Сәрсенбі, 13 Қазан 2021 15:32

Баға қалта көтере ме?

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАП, БАЗАРҒА ҚАРАЙ АҒЫЛҒАН АДАМ ҚАРАСЫ КӨП. СЕБЕБІ, КҮЗДЕ ЖАУЫП АЛАТЫН САЛАТ ПЕН КОМПОТ, ТОСАПҚА КЕРЕК КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРДІҢ ДӘЛ ҚАЗІР – САУДАСЫ ҚЫЗҒАН КЕЗІ. ОСЫ ОРАЙДА БАЗАРДАҒЫ БАҒА ТУРАЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДА ПІКІРІН БІЛГЕНДІ ЖӨН КӨРДІК.

Керегін көтеріп жүрген адам қарасы көп мұнда. Бірі қант, ұн арқалап бара жатса, бірі көкөністерді көптеп алуда. Базардың нағыз қызған кезі. Диқаншының жаздайғы еңбегі мен кәсіпкерлердің сауда-сын қарапайым халық жүргізіп жатыр. Баға былтырға қарағанда біршама көтерілген. Бір ғана дәлел,  ауданымызда өсетін алма-ның бір келісі – 400 теңгеге жуық. Қалтаңа салып барған ақшаңа әрі кетсе, екі сөмке көтересің де келесің. Ақша құнсызданды ма, әлде нарықтағы баға осы болып тұр ма, белгісіз.

«Қыстай жейтін салаттарыма керегімді алайын деп келдім. Базардағы баға әртүрлі 20-30 теңгеге ғана айырмашылық бар. Бірақ биыл баға айтарлықтай шарықтап кетті. Былтыр қызанақты 100 теңге, қорабымен 80 теңгеге алсам, бүгін 250 теңге төлеп тұрмын. 5 литрлік күнбағыс майы-3400 теңге, тіпті кейбір дүкенде 4500 теңгеден тұр. Бағалар тұрақсыз, күн сайын өзгеріп тұрады. Айтарлықтай қымбатшы-лық байқалады», – дейді  Алмалы ауылы-ның тұрғыны Джульетта Абишева.

Иә, қымбатшылық бар. Сәбіздің бағасы бір күнде аспандап 500 теңгеге шыққаны белгілі. Тіпті супермаркеттерде 700 теңгеден түспегенде де ел болып шулаған едік. Қазір  базарда сәбіз 150 теңгеден сатылып жатыр. Ендеше, қаладағы көкөністердің бүгінгі бағасымен танысайық. Картоп – 180 теңге, пияз - 130 теңге, қырыққабат – 150 теңге, болгар бұрышы – 200 теңге, қияр – 180 теңге, баялды – 110 теңге, сарымсақ – 800-1000 теңге аралығында болса, көк-сөктердің келісін  700-800 теңгеден алуға болады.

Кәсіпкер М.Нұрбаеваның да қалауы - бағаның тұрақтылығы. «Ауылда дүкенім бар. Соған осы жақтан келіп көтерме бағамен тауарларымды алып, үстіне 10-20 теңге қосып сатамын. Жолым, жалдайтын көлігім бар. Айналып келгенде, үстіне қос-қан ақшам ақталмайды. Күнкөріс керек. Арнайы мамандар рейд жүргізіп, базардағы бағаны тұрақтандырып тұрса деген ойым бар». 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік ұн, нан, күріш, қант, сиыр және қой еттері-нің бағалары да өскен. Көлік жөндеу орталығында жұмыс жасайтын Н.Алмас  ет бағасының келісі 2700 теңге болғанына қынжылады. Себебі, алатын айлығының тең жартысы етке кететінін айтады. «Менің  айлық табысым – 60 мың теңге. Ақшам ай сайынғы коммуналдық төлемдерді есептемей-ақ, азық-түлікке жұмсалатын шығыннан артылмайды. Ет жейтін қазақ-тар үшін, оның бағасы маңызды. Мәсе-лен, етке 25 мың, ұн мен күрішке 15 мың жұмсасам, макарон, сүт өнімдері мен күнделікті ұсақ-түйек тағы бар, өзіңіз есептей беріңіз».

Бүгінде көпшіліктің сұранысына ие сиыр етінің бір келісі – 2400-2700 теңге болса, қой еті-2600 теңге. Жылқы еті – 3000-3500 теңге, ал қазының келісі – 4000 теңге тұрады.  Айнаш есімді базарда ет сатушы сиыр етінің өзін көтерме бағамен 2300 теңгеден алатынын айтады.  Төлейтін салығымыз, жалдайтын орнымыз бар,  өз кезегінде көретін пайдамыз аз дейді.

«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін бекіткен. Жылдық 4 тоқсан бойынша белгіленген азық-түлік ішінде тазартылған күріш, бірінші сортты бидай ұны, сиыр және тауық еті, сүт өнімдері мен қант, тұз, жұмыртқа, сары май қарастырылған.

«Аудан бойынша бағаны  аптасына 1 рет бақылап, 26 ауылдық округтен бағаны алып, белгіленген кестемен, оның ішіндегі 19 атау бойынша   біз мониторинг жүргізіп, облысқа есеп жібереміз», – дейді кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы Сезім Құрбанбаев.

Қорыта айтқанда, базардағы сатушылар мен тұтынушылардың да айтары бір. Еліміз үшін осындай күрделі кезеңде бағаның тұрақтылығы қарапайым халық үшін маңызды. Ал  біз тапқан табыс берекелі болсын дейміз.

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ

Оқылды 3940 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет