Бейсенбі, 21 Қаңтар 2021 14:51

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың бірінші сессиясынан

 

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясын аудандық аумақтық  сайлау  комиссиясының төрағасы Жексембиев Бахыт Есенханұлы шақырып, ашты.

Сессия отырысы 2021 жылдың 15 қаңтарында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарылары мен бөлім басшыларының қатысуымен өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша жалпы дауыс беру нәтижесінде – Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылымына 25 депутат сайланды.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 184016 азамат енгізілді, оның ішінде 131490 немесе 71,46 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 111087 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 84,57% дауысы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10281 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,83 % дауысы;

Қазақстан Халық партиясы – 9756 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,43% дауысы;

 «ADAL» саяси партиясы – 234 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,18% дауысы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы – 21 мандат. Оның ішінде партиялық тізім бойынша:

Абеуова Жамиля Санаковна,

Ахметов Бекет Тулегенович,

Байгоджаев Куат Султанович,

Байшеков Эрлан Ильдарович,

Гусев Михаил Александрович,

Конысбаева Мейрамгуль Асылбековна,

Тункаева Лейля Ауелхановна,

Рахимов Багдат Болатович,

Әбіт Айжан Советбекқызы,

Карагулова Камшат Курманкановна,

Вальков Виталий Викторович,

Ибдиминов Раимжан Билимович,

Мухаметжан Саят Адилжанұлы,

Талкамбаева Айжан Жакыпбековна,

Алтаев  Бекболат  Мухаметжанович,

Чокпаров Даулет Даркембаевич,

Мухтарова Гульмира Раиловна,

Кунесов Кияс Жапарбекович,

Сайдуллаев Аркен Абликимович,

Жантасов Бауржан  Русланович,

Идрисов Рустам Камильжанович.

«Ауыл» халықтық-демокра-тиялық патриоттық партиясы – 2 мандат, партиялық тізім бойынша:

Алсеитов Айдар Асаубаевич,

Қыдырбаев Абай Жүсіпбайұлы.

Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат, партиялық тізім бойынша:

Тукеев Ерболат Аламшаевич,

Нусипкожаев Ерлан Жунисбаевич депутат болып сайланды.

Б.Жексембиевтың өз сөзінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы қорытындысы туралы хабарламасымен таныстыра отырып,  аудандық мәслихаттың VІІ шақырылымына жаңадан тағайындалған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Артынша ашық дауыс беру арқылы бірінші ұйымдастыру сессияның төрағасы ретінде депутаттардың ұсынысы бойынша Мұхтарова Гульмира Раиловна сайланып, сессия отырысын жүргізді.

Күн тәртібінде 5 мәселе қарастырылды.

  1. VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
  2. VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының тізімін бекіту және тұрақты комиссиялардың төрағасы мен құрамын сайлау туралы;
  3. VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияны тіркеу туралы;
  4. VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  5. VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына депутаттар атынан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев ауданымыздың құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаты әрі хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлын ұсынды. Депутаттар Б.Ахметовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде Бекет Төлегенұлы алғысын айтып, қойылған мақсат-міндеттер мен бағдарлы жұмыстарға тоқталып, алдағы ортақ жұмысты жоғары дәрежеде бірге атқаруға шақырып, мәслихат депутаттарына табыс тіледі.

 Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек бір» деп Бәйдібек бабамыз айтпақшы, біздің негізгі мақсатымыз бір болғандықтан аудан игілігі үшін бағытталған әрбір бастама алдағы уақытта нақты әрі нәтижелі іске асырылуы керек екендігін назардан шығармауымыз қажет, – деп сөзін қорытындылады мәслихат хатшысы Б.Ахметов.

Сессияларға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін орындау және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылды және жетекшілері сайланды.

  1. Әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, төрағасы Мухтарова Гульмира Раиловна;
  2. Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, төрағасы Рахимов Бағдат Болатович;
  3. Агроөнеркәсіп пен кәсіпкерлікті қолдау, индустриалды-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, төрағасы Ибдиминов Раимжан Билимович;
  4. Энергетика мен жалпы инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, төрағасы Вальков Виталий Викторович.

Сессияда қаралған үшінші мәселе, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес мәслихатта депутаттық фракцияны тіркеу туралы ұсынысқа байланысты болды. «Nur Otan» партиясының Еңбекшіқазақ ау-дандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының төрағасы ретінде Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы сайланды.

Сонымен қатар сессия отырысында VIІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мен кезекті сессиясының төрағасы сайланды.

Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Куанышбек Қашқымбаев:

 Алдағы уақытта, ауданымыздың дамуы үшін бар күш-жігерімізбен бірлесе аянбай жұмыс жасай отырып, мемлекет басшысының сындарлы саясатына негізделген бастамаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы боламыз деген сенімдемін. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырамыз. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал. Бұл – біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз. Бұл – тәуелсіз еліміздің жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы, – дей келе жаңа шақырылымның депутаттарын құттықтап, алдағы барлық бастамаларына табыс тіледі.

 

Б.САТЫБАЛДИЕВ

Оқылды 1244 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет