Бейсенбі, 31 Желтоқсан 2020 09:51

Аудан әкімі Қуанышбек Қалиұлының құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді келе жатқан 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Тағы бір жылды өткердік. Дәстүр бойынша біз осынау сәтте өткен жылды таразылап, жаңа күнге жарқын жоспарлар құрамыз. 2020 жыл барлық қазақстандықтар үшін ауқымды экономикалық және әлеуметтік міндеттірді орындау, мемлекеттік аса маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру және мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуын одан әрі жетілдіру жолында айшықты қолтаңбасын қалдырды. Қазақстан тәуелсіздіктің 29 жылында экономикасы дамыған, халықтың әлауқаты артқан, қуатты мемлекетке айналды.

Ауданымыз үшін де өткен жыл жақсы табыстар мен жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігін берді. Біз экономиканың тұрақты, қарқынды дамуын және әлеуметтік мәселелерді шешуді біршама жақсарттық. Жыл аралығында автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, су желілерін жаңғырту және білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біздің осы жетістіктеріміз алдағы жылда да дәстүрлі жалғасын табатынына, болашақта міндеттерімізді абыроймен орындайтынымызға кәміл сенемін. 2020 жылы бүкіл әлемді жаулаған пандемия індеті елімізді де айналып өтпеді, Осындай қиын сәтте біз бір біріміздің бауырмашылдығымызбен қатар төзімділігіміз айырықша көрінді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біз біргеміз!» акциясы аясында ауданның еріктілері әлжуаз топқа жататын жандарға, көп балалы аналарға көп көмек көрсетіп ерлік істер жасады. Әлі де пандемия індеті өршіп тұр сол себепті биылғы жаңа жыл мерекесін дәстүрлі түрде өтетін аудандық шыршаны жағып алаңға шығып тойланбайды. Алайда өздеріңіз отбасы арасында жанұяларыңызбен келе жатқан 2021 жылды көңіл күйлеріңіз көтеріңкі жақсы ниетпен қарсы алуды шақырамын.

Әрбір азамат жаңа күнде жақсылықтан үмітті. Ендеше, сол үміттеріңіз орындалсын. Жаңа жыл – баршамызды жаңа жетістіктерге, жаңа батыл қадамдарға бастасын! Елдігіміздің тұғыры берік, ынтымағымыздың ырысы шайқалмасын!

Оқылды 1249 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет