Сейсенбі, 05 Қазан 2021 09:47

Егіз ұғым сабақтастығы

Барлық елдің, барлық ұлттың озіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеуші ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз,  наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізген. Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан  тұрады. Әрқайсының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі,  діни нанымдары бар. Мұндай алуан түрлілік Алла Тағаланың қалауымен болған хикметі. Құран Кәрімде «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар мен рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші,  әр нәседен хабар алушы» деген.  Ия, адамзат та, ұлттар да бір-бірін тану арқалы олар өздерін таниды, ал өздерін танулары арқылы Жаратушыны таниды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінен бұрынғы пайғам-барлармен арасындағы байла-ныс жайлы: «Менен бұрынғы пайғамбарлардың мысалы үй тұрғызған бір кісі сияқты. Әдемі көркем етіп салады, тек бір бұрышында бір кірпіштің орны бос қалады. Халық ол үйді айналып көріп  ұнатып: «Әттең, мына бір кірпіші қойылса ғой» – дейді. Сол кірпіш мен боламын!» – деген екен. Көріп отырғанымыздай, Пайғамбар (с.ғ.с) «Мен сол үйді бұзып, қайта тұрғызушымын!» – деген жоқ, керісінше, «толықтырушымын, аяқтаушымын», –  деп айтты. Мұның өзі асыл дініміздің қалыптасқан ізгілік үлгілерін қиратушы емес, керісінше, толықтырушы екенін білдіреді. Біз әке тұрып ұл сөйлегеннен безетін, ата-ененің қалауын қабағынан сезетін,  ата-анасы жынды болса, байлап бағатын, қолда барды бөліп беріп, көрші мен қонақтың көңілін табатын, қызына қырық  үйден тыйым салатын, тағыда да басқа көптеген мүміннің сипаты, мұсылманның мұраты саналатын асыл қасиеттерді, отбасы-ошақ қасында бойға сіңіретін салт-дәстүрі бар халықпыз. Атадан мұра болып қалған нақыл сөздер мен өлең-жырлардың имандылыққа баулуда алар орны айрықша. Ислам құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрдің арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының қайнар қөзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдени төрінен орын алды. Салт-дәстүрімізде көрші ақысына баса назар аударылғаны да белгілі. Ал, оның шығу тарихын зерттегенімізде Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) ақыл-кеңестерінен бастау алғандығын көреміз. Халық арасында көп тараған хадистердің бірінде: «Көршісі аш, өзі тоқ жатқан нағыз мұсылман емес» делінгені мәлім. Егер қазақтарда біреу о дүниелік болса, оған адамдар «иманды болсын». «арты қайырлы болсын» деп қөңіл айтып жатады. Бұл сөздің астары «жаны жәннатта болып, артында қалған ұрпағына Алланың берекесі болсын» деген мағынада. Сонымен қатар, қазақтардың кейбір ғұрыптары мен Пайғамбар сахабаларының істеген амалдары арасында ұқсастықтар көп. Мысалы, Халифа Усман ибн Аффан бір кішкентай сүйкімді баланы көріп қалып «Мына балаға көз тимес үшін иегінің астына қара күйе жағып қойыңдар» деген екен. Қазақтардың сәбиге қара күйені тектен-текке жақпайтынын осы оқиғадан байқауға болады. Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне қалдырған мұстахаб істер бар. Олардың барлығы шариғатқа сай келмейді деп айтуға болмайды. Керісінше, олар әрбір мұсылман халқы ғұламаларының көз алдында әрі олардың құптаумен сан ғасырлардан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызға, тілдік ерекшеліктерімізге қарсы шығу немесе мұны қазіргі кейбір өзге мәдениеттегілерге еліктеп, ұқсап бағу немесе дінім осы екен деп араб құсап киіну –  сауатсыздық. Өйткені адамзаттың ұлт-ұлысқа бөлінуі – жоғарыдағы аятта айтылғандай, Жаратқанның өз жаратылысына бекітіп берген мызғымас заңы.

 

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ,

ауданның бас имамы

 

Оқылды 5098 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тәрбие жолындағы игі қадам Берекелі мереке »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет