Дүйсенбі, 26 Шілде 2021 15:00

Ыстықтан қалай қорғанамыз?

Соңғы күндері елдің көп бөлігінде күн қатты ысып кетті. Ал аптап ыстық ажалға себепші болуы мүмкін. Әсіресе, балалар мен қарттарға, жүрегі ауыратын, қан қысымы бар адамдарға өте қауіпті. Сондықтан күннен қорғану жолдарын білу маңызды. Төмендегі ақыл-кеңестерге құлақ түре жүріңіздер!

  • Күннің қатты қызатын кезі – 12-ден 17.00-ге дейінгі уақыт. Осы уақытта күннің астында жүрмеңіз;
  • Күн ыстықта далаға серуенге таңертең 10-ға дейін немесе кешкі салқында сағат 17-ден кейін шыққан жөн;
  • Күн сәулесінен қорғану үшін жиекті қалпақ киген дұрыс, әсіресе, 55 жастан асқандарға төбені көлегейлеу, әйел-еркегіне қарамастан бірдей міндетті;
  • Күн ыстықта көп қимылдап, ауыр дене еңбегімен айналысу онсыз да әлсіреп тұрған ағзаның жұмысын қиындатып, жүрекке салмақ салады. Осыны ескеріңіз;
  • Күн ыстықта көлік жүргізушілері абай болғаны жөн. Өйткені ауа температурасының жоғарылауы адамның назарда ұстау қабілетін нашарлатып, жылдам әрекет ету реакциясын төмендетеді. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін;
  • Күн ыстықта сұйықтықты, дұрысы, қарапайым қайнаған суды көп ішу керек. Бойдағы сұйықтық термен тез шығып кететіндіктен, оның ағзаға қажет мөлшері азайып қалады;
  • Күн ыстықта газдалған су, алкогольді сусындарға мүлде жоламаңыз;
  • Күн ыстықта таза матадан тігілген киім киіңіз, синтетикаға жоламаңыз;
  • Күн ыстықта киетін киімдеріңіз ашық түсті, әрі кең болғаны абзал. Тар, тырысып, денені ұстап тұратын киім, синтетика ауа өткізбей, тері ауруларына да себепші болуы мүмкін;
  • Күн ыстықта салқын суға көбірек түсіңіз. Денені салқындатып отыру қажет;
  • Күн ыстықта жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар дәрілерін уақытылы қабылдап, дәрігердің бақылауында болғаны дұрыс. Ыстықта олардың қан қысымы түсіп кетеді. Егер қан қысымы төмендесе, онда бірден жедел жәрдемге хабарласу керек;
  • Күн ыстықта даладан келіп, кондиционердің түбіне бірден отыра кетпеңіз. Терлеп тұрғанда мұрныңыздың пысылдап қалғаны ештеңе емес, радикулит пен пневмонияға шалдығуыңыз әбден мүмкін;
  • Күн ыстықта кондиционерді 18 градустан төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны.

Есіңізде болсын!

  • Қысқы суыққа қарағанда ыстықта түрлі жұқпалы аурулар тез тарайды;
  • Балалардың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз! Ысталған, қуырылған, майлы және тез бұзылатын азық-түлік мөлшерін ыстық күндері азайту керек.
  • Балаларды ешқашан жабық көлікте қалдырмаңыз;
  • Көлік қозғалтқышының салқындауын, антифриздің температурасы термометр сызығының қызыл сызығынан аспауын үнемі қадағалаңыз;

Күн өту белгілері қандай?

  • Бас айналу немесе талу;
  • Жүрек айну немесе құсу;
  • Бастың ауыруы;
  • Жиі тыныс алу мен жүректің жиі қағуы;
  • Қатты шөлдеу.
  • Осы аталған белгілер байқалса, салқын жерде отыру және жиі су ішу керек. Егер бұл белгілер басылмайтын болса, жедел жәрдемге хабарласу керек!

 

mezet.kz

Оқылды 4028 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет