Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 14:36

Зейнеткер теледидар ұтып алды

Зейнеткер теледидар  ұтып алды mezet.kz

Өңір жұртшылығына хаттар мен сәлемдемелерді жеткізіп, түрлі деңгейдегі баспа басылымдарын өз оқырмадарымен қауыштырып,  көптеген төлемдерді жасауға зор мүмкіндік беріп отырған аудандық пошта байланыс торабының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Жақында аталған ұйымның Есік қаласындағы филиалында ұтыс ұйымдастырылып, тұтынушыларға сыйлықтар үлестірілді.

Бүгінде  «Қазпошта» акционерлік қоғамының сан салалы қызмет өтеу түрі күн сайын кемелденіп келеді. Жақынғы жылдардан бері «Қазпошта» акционерлік қоғамы өз тұтынушыларына басқа  банктермен селбестік негізіндегі тиімді несие беруді қолға алған. Осы қызмет түріне  тыңнан серпін беру үшін жақында аудандық пошта торабында «Банк Хоум Кредит» банкінен  несие алғандарға ұтыс ойынын ұйымдастырды. Ұтыс ойынына қатысқандардың арасынан Қазақстан ауылдық округінің тұрғыны Алтын Тұңғышбаеваның айы оңынан туып, теледидар олжалады. Кеудесін қуаныш кернеген зейнеткер әжей қиырдағы елді мекендерге де қызмет етіп келе жатқан пошта торабына  алғыс  айтып, ағынан жарылды. Шара барысында ұтыс ойынына қатысқандарға  түрлі сыйықтар  тарту етілді. Бұл ретте,  аудандық пошта торабының басшысы Диас Қосыбаев: «Біз қызметімізге жүгінген тұтынушыларымызды ынталандыру үшін алғаш осы ұтыс ойынын жасадық. Алда әр ай сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.  Әр жолы ұтысқа қатысқандар түрлі тұрмыстық техникаларды тегін алу мүмкіндігіне ие болады»,  – дейді.

 Ерзат  АСЫЛ.

Оқылды 1001 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет