Жұма, 25 Желтоқсан 2020 21:47

Полиция тыныштық күзетінде

Ауданымыздың полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруда және биылғы пандемия кезінде қаза тапқан әріптестерін ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында еске алды. Тәртіп сақшылары олардың туған-туысқандары мен жақындарынаризашылықтарын жеткізіп, алғысын білдірді.

Аудандық  полиция басқармасында өткен жиналысқа облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Данияр Мендебаев пен аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов және өзге де полиция қызметкерлері қатысты. Жиналыста пандемия кезінде қаза тапқан Тохтибуви Разыеваға ҚР Ішкі істер министрінің атынан «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі беріліп, аталған марапат марқұмның ұлына табысталды. Жиналыста сөз алған Д.Мендебаев: «Тәуелсіздік жылдары қылмыспен күресуде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ондаған қызметкеріміз қаза тапты. Олардың бейбіт уақытта, жас шағында, жоспарлары мен үмітін іске асыра алмай, халқы мен Отаны үшін жан тапсырғандарын сезіну өте қиын. Біз қазіргі полиция қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау саласының жас буыны осы батырларды еске аламыз. Биылығы пандемия жағдайында да полиция қызметкерлері күрестің алғы шебінде жүрді. Біз бүгін Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында олардың рухына тағзым етіп отырмыз. Қазір елімізде полиция қызметкерлеріне жаңа міндеттер жүктелуде. Сондықтан бізге білімді де, білікті полиция қосынын құру маңызды. Біз қашанда Отан алдындағы борышымызға адалмыз», – деді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ерлікпен қаза тапқандардыңтуған-туыстары мен балаларын назардан тыс қалдырмады. Департамент басшысының бастамасымен есіл ерлердің әріптестерінен құралған топ өз қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция майоры Турдиев Турганжан Мажитұлы мен полиция сержанты Абдуллаев Мусрет Климентұлының отбасыларына амандаса барды. Тәртіп сақшылары батырлардың жұбайы мен ата-аналарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға алғыс хаттар, гүлшоқтары мен сыйлықтар табыс етті.

«Біз ел азаматтарының бейбіт өмірі үшін құрбан болған полиция қызметкерінің бейнесін, ерліктерін жүрегімізде мәңгі сақтаймыз. Олардың әрбір игі ісі мен әрекеттері ерлік деп бағаланды. Олардың отан сүйгіштігі мен өшпес ерлігі жас буынға өмірілік өнеге болады», – деп қорытындылады Данияр Мендебаев.

 

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1033 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет