Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021 15:31

Алматы облысында 1430 адам індет жұқтырды

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 8861 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 3546 адамнан ауырудың белгілері анықталған. Індеттің таралуы бойынша Текелі мен Талдықорған қалалары көш бастап тұр. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,0 % - ға дейін ұлғайған.
Жоғарыда аталған қос қаладан бөлек, Қапшағай қаласы, Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу, Панфилов аудандарында кеселдің өсу қарқыны үдей түскен.
Соңғы тәулікте коронавирус 71 адамнан анықталып, өткен аптаның қорытындысы бойынша Алматы облысында 1430 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.
Әуелде ел арасында «тәжді тажал» деп аталған инфекциямен күресте облыстық денсаулық сақтау саласы барын салуда. Бүгінгі күні медициналық мекемелердің жағдайы жақсарып, ем алушылардың аяқтан тік тұруына кең ауқымда көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, өңірде инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138-ден 1300-ге дейін артты. Сонымен қатар коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін және инфекция расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке жеткізілген болатын. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен жабдықталды.
Айта кетейік, облыста жағдайы ауыр науқастар мен балаларға арналған көпсалалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылған еді. Қажет болған жағдайда төсек-орын саны 5280-ге дейін ұлғайтылады.
«Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров.

Оқылды 1557 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет