Бейсенбі, 31 Наурыз 2022 12:12

Ораза ұстау — парыз

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға Рамазан айы  берекелі болсып, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Ораза араб тілінде الصوم деп аталады. Мағынасы тыйылу дегенді білдіреді. Яғни, ішіп жеуден ғана емес, рұқсатсыз нәрселерге қараудан, жаман нәрселерді естуден және бос сөз айтудан тыйылу.

Бұл турасында Мәуләна Руми р.ғ:

«Құлағыңды саңырау тұт,

Көзіңді соқыр тұт,

Тілңіңді мылқау тұт,

Құдайдың сырын көрмесең маған күл» – деген.

Орынсыз затты көруден, естуден және тілін өсектен тыйған адамның ғана оразасы толық болмақ.

Ораза ұстау арқылы адам өз нәпсісін тыйып, Хақ Тағаланың разылығына бөленеді. Нәпсіні тәрбиелеуді Алла Тағала өзі бізге мейірім шапағат қылып үйретеді. Ең әуелде нәпсіні жаратып: «Ей нәпсі! Мен кіммін, Сен кімсің? Осыны білесің бе?» деп, сұрайды. Сонда нәпсі: «Сен – сенсің, мен – менмін» деп жауап береді. Алла Тағала нәпсіні 1000 жыл тозаққа салады, 1000 жыл суыққа қатырады. Нәпсі қасарысып: «Сен – сесің, мен – менмін» деп Жаратушысын мойындамайды. Содан кейін нәр татқызбай аштыққа қойғанда ғана: «Сен менің Раббымсың, мен сенің құлыңмын», деп Тәрбие етуші Иесін мойындайды.

Адам баласы нәпсісін тәрбиелемегендіктен өзін өзгелерден жоғары санап, тәкәппар болады. Сондықтан, Ораза адам баласына парыз етілді. Ол туралы Алла Тағала Құрани Кәрімде былай дейді:

«Уа, иман келтіргендер! Сендерге өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді, бәлкім сақтанарсыңдар»

(Бақара сүресі, 183-аят.)

Басқа пайғамбарлардың қауымына да оразаны бұйырған. Бірақ біздің  Пайғамбарымыздың с.ғ.с үмметіне айрықша рамазан айында ораза ұстауды бұйырған. Жоғарыдағы аятта айтқандай  «нәпсілеріңе тиым салсаңдар барлық шариғаттың үкімдері оңай болады» – деді.

Пайғамбарымыз с.ғ.с сахабалары рамазан қанша күн деп сұрағанда, «29 және 30 күн болады, ай көріп ауыз бекітіп, ай көріп оразаларыңды ашыңдар» – деген.

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с : «Кімде кім рамазан айының кіргеніне ерекше қуанса, Алла Тағала ол адамның денесін тозаққа харам қылады» – деді.

Абу Һурайрадан риуаят болған хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с: «кімде кім мықты иманмен, Алланың разылығын үміт етіп, рамазан айында ораза ұстаса, Алла Тағала ол адамның өткен күнәларын кешіріп, рахметіне бөлеп екі дүниеде бақытты қылады» – дейді.

Ораза – бұл сыр құлшылық. Неліктен сыр құлшылық деп атаймыз? Өйткені өзге құлшылықты орындағанда іс қимылмен көрсетіп жасаймыз. Мысалға, намаз оқысақ, қажыға барсақ, зекет берсек басқа адамдар куә болады. Ал ораза ұстаған адамның ауызы берік пе, әлде ашық па, оны ораза ұстаушы және Алла ғана біледі.

Абу Һурайрадан р.ғ риуаят болған хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с былай дейді:

«Алла Тағала: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін, ал ораза тұту Мен үшін, оның әзір-сауабын өзім беремін», –  деді», деген.

Дүниеде Алланың разылығы үшін ғана сыр қылып ораза ұстаған адамды Ұлық Құлсүйгіш Алла Тағала жәннатына, тіпті періштелеріне де білдірмей құпия түрде кіргізеді.

Алла Тағаланың бүкіл жер бетіндегі сахарадағы құмның, теңіздердегі судың тамшысының санын білетін есепші періш-телері бар. Сол періштелеріне Алла Тағала Хабибінің с.ғ.с үмметінің рамазан айында бір күн ұстаған оразасының сауабын есептеп беруді әмір етеді. Сонда періштелері сауабының санына жете алмай шарасыз болады. Сонда Алла Тағала періштелеріне: «мәңгі есептесеңдер де санына жете алмайсыңдар, ораза ұстаушының сауабын өзім ғана білемін» – дейді.

30 күн оразада ашығудың дәмін сезген адам баласы бұл дүниеде тарығып жүрген жандардың жағдайын да терең ұғынып,  сезіне алады,  деген ғұламалар.

Құрметті, оқырман қауым! Алла Тағала айтады: «Менің разылығымды талап қылыңдар, талап қылсаңдар разылығыма жетесіңдер. Егер мені талап қылмай басқа нәрселерді талап қылып, іздейтін болсаңдар, мені мүлдем таппайсыңдар» – деп. Алла Тағаланың разылығын талап етіп, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын.

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы. 

Оқылды 8153 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет