйелі түрде және бірінен кейін бірін жасау. Әрине, баланың жасы, жеке ерекшеліктері, оның әсері де ескеріледі. 

Қарапайым және тиімді шынықтыру шарасы - температура тәртібін өзгертіп отыру. Яғни бала ұйықтаған кезде терезені ашып, оның бөлмесіндегі температураны 15-16 градусқа төмендетеді. Ал ойын бөлмесіндегі температураны жылытқыштың көмегімен 23-24 градусқа дейін жылытады. Осыдан соң екі бөлмеде кезек-кезек жаттығу жасатқызады. Емшараның ұзактығы – 10-12 минут. 

Сауықтырудың физиотерапиялық әдістері: жалпы ультракүлгін сәулелендіру, тамақтың тубус-кварцы, бадамша безге УДЗ. Көптеген авторлар қалпына келтіру курсына тамақты дәрілік өсімдік тұнбаларымен шаю, оттегі шөп коктейльдерін қосады. Бұл шаралар кешенді дәрілік еммен толықтырылса, тиімділігі  арта түседі.

 

Дереккөз: vk.com

Оқылды 12069 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Балаңызды дұрыс тамақтандырасыз ба? »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет