Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 10:17

Мемлекеттің тірегі

Адамзат өркениеті жаралғаннан бері  діл мен дін егіз ұғым ретінде бірге өмір сүріп келеді. Ғасырдан жалғасып келе жатқан тіл мәдениеті сан-салалы дамып, бүгінде ұлттар мен ұлыстарға бөлінуімен ерекшеленеді.

Әрине, қазақ тілі – көне заманнан бері  өз әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрмен тоғысып, мәдени мәйегімен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Тіл – үлкен білім, дін – үлкен насихат. Тіл – бір мемлекеттің, бір ұлттың тұлғалануын, дамуын, ерекшелігін, мәдениетін белгілеп беретін құрал. 

Қазақ  тілі – дүние жүзінде ең бай, құдіретті, адамзатқа беретін қуаты мол, шебер тіл. Ақын жазушылардың паймдауынша, ана тіліміздіегі сөздік қордың молдығы мен шеберлігі  әлемдегі еш тілден кем соқпайды. 

Ғасырдан бұрынғы бабаларымыздың қаймағы бұзылмаған тілі мен діннің тұнықтығы шайқалмай  қазірге дейін жалғасып келуі – үлкен мақтаныш.

Ал енді  ислам діні – тазалыққа пәктікте құрылған. Мұсылман қауымның жүрегінен орын алған қасиеттң дін. Қазіргі кезде қазақ ұлтының тілі мен діні тең даму үстінде. Қазіргі басқа елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың діні мен тілінің хал-жағдайы баршаларыңызға аян.

Ал елімізде бұл егіз ұғымды қатар дамытуға жағдай жасалып отыр. Осыны бағалай білуіміз қажет. Тәуелсіз Отанымызда тіліміз бен дінімізді көз қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа қаз-қалпында аманат ету – біздің асыл парызымыз. 

Өз тіліммен Отанымда мақтанамын,

Мақтанамын, дініммен бақ табамын.

Ішке сыймай басқа елде бауырластар ,

Қайғы-мұңын қасіретін ақтарамын.

Тіл мен дінді тұмар ғып сақтағанмын,

Құранды сәбиімнен жаттағанмын.

Йә, ислам дініміз бен ана тіліміз қазақтың бойына сіңген ата дәстүрімен қаз-қалпында сақталып, жалғасып келеді. Қазір кейбір сұрқия күштер тілді шұбарлап, дінді бұрмалайтын жалған ақиқатты желеу етіп, бейіштің төрінен орын алғысы келіп, жәннаттың есігінен сығалайтын кері бұзғыншы топтардан сақтанғанымыз абзал. Олар тіліміз бен дінімізге ықпал етіп қана  қоймай, қоғамға іріткі салғысы келеді. Сондықтан, бойында намысы бар  ізгі ниетті асыл жандар көбейіп, ұлттың ынтымағын тілдің жарасымдылығын, қоғамның тыныштығын, діннің тұнықтығын сақтауын үміт етеміз. Әрқашан тіліміз бен дініміздің гүлденуіне, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мемлекетіміздің көркеюіне тілектестік білдіреміз.                             

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы

Оқылды 2261 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет