Дүйсенбі, 14 Желтоқсан 2020 10:42

«ASYL JÚREK» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысында 3000 астам жас көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын. Олар қиналғандрға демеу боп, көмек көрсетіп келеді. Еріктілердің бұл еңбегі елеусіз қалмады. Бүгін Алматы облысы әкімінің сыйлығы «Asyl Júrek» жеңімпаздары марапатталды. 
Биыл аймақтағы еріктілердің еңбегі ерен екені айқын көрінгендей болды. Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап,  еріктілер азық-түлік тасып, дәріханалардан қажет дәрі-дәрмекті іздеп, көмекке зәру отбасыларға тамақ жеткізді. Осылайша, көмектің барлық түріне атсалысты. Коронавирус пандемиясы еріктілердің дайындығы мен бірлігін көрсетті. 
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Елдар Сапаров құттықтау сөзінде еріктілердің қайрат күші, ерік жігері жастарғағ әр азаматқа үлгі екенін атап өтті. 
«2020 жыл бүкіл әлем үшін оңай болмады. Алайда, Қазақстан ғана осы жыл – еріктілер жылына арналды. Мейірімділік әлемді құтқарады деп бекер айтылмаған. Мемлекет басшысы: Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз деп атап өтті. Біреуге қол ұшын созып, көмек көрсету біздің қанымызда бар. Ата-бабамыз ежелден жесірін қаңғыртпай, жетімін жылатпай өсірген халық. Сол үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Еріктілер, әсіресе, пандемия кезінде ерлік көрсете білді. Сондықтан дәл осы бағыттан таймай, еңбек ете беріңіздер.»,- деді басқарма басшысы. 
Алматы облысында жыл басында 1000 аса ерікті болса, қазір олардың саны 3000 асқан. Арасында табиғат, жануар жанашырлары , құтқару қызметі мен медицина саласындағы батырлар бар. 
Айта кету керек, бұл шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған еріктілер жылының ресми жабылуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл мақсатта, ұйымдастырушылар 1 ай бұрын байқау жариялаған болатын. Нәтижесінде, облыстың әр-аудан қаласынан 100-ден аса өтінім келіп түскен. 
Салтанатты шарада ерікітілер: Asyl Júrek: мұрагер, жан жылуы табиғат сүйер, жануарлар қорғаушысы, көзсіз ерлік , ТЖ волонтерлік, білгенімен бөліскен, шипагер сынды 8 номинация бойынша марапатталып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, диплом мен сертификаттармен марапатталды.  
«Asyl Júrek: Жан жылуы» номинациясы  «Харекет» қайырымдылық қорының Талдықорған қаласы бойынша жетекшісі Амангелді Толемисовқа бұйырды.  Айта кету керек, биыл бұл қордың жұмысын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттаған болатын.
«Қазақ халқы ешқашан жетімі мен жесірін жылатпаған. Қазақта жылу деген болған. Қиналған отбасыға міндетті түрде сол ауыл жылу жинап, көмектескен. Қазақта асар деген бар. Үй салуға да көмектескен. Сондықтан бұл біздің қанымызда бар. Қашан да жанымызда жүргендерге көмектесіп, қолдап жүрейік.»,- деді Амангелді Толамисов. 
Жүректі елжіреткен «Asyl Júrek» шарасында көпбалалы, жалғыз басты ана Ақмарал Наурызбековаға көптен күткен баспананың кілті табыстылды. Бұндай сыйлықты республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры жасады. 
Қайырымдылық шара «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен эстарада әншісі Қуандық Рахымның қатысумен мерекелік  концертке ұласты.

Оқылды 724 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Індетті жою – міндет Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет