Бейсенбі, 21 Сәуір 2022 10:25

Күйдіргіден сақтанайық!

(Сибирская язва)

Күйдіргі – аса қауіпті, күйдіргі ауруын шақыратын, бациллалар қоздыратын жұқпалы ауру. Адамға ауру қоздырғышы ауру малдан, кейде шошқадан жұғады. Жабайы кемірушілерде ауру көзі болуы мүмкін.  Ауру мал жұқпа қоздырғышының зәрімен, нәжісі, құсығы және басқа дене сұйықтармен қоршаған ортаға бөледі. Күйдіргінің қоздырғышы ағзада бөлініп шыққаннан кейін қоршаған ортаға да төзімді келеді. Ауру қоздырғышы ұзақ уақытқа дейін жануардың ішкі ағзасында, ал топырақта бірнеше ондаған жылдарға дейін сақтала береді.

Адамға күйдіргі қоздырғышы зақымдалған тері арқылы, ауру малға күтім жасағанда, терісін сыпырғанда, терісі, еті қоздырғышпен ластанған өнімдермен қатынаста болғанда, ластанған су және топырақ арқылы жұғуы мүмкін.

Күйдіргі ауруының басым көпшілігінде жергілікті терілік зақымдану түрінде көрінуі мүмкін. Адам ағзасына қоздырғыштың тері арқылы енген жерінде 2-ші, 6-шы күндері кішкене қызарған дақ пайда болып, содан кейін қан құрамдас жара пайда болады. Жара беті жарылғаннан кейін өзіне тән аумағы 4-6 см қою қызыл түсті және ортасы қара қабыршақталған, шеттері ісіген, ауру сезгіштігі төмен ойық жара пайда болады. Сонымен қатар, 38-39 градусқа дейін дене қызуы көтерілуі мүмкін. Аурудың ағымы қолайлы жағдайда және уақтылы басталған емде 5-7 күнде дене қызуы қалпына келіп, 2-3 аптадан кейін қабыршығы түсіп, тырнау нәтижесінде ауру қоздырғышы қанға түсіп асқынуға әкелуі мүмкін.

Көп жағдайда дененің ашық бөлігі зақымданады (бет, мойын, аяқ, қол). Тағам арқылы жұққанда жүрек айну, құсу, қан аралас нәжіс, іш ауру белгісі пайда болады. Осы белгілердің біреуін өзіңізде байқасаңыз, жедел түрде дәрігерге қаралған жөн. Уақытында басталған ем аурудың ары қарай дамуын тоқтады.

Күйдіргінің ауруының алдын алу үшін келесі негізгі санитарлық-тазалық ережелерді қатаң сақтаған жөн:

– Малдәрігерлік бақылаудан өтпеген ет, тері және жүн өнімдерін сатып алмау;

– Аурудың белгілері бар малдарды малдәрігердің рұқсатынсыз соймау;

– Ауылшаруашылық малдарға күтім жасағанда тазалық ережелерін қатаң сақтау және күйдіргіге қарсы малға ем егу;

– Жер өңдеу жұмыстарын жүргізгенде жеке бас тазалығын сақтау, тырнақты қысқа қылып қырқу;

– Жұмыс жасау кезінде терінің тырналған, жыртылған жарасы болса, жедел түрде ауруды жұқтыруды болдырмау үшін йодпен немесе медициналық дәкемен залалсыздандыру;

– Алдын ала егу тағайындалған уақытында келу;

– Қансорғыш шіркейлерден үркітетін құралдарды қолдану.

Осы шараларды орындағанда ғана сіз күйдіргімен ауырып қалудан сақтанасыз!

 

Қ.Керімбек, 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Оқылды 3821 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет