Жұма, 09 Сәуір 2021 09:45

Пітір-садақаның мөлшері қандай?

Биыл қайырымдылық мөлшері – 420 теңге. Бұл өткен жылдарға қарағанда біршама көп.

Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов: «Садақаның мөлшері екі килограмм ұнның орташа құны негізінде есептелді. Ұн бағасы ҚМДБ-ның қалалық және аймақтық өкілдіктері ұсынған ақпарат негізінде анықталды. 2020 жылы пітір-садақаның мөлшері 370 теңгені құрады. Пітірді Рамазан айы бойы төлеуге болады», – деп атап өтті.

Қасиетті Рамазан айы жақындаған сайын қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Короновирусқа қарсы екпені ораза кезінде салдыруға бола ма?» деген сауал туындап отырғаны рас. Имамдар, екпе салдыру оразаны бұзатын амалдарға жатпайтынын айтады. «Шариғат бойынша оразаны ағзаға табиғи жолдар – ауыз, мұрын, ішек арқылы енетін заттар бұзады. Ал денеге коронавирусқа қарсы екпені салдыру оразаны бұзбайды», – дейді Талдықорғандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас имамы Ардақ Оразбай. Сондай-ақ емдеуге қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 13 мамырда мұсылмандар Ораза Айт мерекесін, ал қасиетті түн – Қадір түнді 8-9 мамыр аралығында қарсы алады.

Оқылды 3976 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Арақ ардан айырады Шарапатты Шағбан – құлшылық айы »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет