Бейсенбі, 20 Қазан 2022 17:10

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудан сақтануды білесіз бе?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын жіті респираторлық вирустық инфекция (әрі қарай - ЖРВИ) және тұмаумен жер шарының  әрбір 3 ші тұрғыны ауырады. Біздің елдің мәліметіне келер болсақ,  жыл сайын 600 мыңнан 1,2 млн-ға дейін адам осы инфекциялармен тіркелсе, оның 70-80 мыңдайы орташа ауыр не болмаса ауыр халде ауруханаға қаралады.

Еңбекшіқазақ ауданында 2022 жыл басынан қазан айының екінші аптасы аралығында 2052 жағдай ЖРВИ болып тіркелсе, оның 900 жағдайында 14 жасқа дейінгі балалар. Сырқаттанушылық қазан айының екінші аптасында 4 есеге ұлғайып, барлығы бір аптада 125 жағдай тіркелді. Өткен 2021 жылы ауданда ЖРВИ жұқтырған 5356  науқас тіркелсе, оның  2243 жағдайында науқастанғандар 14 жасқа дейінгі балалар болған.

Тұмаудың алдын-алудың ең ұтымды жолы - тұмауға қарсы вакцинацияны қабылдау. Вакцина қауіп тобына жататын адамдардағы негізгі (созылмалы) ауруларының ауыр түрде өтуінен, ауруханаға ауыр халде түсуден және қайғылы (өлім) жағдайдан қорғайды.

Жылдың күз мезгілі келісімен еліміздің аумағында тұрғындарды, оның ішінде тұмауды жұқтыру қауіпі жоғары топтағы адамдарды (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жүктіліктің 2-3 триместріндегі жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да тұрғындар) маусымдық тұмаудан қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын біздің елдің 2,5 млн астам тұрғыны осы вакцинаны қабылдайды, ол еліміздің жалпы халық санының 14%-на тең.

Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцина жер бетіндегі 59% елдердің ұлттық егу күнтізбелеріне енгізілген.

Биылғы 2022 жылы тұмауға қарсы вакцинация науқаны 3-ші қазанда бастау алып, бүгінгі күні Еңбекшіқазақ ауданы бойынша егуге жоспарланған адамдардың 68,5% немесе аудан тұрғындарының 9,7%-ы қамтылды.

Тұмауға қарсы егуге қолданылатын вакцина Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігімен тексеруден өткен, тіркелген.

ЖРВИ мен тұмаудың негізгі таралу жолдары: ауа тамшылары және қарым- қатынас арқылы. Сол себептен сіздерден ЖРВИ мен тұмаудың маусымы кезінде созылмалы аурулармен есепте тұрған егде жастағы адамдар мен балалардың адамдар көп шоғырланған орындарға жібермеуді,қоғамдық орындарда бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, үйге оралған бойда қолды жақсылап сабынды сумен жуып, спирттік антисептиктермен өңдеуді сұраймыз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз (мұрыннан су ағу, тамақ не бас ауыру, әлсіздік), дене қызуыңыз көтерілген жағдайда үйде қалып, медициналық қызметкерді үйге шақыртуға кеңес береміз.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтаңыз! Ең бастысы вакцинациядан өтіңіз!

С. ЖАУКЕЕВА,

Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының  жетекші маманы.

Оқылды 2899 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « STOPCOVID-19 Профилактика туберкулеза »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет