Дүйсенбі, 09 Қараша 2020 16:51

Рәтбек қажы Нысанбайұлына «Парасат» ордені тапсырылды

Рәтбек қажы Нысанбайұлына «Парасат» ордені тапсырылды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының тұңғыш төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлына Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген «Парасат» орденін салтанатты түрде тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. Алдымен қонақтарға жылы ықыласын білдірген облыс әкімі Амандық Баталов:

- Бүгін біз жақсы жаңалықпен бас қосып отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ардақты ағамыз Рәтбек қажы Нысанбайұлын діни-рухани салаға сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдап, осы награданы кеудеңізге ерекше құрметпен тағу міндетін маған жүктеді. 80 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында беріліп отырған осы лайықты марапатыңызбен құттықтау салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы да арнайы келіп отыр. Бұл - бәріміздің сізге деген құрметіміз, - деп А. Баталов Рәтбек қажының кеудесіне «Парасат» орденін тағып, өз атынан жазылған құттықтау хатын ұсынып, иығына шапан жапты.

ҚБДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да сөз алып, басқарманың атынан сый-сияпат көсетті. Рәтбек қажының Орта Азия Мұсылмандар діни басқармасының құрамынан Қазақстанның Мұсылмандар Діни басқармасының жеке шығып, шаңырақ көтеруіне тікелей мұрындық болған еңбегін атап өтті. «Сіз бізге ұстаз болдыңыз. Қазақта «Ұрпағымен көп жасайды» деген жақсы сөз бар. Алла Тағала өзіңізге ұзақ ғұмыр берсін. Тәлім берген ұрпақтарыңыз бен шәкірттеріңіз ел игілігіне еңбек ететін салиқалы перзенттер болсын», - деп тілегін білдірді.

Осы жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемейіт те ардагерлер атынан  Рәтбек қажыға деген ізгі ниетін жеткізді.

Марапат иесі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өз кезегінде еңбегін елеген Елбасына, Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, осы қуанышқа орай ыстық ықыласын білдірген барша жандарға рахмет айтты. Ақсақал ел мен жер тарихы, рухани құндылықтар жайында әңгіме қозғап, осының бәрі кейінгі ұрпаққа бағдар болар жол болуы тиіс екенін атап өтті.

Еске салсақ, Рәтбек қажы Нысанбайұлы ұзақ жыл Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына төрағалық еткен, Бас мүфти болған. Құран кәрімді қазақ тіліне аударған. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданы Есік қалалық мешітінің бас имамы. Алматы облысының Құрметті азаматы.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» ордені берілді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 2588 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет