Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021 17:11

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасының есебін тыңдады

Мемлекет басшысына биылғы 7 айдағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.  

Ұлттық Банк төрағасы Президентке коронавирустың жаңа толқынының таралуына байланысты Халықаралық валюта қорының әлемдік экономиканы қалпына келтіру қарқыны мен қаржы нарықтарын түзетуге қатысты болжамдарды қайта қарағаны жөнінде ақпарат берді.

Әңгімелесу барысында әлемдік экономиканы қалпына келтіруде инфляция мен инфляциялық болжамдар басты кедергі екені атап өтілді. Мемлекет басшысына еліміздегі инфляцияның жылдам өсу себебі (2021 жылғы шілдедегі қорытынды бойынша – 8,4%) және инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені (9,25%-ға дейін) көтеру туралы шешімі жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев карантиндік шектеулер кезінде іскерлік белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру, Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қаражаттың жағдайы, сондай-ақ, зейнетақы активтері өсімінің оң динамикасы туралы да баяндады.

Президентке төлем балансының ағымдағы шоты туралы айтылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бірінші жартыжылдықта экономикалық белсенділіктің артуы мен тұтынушылық импорттың өсуі салдарынан 1,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде тапшылық қалыптасқан.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың активтерін сақтауға және арттыруға ерекше назар аударып, Үкіметпен бірлесіп инфляцияны тұрақтандыру бойынша тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Дереккөз

Оқылды 1741 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет